Этнолингвистика – «этностаным» мен «тілтаным» ғылымдарының тоғысуы нәтижесіндегі тіл білімінің жаңа саласы



бет2/3
Дата05.02.2023
өлшемі31,41 Kb.
#65231
1   2   3
Байланысты:
Этнолингвистика

Баламалар – негізгі атауларды бейнелі түрде суреттеп беруден туындаған бірліктерді айтамыз. Қара алтын – көмір, сары алтын – бидай, теледидар – көгілдір экран. Жасанды баламалар – əдет ғұрыпқа байланысты эфемистік баламалар – тура атамаудан қалыптасады. Мысалы, қасқыр – ит құлақ.
Тұрақты теңеулер – танымдық мақсатта туған, тұрақталған тіркестер, көбінесе адам іс-əрекетін, сын-сымбатын тағы басқа қасиеттерін сипаттайды. Мысалы, иттің құртындай.
Фразеологизмдер – шошқа тағалау, түйе үстінен сирақ үйту. Мақал-мəтелдер – кез келген мақал халық өмірінен алынған. Əке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
Жұмбақтар – ұлт танымына байланысты. Əр бір жұмбақтың астарында этностық таным ретінде ғана айқындап түсіндіруге болатын шешімдер жатады. Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау.
Ауыз əдебиет үлгілері – тіл əлемінде ең бір ауқымды да информациялық байлыққа жатады. Құрамы: 1. Авторы белгілі ақыл-нақыл сөздер, 2. салт-дəстүрге қатысты деректер. 3. той-томалаққа байланысты ресми салтанат үлгілері. 4. Көріпкел, сəуегейлікке қатысты əңгімелер, 5. Əзіл-ысқақ, тұрмыстық жеңіл жанр үлгілері жатады. Міне, жоғарыда аталғандардың барлығы да халықтың рухани, мəдени өмірінен деректер беретін этнолингвизмдер қатарына жатады.
Қазақ тіл ғылымында қазақ этносын оның тілі арқылы зерттеп, танып, білу 15-20 жыл бұрын қарастырыла бастады. Бүгінгі таңда қазақ этнолингвистикасы өзіндік бағыт-бағдары айқындалған, зерттеу әдіс-тәсілдері қалыптасқан ғылымның жаңа саласы. Оған байланысты келесідей тұжырымдарды жасалады.
Біріншіден, этнолингвистиканың этностың болмысын анықтап, танып, білудегі негізгі факторы – тіл. Тіл әлемі арқылы ұлттық бейнесін зерттей алады.
Екіншіден, этнолингвистикалық зерттеулердің ерекшелігі сол, сөздіктерде кездесе бермейтін оралымдың әдемі, байырғы сөз тіркестері мен айтуға дөрекі «ұятты» сөздердің де қарастырылуы.
Үшіншіден, лингвистикалық байлықтың мазмұнын этнос танымы тұрғысынан ашу. Этносқа байланысты деректерді бейнелі түрде жеткізу.
Төртіншіден – жүйелілік. Оны этнолингвистикаға қатысты тілдік бірліктерді зерттеуде бірізділікпен қолдану әдіс-тәсілдерінің бірі де бірегейі ретінде санаған жөн. Тіл əлемін этнолингвистикалық тұрғыдан жүйелі, сатылы принцип бойынша қарастыру тиімді. Этнолингвистикалық деректердің мағынасын жинау барысында індеттеу əдісін қолдану басшылыққа алынады. Мəселен, қазақ тілі дене мүшелері мен ішкі ағзаға байланысты 500 аса атау бар. Бір ғана көзге байланысты атау 100-ден асады: ботагөз, қарақат көз, құралай көз, сиыр көз, тана көз, жапалақ көз, жылан көз, қара көз, көк көз, қызыл көз, айран көз, бітік көз, былшық көз, бит көз, жұмық көз, ақ көз, аңқиған көз, жəудір көз, мөлдір көз, тостаған көз, құмай көз, отты көз т.б.
Тіл – мəдениеттің бір көрінісі. Ол екеуінің арақатынасы ерекше де маңызды. Бұлай дегенде біз кез-келген мəдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп көрінетіні, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетінін тіл арқылы ұжым мүшелерінің санасында қалыптасқан ортақ психикалық заңдылықтардың көрінуін түсінеміз. Ол ұлттың пайда болуымен байланысты тілдік, кəсіптік-шаруашылық, территориялық тұтастықтар секілді психикалық тұтастықтардың қалыптасуымен байланысты. Дегенмен, ұлттың тарихын философиялық тұрғыдан зерттеген ғалымдар халықтардың жеке ұлттық ерекшелігін жоғары бағалай отырып, кез-келген ұлттың мəдениеті жалпы адамзаттық мəдениеттің ерекше бір түрі, бөлігі деп қарайды жəне соның көрінісін сипаттайтын тілдің ерекшелігі ретінде сөздің ішкі формасына басты мəн береді. Осыған байланысты ғалым Ж. Манкеева: Сөз заттың тура таңбасы емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық процесс нəтижесінде туған бейнесі. Яғни, тіл кез-келген жеке заттарды бейнелегенде, сол тілде сөйлеушіге оны қоршаған дүниенің есігін ашады, суретін салады. Мұның мəдениетке қатысты ұлттық атауларға да тікелей қатысы бар» [4, 96], – дейді.
Əр халықтың тіліне тəн этнолингвистикалық бірліктер сол халықтың өмірінің жиынтығын, ұзақ уақыт бойында қалыптасқан оның дүниетанымын, əдет-ғұрпын, арманын, мүддесін, рухани өмірін көрсетеді.
Белгілі бір ұлттың, этностың тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымын, әдет-ғұрпын оның тілінде сақталған лексикалық, фразеологиялық, мақал-мәтелдік және т.б. бірліктердің мазмұнын ашу арқылы түсіндіру тіл білімінің этнолингвистика саласына жататындығы айтылды. Бұл орайда қазақ этнолингвистикасын әдеби шығармалардағы көптеген атауларды зерделеуге белгілі тілші-ғалым Ербол Жанпейісовтің еңбегі мен қосқан үлесі мол. Ол кісі дүниеден өткенімен, соңында қалдырған зерттеу мұрасы жуырда «Қазақ ескіліктері» деген тақырыппен жеке кітап болып жарық көрді. Яғни тіл білімінің этнолингвистика саласы тағы бір ғылыми туындымен толықты.
Американдық ғылыми дәстүрде «антропология» терминінің қолданылуын Ресейде және көптеген Еуропа елдеріндегі қолданыспен шатастырмау керек, мұнда антропология негізінен «физикалық антропология» - адамның шығу тегі мен эволюциясы туралы ғылым ретінде түсіндіріледі, суреттеу және өлшеу әдістерін қолдана отырып, адамның физикалық құрылымындағы өзгерістерді зерттеу. Америкалық дәстүр бойынша «мәдени антропология» айналысатын мәселелердің көпшілігі орыс және ішінара еуропалық дәстүрлер «этнографияға» қатысты деп есептейді.
Ғалым «Қазақ ескіліктері» атты ғылыми еңбегінде тіліміздің заттық мәдениет лексикасын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттей отырып, түркі тілдерінің материалдары арқылы идиоэтникалық бірліктердің құрылымдық-семантикалық табиғаты мен этимологиясын ашады.
Қазақ халқының тарихы оның жүріп өткен жолы арқылы танылады. Алайда «танылу» тек халықтың тіліндегі түрлі аталымдар, өмір сүру, тіршілік етудің мәдени формалары бейнеленген тілдік бірліктердің мазмұнында сақталған. Осы орайда қазақтың заттық лексикасының қолдану аясын, шығу төркінін тіл иелменіне этнографиялық еңбектер мен көркем шығармалар арқылы дәйектей отырып, мазмұндап жеткізу мақсатында жазылған Е.Жанпейісовтің бұл еңбегі қазақ этнолингвистикасының ғана емес, қазіргі түркологияның да жетістігі болып табылады.
Ғалымның сөз болып отырған зерттеу еңбегінің мынадай ерекше тұжырымдарын атап өтуге болады:
– туыстас түркі халықтарының идиоэтникалық бірліктерін бірге алып зерттеу үлгісін «түркі этнолингвистикасы» деп атауға болады. Автордың «зерттеуімізде қазақ ескіліктері деп отырғанымыздың өзі көп жағдайда осы күнгі туыс түркі тілдерінің де, сондай-ақ бұлардың бәрінің де ертеде жеке-жеке отау болып бөлініп шыққан қара шаңырағы – «ескі түрік бірлігі заманындағы» көне түркі тілінің де материалымен барып астасады» деген пікірі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси, мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды» деген ойымен үндеседі.
– тілдік деректерді диахрондық талдаумен қатар, синхрондық жолмен талдау әдісі де этнолингвистика саласына тән сипат. Профессор Е.Жанпейісов 1994 жылы «Ана тілі» газетіне (№ 3, 20 қаңтар, 7-б.) «Этнолингвистика» тақырыбымен жариялаған ғылыми мақаласында «этнолингвистика өзінің бітім-болмысы, табиғаты жөнінен жалпы тарихи категория болып табылады. Себебі ол этностың қазіргісін емес, көбіне-көп өткенін зерттейді. Ал этностың өткені оның этномәдени лексикасынан айқынырақ көрінеді» деп пікір келтірген болатын. Автор тіл ғылымының этнолингвистика мен әлеуметтік лингвистика салаларын қызметі мен қолданыс аясы тұрғысынан жан-жақты талдап, уақыт арақатынасы жағынан оппозициялық қосарлар қатарында алып қарауға болатынын айтады. Бұл дербес екі сала диахрондық тұрғыда «негізінен тарихи мәнді, тарихтық сипаттағы тіл деректерін» қарастырумен қатар, «таза бүгінгі күннің жалпы қолданыстағы тілдік материалдарын» да зерттейтінін айта келе, осы синхрондық жолмен талдау әдісі этнолингвистика саласына тән сипат екенін айрықша білдірген.
– қазақ тіл ғылымының этнолингвистика ­саласы өзінің бастау тінін Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен алады. Зерттеуші тіл мен этностың арасындағы өзара байланысына алғаш көңіл бөлген тұңғыш түрколог ғалым Махмұд Қашқари екенін айта келе, тіл ғылымындағы дербес бағыт саналатын этнолингвистиканың негізін қалаушы Вильгельм фон Гумбольдттың ғылыми теориялық тұжырымдарына мазмұндас пікірді қазақ тіл білімінің көсемі Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен де көруге болатынын жан-жақты дәлелдейді. Ғалым этнолингвистиканың негізгі нысаны болып табылатын орыс тіліндегі ­материальная культура, духовная культура ұғым-терминдерін Ахмет Байтұрсынұлы қазақы менталитетке лайықтап тірнек өнер, көрнек өнер деп атағанын, ХХ ғасырдың аяқ шенінде орыстардың (алғаш рет С.Арутюновтың) этнолингвистикалық зерттеулерінде жиі кездесетін культура жизнеобеспечения, предметы жизнеобеспечения дейтін ұғымдық категорияларды А.Байтұрсынұлы күн көру керек-жарақтары, жан сақтау (жан қоштау) керегінен шыққан нәрселер ретінде қазақ тілінде ХХ ғасырдың басында-ақ сәтті терминденгенін айрықша атап өтеді.
– Қазақтың ескіліктерін негізгі үш бөлікке бөледі. Олар: заттық мәдениет лексикасы, рухани мәдениет лексикасы, мифологиялық лексика. Қазақ этнолингвистикасының теориялық негізін салған академик Әбдуәли Қайдар қазақтың тіл әлемін «Адам. Қоғам. Табиғат» деп үш фактордың аясында зерттеген (Қазақтар: ана тілі әлемінде. Үш томдық этнолингвистикалық сөздік: І Адам. ІІ Қоғам. ІІІ Табиғат. Академик ғалымның шәкірттері де осы топтастырудың негізінде жан-жақты зерттеу жүргізіп, Әбдуәли Қайдардың этнолингвистикалық мектебін қалыптастырды. Ал Ербол Жанпейісовтің қазақ этнолингвистикасын зерттеп-зерделеуі өзіндік ғылыми ұстанымымен ерекшеленеді. Ғалым мәдениет феноменін екі топқа бөліп, олардың объектісін былайша жүйелейді: «киім-кешек үлгілері, үй мүліктері, баспана түрлері, төрт түлікке қатысты бұйымдар, азық-түлік өнімдері заттық мәдениетті, яғни тірнек өнерді, ал бұдан кейінгі әдет-ғұрыптық ишара көріністер мен символдық түрлі рәсімдік актілер тобы рухани мәдениетті, яғни көрнек өнерді құрайды». Сонымен қатар бұларды заттық-рухани мәдениет (тірнек-көрнек өнер) дихотомиясыдеп атап, соңғы дәуірге жатқызады. Себебі біртұтас семиотикалық жүйе болып табылатын архаикалық мәдениет бұлай мүшеленбейді деп тұжырымдайды.
– көркем шығарманың тілі арқылы халықтың ұғым-түсінігі, дәстүрлі-тұрмыстық мәдениеті анықталады. Е.Жанпейісовтің тұжырымы бойынша, «этностың таза өзіндік ерекшеліктерін, әсіресе өткен алыс заманғы дәстүрлі-тұрмыстық мәдениетін айқындауда таптырмайтын маңызды дереккөзі қызметін, сондай-ақ кәсіби көркем шығармалар да атқара алады. Мұндай шығармалардың өзі кейде этностың ажырағысыз бір компонентіне айналып кетеді». Ғалым бұдан бұрынғы ғылыми еңбектерінде идиоэтникалық лексикалардың этнолингвистикалық сипатын М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі арқылы ашуға тырысқан. «Қазақ ескіліктері» еңбегінде де ғалым заттық мәдениет лексикаларын талдау барысында М.Әуезовтің шығармаларымен қатар, ескі жыр-дастандарды, Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев және т.б. ақын-жазушылардың шығармаларын маңызды дереккөз ретінде келтіреді.
– заттық мәдениет лексикасының идиоэтникалық ерекшеліктері этнолингвистикалық тұрғыда зерттелді. Профессор көп жыл бойы жалпы­ түркілік контексте жүргізілген қазақ ескіліктері жөніндегі зерттеуін заттық мәдениет лексикасы, рухани мәдениет лексикасы және мифологиялық лексика деп аталатын негізгі үш бөлікте қарастыруды жоспарлағанымен, бұл ғылыми кітабын заттық мәдениет лексикасын зерттеуге арнаған. Сонымен,­ сөз болып отырған еңбекте сөздік қорымызда сақталып, бүгінгі күнге жеткен сәукеле, көйлек, тон (қамқа тон, берен тон, себіл тон, қаракес тон, кіреуке тон), шапан, шекпен, ішік, сақсыр, сақпан, самалық, белбеу, жүзік, селебе, киіз үй, лау идиоэтникалық лексикалары және оларға қатысты этномәдени тілдік мәтіндер тарихи-салыстырмалы, этимологиялық талдау әдістерімен зерттелді.
Профессор Ербол Жанпейісовтің «Қазақ ескіліктері» атты ғылыми еңбегінің басты құндылығы ретінде этнолингвистика саласының теориясы және этнолингвистикалық талдаулары тың жаңалықтармен, маңызды этномәдени мәліметтермен толықты.
Қазақ ырым-жоралғыларын барлық қырынан алғанда, ұлттық менталитеттің айрықша көрінісі байқалып тұрады. Олардың этнолингвистикалық сипаты бітім болмысы жағынан өзгеше, терең талдауды қажет ететін құбылыс. Көптеген этнограф-ғалымдар қазақтың ырым-жоралғылары туралы сөз ете отырып, халық дүниетанымының тұңғиық әрі мықты болғандығын мойындайды. Қазаө халқы көшпелі тұрмыс кешсе де, дін, әдет-ғұрыпты ретімен ұстап, келер ұрпаққа үйретіп, атадан балаға жалғастырып отырған.
Күнделікті тұрмыста, салт-дәстүрде берік орын алған бірсыпыра зат, бұйымдар атқаратын қызметіне, белгілі бір наным-сенімге т.б. байланысты болып, фразеологизмдердің этномәдени уәжділігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет