Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет99/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   140
белгілі объектінің тұлғаналануы, анықтауыш қызметінде сын есім, сан есімдер келгенде 
қиысудың  болмауы,  есім,  есімше,  көсемше  құрылымдары  арқылы  сабақтасқан 
сөйлемдердің бағыныңқы түрлерінің болуы жатады. Ғалымның ұсынған алтай тілдеріндегі 
синтаксистік типологиялық ұқсастықтар қатарында бағыныңқы сыңардың басыңқы сыңар 
алдында  тұруы  секілді  тілдік  құбылыс  ғана  көрсетілген,  синтаксистік  байланыстар 
бойынша ешқандай ортақ ұқсастықтар аталмаған.  
Н.А.  Баскаков  өзінің  «Алтайская  семья  и  ее  изучение»  деген  еңбегінде  орал-алтай 
теориясының  өкілдері  фонетика,  морфология  саласымен  қатар,  синтаксис  аясында 
типологиялық ұқсастықтардың негізгі ерекшеліктері атап кетеді [3, 30-31].  
Алтай  тілдері  қатарына  жататын  тілдердің,  оның  ішінде  қазіргі  қазақ  және  моңғол 
тілдерінің синтаксисі бойынша зерттеу жүргізген ғалымдардың бірі Абдикарим Нурзия «К 
вопросу  исследования  синтаксиса  алтайских  языков (на  материале  современного 
казахского  и  монгольского  языков)»  деген  еңбегінде  қазақ  тіліндегі  және  моңғол 
тілдеріндегі  сөздердің  сөйлемдегі  байланысу  тәсілдері,  бастауыш  пен  баяндауыштың 
қиысуы,  өзара  бағыныңқы  байланыс  типі,  аналитикалық,  синтетикалық  конструкциясы 
бойынша зерттеу қорытындыларын ұсынған [4].  
Негізі,  синтаксистік  байланыстар  категориясын  зерттеудің  өзектілігі  түрлі  ғылыми 
бағыттың  өкілдері  бұл  синтакисистік  құбылысты  түрлі  көзқараста,  түрлі  қырынан 
қарастыруына  байланысты  болып  отыр.  Алтай  тілдеріндегі  синтаксистік  байланыстарды 
зерттеу сөйлемді құраушы компоненттердің ішкі заңдылығын ашуға мүмкіндік береді.  
Кейбір тілдер жүйесінде сөйлем ішіндегі сөздердің белгілі бір орын тәртібін сақтауы 
грамматикалық  рөл,  яғни  мағына  ажыратушылық  қызмет  атқаратыны  белгілі.  Сөйлем 
ішіндегі  сөздердің  орын  тәртібінің  мұндай  маңызды  орын  алуы  сөздердің  синтаксистік 
байланысының  ешбір  қосымшасыз  жүзеге  асуында  болып  табылады.  Демек  қабысу 


 
165 
көптеген  тілдерде  кең  тараған,  қызметі  жағынан  маңызды  синтаксистік  байланыстың 
формасы болып табылады. 
Қабысу  бағыныңқы  сөздің  түрлену  жүйесі  есебінен  емес,  бағыныңқы  сыңардың 
лексика-грамматикалық  мағынасы,  грамматикалық  қызметі  есебінен  басыңқы  сыңарға 
тәуелді  болуымен  сипатталады.  Осыған  байланысты,  қабысу  арқылы  байланысатын 
сөздер  көбінесе  есімше,  көсемше,  үстеу,  инфинитив,  сын  есім,  сан  есім,  тұлға  жағынан 
түрленбейтін сөздер тобы болып табылады. 
Орыс  тіл  білімінде  кез  келген  тіл  білімінде  қабысу  деп  түрленбейтін  сөз 
тұлғаларының, көбінесе үстеу, көсемше, инфинитив секілді сөз таптарының синтаксистік 
байланысқа  түсуін  қарастырады.  Айталық,  Л.А.  Булаховскийдің  пікірінше,  қабысу  деп 
«называется  тот  тип  связи,  в  который  вступают  полнозначные  формы,  лишенные 
флективной гибкости (наречия, деепричастия, инфинитива)» [5, 224].  
Қазақ  тілінде  де  қатыстық,  сапалық  сын  есімдер  есімнің  не  етістіктің  анықтауышы 
қызметінде  жұмсалып,  түбір  тұлғада  не  жалғаусыз  сөз  тудырушы  қосымшада  (бұл 
қатыстық сын есім болған жағдайында) байланысады. Мысалы,  қызыл мата, балалы үй, 
таза бөлме, қымбат зат, түнгі ауа және т.б.  
Қалмақ  тілінің  синтаксисінде  қабысу  құбылысы  құрылымдық,  семантикалық 
жағынан  қазақ,  нанай  тілдеріне  жақын.  Қалмақ  тілі  бойынша  жүйелі  синтаксистік 
зерттеулер жүргізген ғалым У.У. Очировтің талдауына тоқталып кетеміз.  
Қалмақ  тілінде  қабысу  түрлі  сөз  таптарына  қатысты.  Зат  есім,  сын  есім,  сан  есім, 
есімше,  көсемше,  үстеу  және  бірқатар  есімдік  басқа  сөздермен  қабыса  байланысу 
қабілетіне ие. Сондықтан анықтауыштық сөз тіркестері кең таралған: 
а) Арсн девл   
тері тон (зат есім) 
ә) Кер мөрн 
 
торы ат (сын есім) 
б) Арвн үкр 
 
тоғыз сиыр (сан есім) 
в) Эн көвүн 
 
бұл бала (есімдік) 
д) Эрт босна   
ерте тұрады (үстеу) [6, 40-41]. 
Зат  есім,  сын  есім,  сан  есім,  есімдік  және  есімше  әдетте  зат  есімге  анықтауыш 
ретінде тіркеседі, мысалы: 
а) Арат зах 
 
түлкі жаға  
ә) Улан туг 
 
қызыл ту 
б) Зун хөн 
 
жүз қой 
в) Тер үкр 
 
сол сиыр 
г) Умшдг күн   
оқыған адам 
Ал  үстеу  және  көсемшеге  келетін  болсақ,  олар  пысықтауыш  ретінде  етістікпен 
қабыса байланысады, мысалы: 
а) Сәәнәр умшна 
жақсы оқиды 
б) Биилж дуулна 
билей өлең айтады 
Сондықтан  қабысудың  бірқатар  түрлері  есімге,  кейбірі  етістікпен  байланысады. 
Осыған  байланысты  бағыныңқы  сөз  қандай  сөз  табына  қатысты  қабыса  байланысуына 
қарай, есімді және етістікті болып жіктеледі. 
Қабыса байланысқан кейбір есімді және етістікті сөз тіркестері лексикалық бірлікке 
айналған, мысалы:  
а) Цаһан мөңгн 
күміс (сөзбе-сөз: ақ күміс). 
б) Улан мөңгн жез (сөзбе-сөз: қызыл күміс). 
в) Суһ цокв 
 
түбірінен жұлынды 
г) Туула зүркн қорқақ (сөзбе-сөз: қоян жүрек). 
д) Арат әдл күн 
қу (сөзбе-сөз: түлкі секілді адам) [6, 41-42]. 
Қалмақ  тілінде  де  қабысу  тұлғасы  түрлене  бермейтін,  түбір  тұлғадағы  не  болмаса 
жалғаусыз  сөз  тудырушы  қосымшалар  арқылы  байланысатын,  сөздердің  орын  тәртібіне 
негізделген  синтаксистік  құбылыс.  Қабысуда  бағыныңқы  сыңар  ретінде  жұмсалатын  сөз 


 
166 
таптарының формалық, мағыналық ерекшеліктері және сөйлемдегі сөздерді байланыстыру 
тәсілі жағынан қазақ тіліндегі қабысумен едәуір ортақ жақтары бар екенін байқауымызға 
болады.  
Енді  нанай  тіліндегі  қабысудың  көрінісіне  келетін  болсақ,  В.Г.  Аврорин  жүргізген 
зерттеулер  нәтижесі  төменде  ұсынылған.  Нанай  тілінде  қабысу  бағыныңқы  сөздің 
релятивті  тұлғасы  басыңқы  сөзге  тәуелді  емес  немесе  ішінара  тәуелді,  ал  басыңқы 
сыңардың релятивті тұлғасы бағыныңқы сыңарға тәуелді емес [7, 37].  
В.Г. Аврориннің ескертуінше, нанай тілінде қабыса байланысқан сөз тіркестері көп 
жағдайда  бағыныңқы  сөздердің  алдында  тұрады.  Зат  есім,  есімдік,  есімше  секілді  көп 
қызметті  сөз  таптары  және  бұл  сөз  таптарына  қатысты  анықтауыш  болғанда,  сондай-ақ 
сапалық  және  шырай  үстеулері  пысықтауыш  қызметінде  жұмсалғанда  бұл  ереже  ең 
қатаңырақ  сақталады.  Есімдер  арқылы  мезгіл  мағынаны,  мезгіл  және  мекен  үстеулер 
арқылы  қабыса  байланысқан  мезгіл  және  мекен  пысықтауыштар  позицияға  қатысты 
сөйлемнің басқы жағына қарай тұруға тартылады, дегенмен өздерін бағындыратын сөйлем 
мүшелерінің  тікелей  алдында,  көбінесе  сөйлемде  соңында  тұратын  баяндауыштың 
алдында тұрады [7, 40]. Олар үшін, әсіресе мезгіл пысықтауышқа алшақ препозиция тән, 
ең  кемі  міндетті  тікелей  алдында  болу.  Анықтауыштық  есімдіктерден  жасалған 
анықтауыштың  ерекше  типі  егер  тек  әрекет  иесін  немесе  әрекет  объектісін  анықтайтын 
болса, анықтауышқа қатысты постпозиция міндетті болады. Бірақ егер бұл есімдік (мэнэ 
‘өзінің’ қоспағанда) әдеттегі анықтауыш қызметін атқарса, олар анықталушының алдында 
орналасады.  
Осылайша  қабысудың  бағыныңқы  сөздің  позициясы  емес,  оның  басыңқы  сөздің 
релятивті формасынан тәуелсіздігі басты тән белгісі болып табылады [7, 40]. Ғалым нанай 
тілінде  қабысу  екі  түрге  бөледі:  1)  қарапайым  немесе  таза  қабысу,  мұнда  бағыныңқы 
сөздің  релятивті  формасы  басыңқы  сөзге  толық  тәуелсіз,  2)  көсемшелік  қабысу,  мұнда 
бағыныңқы сөздің релятивті формасы басыңқы сөзге ішінара тәуелді.  
Ғалымның  ескертуінше,  қабысудың  бірінші  типі  қиыспайтын  анықтауыштар  және 
көсемше 
арқылы 
берілетін 
пысықтауыштардан 
басқасынан 
меңгерілмейтін 
пысықтауыштар үшін тән, мысалы: Буэ сикун дангсава холайпу ‘Біз жаңа кітапты оқимыз’; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет