Корея Республикасы



Дата30.04.2023
өлшемі1,53 Mb.
#88525
Байланысты:
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ

Жалпы мәлімет

  • Корея Республикасы (кор. 대한민국?, 大韓民國? Тэханмингук), бұрын Корей Республикасы деп аталған, ресми бекітілген қысқартылған атауы Корея (кор. 한국?, 韓國? Хангук немесе кор. 대한?, 大韓? Тэхан, таңғы балғындық елі) — Корей түбегінде орналасқан Шығыс Азиядағы мемлекет. Астанасы — Сеул. БАҚ өкілдерімен жиі қолданылатын, мемлекеттің бейресми атауы — Оңтүстік Корея.

Тарихы

  • Корея тарихы б.з.д. 2333 жылы Чосон мемлекетінің (әдетте XIV ғасырда билік құрған Чосон әулетінен айыру мақсатында Кочосон деп атау қабылданған, Ко- префиксі «ежелгі», «ерте», «алдыңғы» деген мағынаны білдіреді) құрылуынан бастау алады. Корей аңыздарына сəйкес Кочосон мемлекетінің негізін Тангун қалаған.[6][7][8] Аңыз бойынша Маньчжурияның Ляолин аймағы мен Корей түбегінің солтүстік-батыс өңірінде көптеген тайпалар пайда болды. Тангун осындай тайпалардың бірінің басшысы болған және корей ұлтының негізін қалаған. Тангун көптеген кіші тайпаларды біріктіріп, Кочосон мемлекетінің негізін қалаған болатын. Кочосон елін б. з. д. 108 жылы қытайдың әйгілі Хань мемлекеті басып алып, елде 4 әкімшілік округ құрады.

Географиясы

  • Корея Республикасы – Корей түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жер аумағы — 100 210 км² құрайды, әлем бойынша 109–орында. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының жер аумағы бойына ең кішкентай Солтүстік Қазақстан облысымен шамалас.
  • Түбек батысында – Сары теңізбен, шығысында – Жапон теңізімен, ал солтүстігі – Корей бұғазы мен Шығыс Қытай теңізімен шайылып жатыр.
  • Жер бедері негізінен таулы, жазық далалар территорияның тек 30% алып жатыр.
  • Корей түбегінің жағалауында шамамен 3000-нан астам адам мекендемейтін ұсақ аралдар орналасқан. Ең ірі арал — Чеджудо болып табылады.

Мемлекеттік басқару жүйесі

  • Корея Республикасының тұңғыш Конституциясы 1948 жылдың 17 шілдесінде қабылданған. Осы күнге дейін көптеген саяси дүрбелеңдер мен төңкерістер салдарынан Конституцияға тоғыз рет өзгерту енгізілген. Ең соңғы өзгерту 1987 жылы 29 қазан күні жасалды
  • Конституция Преамбуладан, 130 бап пен 6 толықтырудан тұрады. Құрылымы 10 тарауға бөлінг:
  • I тарау: Жалпы бөлім;
  • II тарау: Азаматтардың құқықтары мен міндеттері;
  • III тарау: Ұлттық жиналыс;
  • IV тарау: Атқарушы билік;
  • V тарау: Соттар;
  • VI тарау: Конституциялық сот;
  • VII тарау: Сайлау жүйесі;
  • VIII тарау: Жергілікті өзін-өзі басқару;
  • XIXтарау: Экономика;
  • X тарау: Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер;
  • Қосымшалар.

Әкімшілік бөлінісі

  • Оңтүстік Корея 9 провинцияға (то), 6 провинцияға теңестірілетін қала-метрополияға (1995 жылға дейін тікелей орталыққа бағынатын қала (кваңёкси) деп аталынған), және 1 ерекше статусқа ие қалаға (тхыкпёльси) бөлінген. Олар өз кезегінде бір қатар кіші бірліктерге бөлінеді: қала (си), уезд (кун), қалалық муниципалды аймақ (ку), кент (ып), болыс (мён), аудан (тон) және ауыл (ри).

ХАЛҚЫ

  • Корея Республикасының түпкілікті, əрі негізгі халқы – корейлер. XIX ғасырдың аяғыннан бастап бұл жерде он мынан астам қытайлықтар да қоныстанған. 2006 жылғы сарап бойынша Кореядағы қытайлар саны 20 700 адамды құрады. Олардың басым бөлігі Тайвань азаматтары[9]. Соңғы жылдары Кореяда шет ел азаматтарының саны артуда. 2012 жылғы мəліметтерге[10] сəйкес Кореяда 1,4 млн шет ел азаматтары тұрып жатыр. Олардың 293 мыңы елде қысқа мерзімді виза арқылы, 944 мыңы ұзақ мезімді виза арқылы, ал 188 мыңы тұрғылықты мекен-жайымен тұрып жатыр. Шетелдіктердің жартысынан көбі – Қытай Халық Республикасының азаматтары, оның ішінде үштен бірі – этникалық кəрістер.

Діні

  • Оңтүстік Кореяның негізгі діндері — дәстүрлі буддизм және жақында ғана елге енген христиан діні.
  • Оңтүстік Корея үкіметінің 2003 жылы жиналған статистикалық мәліметтеріне сәйкес халықтың 46% ешбір дінді ұстанбайды. Христиандықтардың үлесі 29,3% құрайды (18,3% — протестанттар, 10,9% — католиктер), ал буддизм дінін ұстанушылардың үлесі — 22,8% құрап отыр.
  • Елдегі өзге дін өкілдерінің үлесі 2,5% құрайды. Олар негізінен даосизм, конфуциандық және христиандық сияқты діндердің кейбір элементтерінен құралған Вонбульгё, Чхондогё сиықты мектептердің шәкірттері.
  • Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда 150 мыңнан астам ислам дінінің өкілдері бар (0,1%), олардың ішінде 40 мыңы корейлер.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет