Еуразия дүниежүзіндегі ең ірі материк. Еуразияны екі дүние бөлігі Еуропа мен Азия құрайды



Pdf көрінісі
Дата08.06.2023
өлшемі1,19 Mb.
#99784
Байланысты:
euraziya 1199



Еуразия
Еуразия – дүниежүзіндегі ең ірі материк. Еуразияны екі дүние бөлігі Еуропа мен Азия құрайды.
Еуропа мен Азия арасындағы шартты түрдегі шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жайық
өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы, Азов, Қара теңіздері арқылы өтеді.
Материктің аты көкжиек тұстарының бағытына байланысты шыққан.
Ежелгі финикиялықтардың "эреб" – батыс, "асу" – шығыс деген атауларынан Еуропа, Азия
сөздері шыққан. Еуразия материгінің ауданы аралдарымен қоса есептегенде 54 млн шаршы
шақырымды құрайды, ол бүкіл құрлықтың 1/3 бөлігін алып жатыр.
Дүниежүзіндегі ең биік тау шыңы – Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы, оның биіктігі
8848 метр. Джомолунгма шыңы Непал мемлекетінің аумағында орналасқан. Джомолунгма
непал тілінен аударғанда "таудың ана құдайы" деген мағына береді. Джомолунгма шыңы
Гималай тауында орналасқан. Гималайда биіктігі 8000 метрден асатын 11 шың бар. Гималай
сөзі непал тілінен аударғанда «қар мекені» деген мағына береді Бұл шыңды бірінші рет адам
баласы 1953 жылы, ал қазақстандық Қ.Уәлиев басқарған Қазақстан альпинистері 1982 жылы
бағындырған.
Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер Арабия түбегінің солтүстік
батысындағы Өлі теңіз орналасқан Гхор ойысы, оның деңгейі – 403 м.
Еуразияда орналасқан Шығыс Сібірдегі Оймякон елдімекенінде -71° C температура тіркелген.
Сондықтан оны солтүстік жарты шардың суық полюсі деп атайды. Жер шарындағы жауын-
шашынның ең көп түсетін ауданы Гималай тауының оңтүстік шығыс беткейіндегі Черапунджи
елді мекені, мұнда жылына 12000 мм жауын-шашын түседі.
Еуразияның ішкі аудандары туралы мәліметтер ұзақ уақыт бойы зерттеушілер үшін жұмбақ
болып келді. Биік таулармен қоршалып, ұшы қиырсыз шөлдермен көмкерілген Орталық Азия
жеріне саяхат жасау ғалымдардың арманы болды. Орталық Азияның табиғатын зерттеу
мақсатында XIX ғасырда экспедициялар құрыла бастады. Орталық Азияның ішкі аудандарын
зерттеуде орыс саяхатшылары Н.М. Пржевальский, П.П. Семеновтың, қазақтан шыққан
тұңғыш географы Ш.Уәлихановтың үлесі зор. Н. Пржевальский өмірінің он бес жылын Орталық
Азияны зерттеуге арнаған. Осы аймаққа жасаған төрт саяхаты нәтижесінде Тибет, Гоби
шөліндегі бірнеше жоталарды анықтап, Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің бастауын тапқан.
Өсімдіктер мен жануарлардың белгісіз жаңа түрлерін жабайы жылқы мен жабайы түйені
анықтаған.
Алғашқы адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізі маңынан басталған. Осы
жерде тұңғыш рет географиялық түсініктер қалыптасып, географиялық ұғымдар
жинақталған.
Еуразияның жер бедері алуан түрлі. Еуразияның теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840 м, оның
ауданының жартысынан астамын таулар құрайды. Памир тауында Еуразиядағы ең ірі
Федченко мұздығы орналасқан. Мұздықтың ұзындығы 77 шақырым. Тау басындағы
мұздықтардан ірі өзендер бастау алады.
Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау Ключи Шоқысы, оның биіктігі 4750 м. Камчатка
түбегінде орналасқан. Камчаткада әйгілі Гейзерлер аңғары орналасқан. Адамдар Камчатка
мен Исландиядағы гейзер суын үйлерді жылытуға пайдаланады.
Солтүстік Еуропа елдеріне Скандинавия түбегінде орналасқан Норвегия, Финляндия, Швеция,
Ютландия түбегінде орналасқан Дания және аралдық ел Исландия кіреді. Бұл елдердің
Атлант мұхиты жағалауында орналасқандықтан, табиғаты, халқының шаруашылығы, тұрмыс
тіршіліктері теңізбен тығыз байланысты.


Балтық теңізі бойында орналасқан Латвия, Литва, Эстонияны Балтық елдері деп атайды. Бұл
елдер бұрынғы КСРО құрамындағы одақтас республикалар болған. КСРО ыдырағаннан кейін
бұл елдер тәуелсіздіктерін жариялап, өздері жеке еуропалық жолмен даму үстінде. Оңтүстік
батыс Азия құрамына кіретін Түркия, Иран, Ирак, Ауғанстан, Сирия, Израиль,Ливан, Йордания,
Сауд Арабиясы т.б. елдерді "Таяу Шығыс" елдері деп атайды.
Шетел инвестициясы мен жоғары технологиялар, арзан жұмысшы есебінен экономикасы,
әсіресе өнеркәсібі қарқынмен дамыған Корея Республикасы, Сингапур, Гонконг, Тайланд т.б.
елдерді жаңа индустриялы елдер деп атайды.

Джомолунгма шыңы




Шығыс Еуропа жазығы

Гималай тауы


Янцзы өзені

Ключи шоқысы


Тайга зонасы


Тундра зонасы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет