ISSN 2520-2634 Journal of Educational Sciences. №2 (55). 2018
7
Паридинова Б.
бұл әлсіз ақыл-ой мен физикалық нәтижелердің
жалпы тәжірибесі мен сенімді нәтижесі. Діни
және рухани күрестегі тұлға мен өзін-өзі
бағалаудың рөлі қарастырылған зерттеуде тұлға
көріністерінің (өзін-өзі төмен бағалау, жоғары
нейротизм және т.б.) белгілері салыстырыла
-
ды. Нәтижесінде тұлға мен өзін-өзі бағалау діни
және рухани тұрғыдағы күресте
маңызды рөл
атқару ықтималдығы талданады (Граббс және
т.б., 2016) [7]. Жеке, әлеуметтік және когнитивті
парадигмаларды біріктіре отырып зерттел
-
ген еңбекте тұлғалық сапалық белгілердің
когнитивті процестермен байланысты айқын-
далады. Нәтижелерде айқындалғандай, тұлға
ойластырылған
ұсыныстар
жиынтығынан
кейін өзіне-өзі қатыстылығы мәселесі туын
-
дайды (Хоувэлл және Зеленски, 2017) [8]. 2017
жылы жарық көрген «Individual Differences and
Personaliry» ғылыми еңбегінің төртінші бөлімі
(Эштон, 2017) [9] тұлғаның дамуына арнала
-
ды. Автор өз еңбегінде тұлғаның әрбір өмір
сатыларындағы өзгерістерді қарастырады. Со
-
нымен бірге, балалар тұлғасына байланысты
өлшемдер
талданып, ұзақ мерзім көлемінде
тұрақтылық сақталатын жас шамаларын
айқындайды. Психология мен этика арасындағы
алшақтық тұлғалық бұзылуды оңтайландырған
зерттеуге әкелді. Біріктірілген көзқарас тұлғалық
бұзылуды зерттеуді байытуы және кеңейтуі
мүмкін. Тұлғалық бұзылуды психоэтникалық
көзқараспен қарастырған мақалада ерік білдіру
өлшемдерінің моральдық шешімдер арқылы
психологиялық қабілеттерді әлсірету ахуа
-
лы сарапталып, үдемелі ауытқушылықтарға
әкелу салдары анықталады (Эльварез-Сегу
-
ра және т.б., 2017) [10].
Тұлға теориясының
қорытындылары оқу процесіндегі білім беру
психологиясы шеңберінде мұғалімнің тұлғалық
рөлін айқындайды. Бұл үшін зерттеу жұмысында
психология және оның шектес салаларының
келесі бес тобы сыни тұрғыдан сарапталады:
мұғалім типологиясын зерттеу, мұғалімдердің
қажетті және қажетсіз ерекшеліктерін айқындау,
мұғалімдердің кәсіби мінез-құлқы және оның
студенттерге ықпалын анықтау, мұғалімдердің
кәсіби бірегейлігін зерттеу және тұлға теориясы
төңірегіндегі мұғалім тұлғасын зерделеу (Гонкз,
2017) [11]. Тұлға қозғалысы психологиясын
сараптауға арналған ғылыми еңбек заманауи
тенденцияларға сүйенген нәтижелер береді. ХІХ
және ХХ ғасырлардың зерттеушілері дәйектеген
ғылыми мәселелерді шешу арқылы қазіргі ғылым
тұлға құрылымы мен қозғалысын толық түсіне
алады. Зерттеу барысында тақырыпқа байла
-
нысты теориялық
және әдістемелік мәселелер
қарастырылған (Кэрвон және Литтл, 2017) [12].
Сонымен қатар, мұғалім тұлғасы түсінігін
зерттеу бойынша әлеуметтік оқыту теориялары
(Бандура, 1999) [13] мен даму теорияларының
танымдық белгілерін (Лутз және Хайтт, 2004)
[14], тұлғалық және педагогикалық өзара
әрекеттердің
академиялық
жетістіктердің
анықтаушысын (Кардосо және т.б., 2011) [15]
дәйектеген еңбектер де кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: