С.С. Шоқабаева
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті,
филол. ғыл. канд., доцент
Атаулардың
қалыптасуындағы
уәждеменің
қызметі
Аннотация
Мақалада атаулардың қалыптасуындағы
сөзжасамдық
уәждеменің
қызметі
қарастырылады.
Автор
ғалымдардың
еңбектеріндегі сөзжасамдық уәждеме түрлерінің
жіктеліміне талдау жасайды.
Түйін сөздер: атаулардың қалыптасуы,
сөзжасамдық уәждеме, түрлері.
Тіл білімінде атаулардың қалыптасуы
ұғыммен байланысты екені белгілі. Сонымен
қатар атаулардың, туынды сөздердің пайда
болуында уәжділік негізгі қызмет атқарады.
Туынды сөздер сөзжасамның қандай тәсілі
арқылы жасалса да оның негізінде уәжділік
теориясы жатады. Сөзжасам теориясының негізгі
ұғымдарының бірі – уәждеме, мотивация
мәселесі. Мотивация – кешенді, әмбебап
құбылыс, логикалық, философиялық категория.
Уәждеме
(мотивация)
алғашында
философиялық термин ретінде қолданылған.
Уәждеме атау мен зат арасындағы байланыс пен
бірліктен туындайды. Тілдегі уәждеме табиғаты
туралы алғаш сөз еткен неміс ғалымы Вильгельм
фон Гумбольдт еді. Тіл бір мезгілде әрі бейне, әрі
таңба, ал сөз жеке ұғымның таңбасы ғана бола
алады деген пікір айтқан.
Ал ғалым А.А. Потебня сөздің ішкі
формасын мағынамен байланысты қарастырған
[1, 98].
Сөздің уәжділігі мен уәжсіздігі туралы
ұғымды ғылымға енгізген – Ф.де Соссюр.
Ғалымның пікіріне сүйенсек, сөзді «таңба» деп
қарастырып, оның екі жағын, біріншісі – бейне
таңбалаушы, екіншісі – дыбыстық бейне
таңбалаушы,
яғни
сөздің
мәнін,
оның
дыбысталуынан
бөліп
қарауымызға
болмайтынын айтады.
Жаңа
атаулардың
пайда
болуына,
жасалуына негіз болатын себептерді анықтауға
көмек беретін заңдылық – уәждеме. Атауларға,
сонымен қатар туынды сөздерге, сөзжасамдық
уәждемеге орыс тіл білімінде қалам тартқан
ғалымдар М.М. Копыленко, Д.Н. Шмелев, И.С.
Улуханов, Е.А. Земская, О.И. Блинова, сонымен
қатар қазақ тіл білімінде Қ.Ш. Құсайынов, Б.
Қалиев, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, А. Салқынбай,
Б. Қасым, Ұ. Әділбаева, Ж. Әкімішева және тағы
басқа ғалымдарды атауымызға болады.
170
Уәждеме мәселесін зерттеген ғалым Б. Қасым мынадай анықтама береді: «Уәждеме
лексеманың қалыптасуында реалийлердің арасындағы байланысты, яғни, атауға қандай
белгінің, ерекшеліктің, қасиеттің негіз, өзек, себеп болғанын қамтамасыз етеді. Сонымен,
зат пен құбылысқа ат қоюда өмір шындығы, болмыс тіл деректеріне, атауға айналады...»
[2, 97].
Уәждеме сөздің ұғыммен байланысын айқындайды. Кез келген затқа атау беру үшін
ең алдымен ол туралы ұғым, түсінік болуы керек. Ал қандай да бір зат туралы ұғымды
оның бойындағы ерекше қасиеті, сипаты немесе белгісі айқындайды. Сонымен қатар зат,
құбылыстардың бірінші атауы бар да, соның негізінде семантикалық даму нәтижесінде
пайда болатын екіншілік атауы болады. Екіншілік атаулардың бір зат не құбылыстың
басқа затқа, құбылысқа белгілерінің ұқсастығы, жақындығы, қарама-қарсы мәнде болуы,
т.б. себеп болады. Мәселен, тіліміздегі аға сөзі жасы үлкен ер адамға қатысты айтылып,
біріншілік мағынасында туыстық атауды білдірсе, аға буын, аға ғылыми қызметкер деген
туынды сөздерде екіншілік аталымда жұмсалып, жолы, лауазымы үлкен мағынасында
қолданылып тұр.
Атаулардың уәжділік сипатын қазақ тілінде тұрақтылығы мен қалыптасу деңгейіне
қарай А.Салқынбай былай бөледі:
Уәжділік деңгейінің атау мағынасындағы сипатына сәйкес:
1. Тура;
2. Ауыспалы.
Сөздің уәжделу деңгейіне қарай:
1. Толық;
2. Жартылай.
Уәжділіктің анық немесе анық еместігіне қарай:
1. Абсолюттік;
2. Абсолюттік емес.
Уәждің сөздің құрылымына қарай:
1. Түбірдегі уәжділік;
2. Негіздегі уәжділік.
Осындағы тура уәжділік деп отырғанымыз – өмірдегі заттар мен құбылыстардың
айрықша мағынасында көрінуі. Ал, ауыспалы уәжділік деп отырғанымыз – заттар мен
құбылыстардың өзіндік белгісінің ойлаудың нәтижесінде пайда болып, ұқсау, мәндес
негізінде көрінуін айтамыз.
Атаудағы негізгі мағыналардың өз орнын сақтап қалуы толық уәжділікте болады. Ол
әрдайым туынды сөздермен байланысты болып, оны тудыратын тұлғаның уәжі есебінде
танылады. Ал, ішкі форма және мағына арасындағы ұқсастық пен бірдей белгінің,
сонымен қатар заттың қасиетінің таңбада жартылай көрінуі – жартылай уәжділік деп
аталады.
Жүйелі уәжділік болса, біз кез келген атауды уәжді деп қарастыратын болсақ, оның
жүйесін де анықтай аламыз. Атаудың таңбасы арқылы көрініп, мағыналық құрылым мен
заттық болмыс арасында байланыстың, мазмұнның болмауы немесе оның сақталмай
қалуы жүйесіз уәжділік болып есептеледі.
Бір кезеңдегі адамдардың дүниетанымымен, тілдік қабылдауымен тығыз байланыста
болып, әрдайым уақыт факторымен тығыз байланыста болатыны – абсолюттік уәжділік.
Онда атау өзінің түпкі мағынасын жоғалтпай, пайда болған жаңа мағынаны тура мағына
айқындайды. Ол тұрақты емес, бір кезеңдегі адамдар үшін сөздің мағынасы ескіріп қалуы
мүмкін. Ондай кезде абсолюттік уәжділік толық уәжділік немесе жартылай уәжділікке
ауысуы әбден мүмкін.
Атау өзінің түпкі мағынасынан айырылып, жаңадан туған мағына ауыспалы
мағынаға сүйеніп жасалатын болса, бұны абсолютті емес уәжділік дейміз. Ол да уақытпен
тығыз байланыста болып келеді. Адамның дүниетанымы өсіп жетілген сайын атау өзінің
171
негізгі мағынасын жоғалтып, заттар мен құбылыстардың қосымша белгілері арқасында
жаңа семалар дүниеге келеді [3, 104-112].
Ал, ғалым Ж.Манкеева атауды оның атау барысындағы мағынасымен
байланыстырып қарап, атаулардың фоносемантикалық негізін анықтаған болатын.
Сонымен қатар уәжділікті тілдік сипаты жағынан:
1. Дыбыстық уәж;
2. Морфологиялық уәж;
3. Семантикалық уәж деп бөлгенді дұрыс деп есептейді [4, 65].
Сөзжасамдық уәждеменің тағы бір бөлінісін Е.А.Земская еңбегінен көруімізге
болады. Ғалым уәждемені: негізгі, шеткері, тура, ауыспалы деп бөліп көрсетеді. Осындағы
негізгі уәждемені туындаған жаңа сөздің мағынасы сол туындаған сөз құрамына енеді.
Мысалы, үй және үйшік сөздерінен сөздің негізгі мағынасының туынды сөздің
мағынасының құрамына толық түрде енгенін байқауымызға болады. Ал шеткері
уәждемені жаңа сөзді тудырушы және тудыратын сөзге ортақ элементтің пайда болған
жаңа сөзге енуі міндетті емес деп түсіндіреді.Жаңа сөздің мағынасы тудырушы сөздің
тура мағынасынан пайда болатын – тура уәждеме болып табылады. Ал ауыспалы
уәждеменің өзін реалды ауыспалы және ассоциативті ауыспалы деп бөліп қарастырады.
Біріншісі, туынды сөз негізгі сөздің ауыс мағынасынан пайда болатын,мысалы
маймылдану, қораздану секілді сөздер, ал екіншісі, данышпан адамды ақылгөй адам
немесе жөнсіз ақыл айтуды – данышпансу секілді мысалдардан байқаймыз [5, 53].
Күрделі сөздердегі немесе сөзжасамның аналитикалық тәсілінің нәтижесі ретіндегі
туынды сөздердегі уәжділік мәселесі Б. Қасым еңбектерінде сөз етіледі. Уәждеме
теориясында ұғым→атау→таңба моделі күрделі аталымда үш түрлі дәрежеде көрінеді.
Тура уәжділік, жартылай уәжділік, жасырын уәжділік. 1. Тура уәжділік (аққайың, көлбақа,
көзәйнек, теміржол, баспасөз, беторамал, ата-ана, аға-іні, ақыл-ой, азу тіс, ас үй, ауыз су,
ат қора т.б.); 2. Жартылай уәжділік (метафоралық):(елікгүл, асқазан, көкет, шілдеқоңыз,
жауторғай, жаужұмыр, жебіршөп, күркетауық, иткөйлек т.б.); 3. Көмескі уәжділік:
көкқасқа, ақсақал, ақсүйек, тоқымқағар, итаршы, қансонар, кемпірқосақ, қасқыржемес,
оққағар, алаяқ т.б.) уәжділігін жоғалтқан. Осылай анықталған күрделі сөздер ғана
лексикалық мәртебеге ие болуы тиіс. Уәжді (мотивированное) атауды жасау сөзжасамдық
құралдарды таңдау арқылы жүзеге асады [2, 121].
Сөз мағыналары белгілі бір семосиологиялық заңдар бойынша қалыптасады. Олар:
ұқсату заңы, функционалдық семантика заңы, бөлшектің бүтінге ауысу заңы, мағынаның
кеңеюі мен тараюы.
Функционалды семантика заңына келетін болсақ, сөз өзінің дыбысталуын, тұлғасын
өзгертпей, мағынасы жаңара түседі. Сөздер белгілі бір жаңа мағынаға ие болғанда
өздерінің негізгі сөздік мағыналарын сол қалпында сақтап қалады. Мысалы,шек деген
сөзді талдап көрейік. Оның қой шегінен сыдырылып иірілетіні, домбыраға тағылатыныны
баршамызға мәлім.Өзінің атқаратын қызметіне байланысты қой шегінен домбыраның
шегінің атауы шыққан. Біз домбыраның шегі үзілді деп айтқанымызда қойдың шегін емес,
домбыраға тағылатын шек деп түсінеміз. Байқағанымыздай, бұл сөз – анатомиялық
атаудан аспаптық атауға ауысқан. Осылайша мағынаның атқаратын қызметіне қарай
жаңарып келуі функционалды семантика заңы болып табылады.
Дүрбі сөзінің мағыналық дамуын да біз функционалдық жолға жатқызамыз. Себебі,
оның атаған заты қолданудан шығып қалған. Алғашында дүрбі қуыс тұрба болып, келе-
келе бинокль атауында қолданылып келеді. Мысалы: Төңірегін дүрбіменен шолып тұрды
салдат барлап (Д.Әбілев, Таңд.өл., 1953, 73 б.).
Туынды сөздегі уәжділіктің бір түрі ретінде ғалым Б.Қасым метафоралық уәжділікті
атап көрсетеді. Сыртқы немесе ішкі белгілеріндегі ұстастықтарға қарап, бір заттың атауы
басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысып келуі метафора деп
аталатыны белгілі. Бұл тәсілдің астарында ұқсату заңы жатыр. Олай деп айтатын себебіміз
172
бір сөздің мағынасының дамуы арқылы жаңа үстеме мағына пайда болады. Олардың
арасында ұқсастықты байқаймыз. Метафоралық тәсілдің екі түрі бар: 1) тілдік (сөздік)
метафора, 2) поэтикалық (яғни сөйлеу кезінде туатын контекстік) метафоралар.
Сөздерге жаңа мағына қосып, оның семантикалық қолданылу аясын кеңейтіп,
үздіксіз дамуына үлес қосатын тілдік (сөздік) метафора. Дәстүрлі метафора деп те
қолданылады. Ғ.Қалиев, Ә.Болғанбаев еңбегінде дәстүрлі метафораға мынадай мысал
берілген: аяқ сөзінің алғашқы мағынасы адам мен жануарлардың жүру қызметін
атқаратын дене мүшесі деп түсінеміз. Сонымен қатар үстел мен орындықтың тіреуіштерін
де аяқ деп ұқсатып айтамыз. Бас пен аяқтың бірі жоғары, екіншісі төмен келуіне қарай
(ауылдың басынан кіріп, аяғынан бір шықтым дегендегі) үшінші мағына пайда болған [6,
87]. Байқап отырғанымыздай, сөздің мағына жағынан дамуы жаңа элементтердің көбеюі
арқылы жүзеге асады.Тілдік метафораларды тұлға ұқсастығы, қимыл ұқсастығы,
ұғымдардың бір-біріне қатыстылығынан туатын ұқсастықтар негізінде жасалуы мүмкін
деп көрсетеді. Олардың уақыт өте келе атауыш мағынаға ие болатынын айтады.
Поэтикалық метафораға келетін болсақ, олар айтатын ойды әсерлі, айқын етіп
жеткізу үшін қажет. Көркем шығармаларда кездесетіні анық. Ақындар айтысында өз ойын
тыңдаушы қауымға әсерлі етіп жеткізген. Сондай бейнелі көркем теңеулер ауыздан-
ауызға таралып, жаттала бастайды. Соның нәтижесінде тілге әбден еніп, халықтық
сипатқа ие болады. Осылайша поэзия сақталып қалады. Мысалы, бір кезеңдері
мақтаныңақ алтын, көмірдіңқара алтын деп қолданылғанын білеміз, қазіргі таңда осы
метафоралық теңеулер тілімізге сіңісіп, біржолата орнықты. Поэтикалық метафора
аталуының себебі барлық жанрда қолданылмай, тек белгілі бір жанрда кездесетіндіктен.
Көбіне поэзияда жиі кездесетінін байқаймыз. Мысалы, қылыш, семсер деген сөздердің
орнынына поэзияда алмас, болат деген сөздердің жиі қолданылатынын байқаймыз.
Сөздің барлық туынды мағыналары тек қана негізгі мағынадан таралады деуге
болмайды. Негізгі мағынадан шыққан туынды мағына өзінен шығарып басқа мағыналарға
эстафета береді. Метафора бірнеше мағынаны негізгі мағынадан бастап тәртіппен бірінен
екіншісін, одан үшіншісін, үшіншіден төртіншісін, бұдан бесіншісін т. с. с. осылайша
желінің бойымен қатарынан тізбектей жалғастырып береді. Мұны ретімен тауып беру
қиындық соқтырады. Бірақ мағынаның мұндай жолмен дамуы тым сирек кездеседі.
Дегенмен бұның тіл тарихында болатыны анық. Бұл ретте «бюро» сөзіндегі мағына өрбуі
қызық:
1. «Вureo» (бюро) деп баста түйе жүн матаны (вure) ғана атаса;
2. Кейіннен сол мата жабылған столды;
3. Содан кейін кез келген жазу столын;
4. Одан соң мұндай стол тұрған орынды (үйді);
5. Бұдан кейін сол орында жүріп жатқан істі;
6. Кейін сол істі жүргізушілерді;
7. Бертін келе мекемені басқарып отырған бір топ адамды да «бюро» деп атайтын
болды [7, 187]. Бұл құбылыстан біз метафораның мағынаны сатылап дамыта алатынын
байқаймыз.
Бюро сөзінен тіркесім тәсілі арқылы анықтама бюросы, көрме бюросы, әдістемелік
бюро, жұмыспен қамту бюросы т.с.с. атаулар пайда болып, қалыптасып қалған.
Семосиология заңдылықтары барлық тілде бірдей бола бермейді. Сондықтан
семосиология әр тілдің сөздік қорының даму жолын, оның ішкі заңдарын ашуда
қолданылуы керек. Осы заңдылықтардың барлығы қазақ тілінің сөздік қорының жасалу,
даму, баю заңдарын сипаттайды.
Қорытындылап айтқанда, сөз – өте күрделі тілдік единица. Оның күрделі табиғатын
ашып айқындау үшін, ең алдымен, сөздің дыбыстық жағы мен мағыналық жағының ара
қатысын және сөздің мағынасы мен ол арқылы білдірілетін ұғымның ара қатысын
айқындап алу қажет. сөз мағынасы тіл білімінде ғасырлар бойы сан түрлі елдердің
173
ғалымдары тарапынан зерттеу нысаны болып келе жатқандығына қарамастан,
күрделілігіне байланысты оның тілдік табиғаты толық ашылған, түпкілікті зерттеліп
болған тілдік бірлік деп кесіп айту қиын. Сөз мағынасының әлі де жан-жақты
қарастырылып, тереңірек зерттеуді қажет ететін қырлары жоқ емес.
Сөздің ішкі семантикалық байланысы оның мағынасы мен ұғымының ара
қатынасынан көрінеді. Сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында түсінік, ұғым пайда
болғаннан кейін қалыптасады. Егер белгілі бір зат туралы ұғымымыз болмаса, оның
мағынасын да білмейміз. Ұғым бар жерде мағына бар. Демек, ұғымның болуы сөз
мағынасының ең маңызды шарты болып табылады.Ал жаңа атаулардың пайда болуына,
жасалуына негіз болатын себептерді анықтауға көмек беретін заңдылық –
уәждеме.Уәждеме сөздің ұғыммен байланысын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |