Етуімен қатар, тұлғаның да дамуына әсер етеді



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата14.10.2023
өлшемі353,18 Kb.
#114570
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
500-1-980-1-10-20181020



© 2018 Al-Farabi Kazakh National University 
ҒТАМР 14.07.03+02.41.51+15.41.21
Паридинова Б.
философия магистрі, Қорқыт Ата атындағы 
Қызылорда мемлекеттік университетінің PhD докторанты, 
Қазақстан, Қызылорда қ., e-mail:filosof.sokrat.86@mail.ru
Тұлға философиялық, педагогикалық
және әлеумеТТік-психологиялық Түсінік реТінде
Әлемдік дамудағы жаһандану үдерістері халықаралық интеграцияның кеңеюіне ықпал 
етуімен қатар, тұлғаның да дамуына әсер етеді. Сондықтан адамның тұлғалық дамуы 
мәселесі елдің экономикалық және әлеуметтік даму шарттарын қалыптастыратын маңызды 
факторға айналды. Тұлға теориясы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар шеңберінде 
ерекше дамуда. Адамзат қоғамының дамуының басында тұлға теориясы философиялық 
ғылымдарда талданды. Берілген мақалада тұлға қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың 
нысаны ретінде айқындалады. Мақаланың пәні ретінде тұлға теориясына байланысты кейбір 
қызықты идеялардың философиялық, педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық 
түсініктері саналады. Зерттеудің мақсаты – тұлға теориясы эволюциясының негізін қалайтын 
қағидаларын сәйкестендіру. Философия, педагогика және психологияның маңызды өкілдерінің 
көзқарастары мен қызықты идеялары қарастырылған. Алынған нәтижелер жоғары мектеп 
қызметінде тұлғалық-бағдарлы оқыту барысындағы мұғалімдер мен студенттердің мәдениетін 
қалыптастыруда қолдануға болады. Зерттеудің әдістемелік негізін тұлғаны философиялық, 
педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық түсінік ретінде зерттеудің жалпы заңдылықтары, 
қағидалар, тәсілдер мен әдістер жүйелері құрайды. Соның ішінде, танымның диалектикалық 
әдісі тұлға түсінігін түрлі деңгейде қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттеу 
нәтижелері философия, педагогика және психология әдіснамалары арқылы алынды. Зерттеуде 
тұлға ұғымының философия, педагогика және психологиядағы түсініктік аппараты айқындалды 
және жүйеленді. Ол үшін шетелдік авторлардың тұлға теориясы тұжырымдамалары талданды. 
Руханият, мораль, тұлғаның әлеуметтенуі мәселелері қарастырылды. Тұлғалық-бағдарлы оқыту 
шарттарындағы мұғалім тұлғасы мәселесіне ерекше мән берілді. Сондықтан берілген зерттеу 
жұмысының нәтижелері студенттер арасындағы оқу процесі мен тәрбие жұмыстарында 
пайдалану өз жемісін береді. Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы мынада: тұлға теориясы 
түсінігі құрылымданды және жүйеленді, философиялық, педагогикалық және әлеуметтік-
психологиялық тұжырымдарға ерекше назар аударылды.
Түйін сөздер:
тұлға, түсінік, мұғалім, тұлғалық-бағдарлы оқыту, гуманистік психология.
Paridinova B. 
PhD student, Korkyt Ata Kyzylorda State University,
Kazakhstan, Kyzylorda, e-mail:filosof.sokrat.86@mail.ru


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет