Этнос” деген түсінікті (яғни халық, тайпа, ұлт т б.) тарихи қалыптасқан, адамдардың тұрақты тобы



бет4/6
Дата30.09.2023
өлшемі37,8 Kb.
#112029
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ халқының этникалық тарихи кезеңдері

Қазақ этнонимінің шығуы.
Қазақ түрік сөзі. Оның бастапқы түрі екі к дыбысы. Левшиннің қазақтар туралы (1832) белгілі кітабы шыққан уақыттан бері кейбір ғалымдардың еңбектерінде Фирдаусидің “Шах-наме” Рустам тарауында қазақ халқы мен қазақ хандары туралы айтылады мыс деген пайымдаулар тарады. Алайда бұл шындыққа негізделмеген. Данышпан Фирдаусидің өлмес шығармасының мазмұны ориенталистерге жеткілікті мәлім, онда қазақ сөзі туралы еш нәрсе жоқ.
Қазақ сөзі жөніндегі ерте естеліктерді мұсылман жазба ескерткіштерінде ол мүмкін Мысырда құрастырылып, 1245 қолжазба бойынша белгілі және 1894 ж. Лейденде басып шығарылған, осы анонимдік түрік-араб сөздігінде кездестіреміз, оның мәні “үйсіз”, “панасыз”, “кезбе”, “қуылған” дегенді білдіреді.
Тарихи әдебиетте қазақ сөзінің шығу туралы әртүрлі түсіндірмелері бар. Олардың бірін түрік етістігі “қаз”, “қазу” деген сөздермен байланыстырады. Ал енді бірі бұл сөзді “қаз”, қазу және “ақ” деген сөздердің этнимологиясынан құрайды. Енді бір зерттеулер қазақ деген сөзді манғолдың көсек-терген деген арбаның түрін білдіретін сөзден шығарады.
Қазақ сөзінің пайда болуы қандай болмасын оның бастапқы мағынасы “еркін” “үйсіз”, “кезбе”, “қашқын” деген болымсыз мәні болған сөзбен байланысты.
Сонымен не саяси мәні, не этникалық мазмұны жоқ “қазақ” сөзі өз халқынан не руынан немесе өз иесінен бөлініп шыққан және көп жағдайды бастан кешіруге мәжбүр, еркін адам дегенді білдірген. Орыс тіліндегі “казак” деген сөзі де осыдан шыққан. Русьте “казактар” деп белгілі бір қызметі және тұрақты тұрғын жері жоқ адамдарды, еркін адамдарды, сондай-ақ еркін жалданушы батрактарды айтқан. “Казак” сөзі XIV ғ. аяғ. Русьтің солтүстігінде тіркелген болса да, алайда орыс казактарының бастапқы отанын тарихшылар қыпшақ даласымен араласып жатқан, осы еркіндікке әскери қоғамдық сипат беретін Русьтің оңтүстік жағын айтады.
Басқаша айтсақ, “қазақ” терминінің бастапқы мәні — әлеуметтік бұл жағдай жәй- күйі бір тұлғаның мәртебесі. Сонымен өзінің қылышыменен өзін асырап жүріп, әр жерде кезіп жүрген. Ол “қазақ”. Алыс жолға жалғыз қиындыққа қарсы жүретін адам. Ол – қазақ.. Бабырдың айтуынша “жаудың үйір жылқысын ерлікпен әкетуші жігіт. Ол да – қазақ.. Белгілі бір уақыт қазақтың өмір салтын ұстаушы адамдар – ол мейлі қажеттілік немесе өз еркімен болса да. Ондай адамдар аз болған жоқ.. Бұған сол кездегі күнделікті тіршілік жағдайы себеп болады. Былайша айтқанда, “Тарихи Рашидидің” авторы Бабырдың айтуынша, сол уақыттың түсінігі бойынша әрбір ер адам өзінің жастық кезін бір қатар уақытта жалғыздықта, шөлейтте, тауда, немесе тоғайда, өзінің тұрғылықты жерден бір немесе екі айлық ара қашықтықта құстың етін жеп, аңның терісін киіп өткізуі мақтаныш болып есептелетін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет