Г.М. Танырбергенова
Павлодар мемлекеттік
педагогикалық университеті,
магистрант
Қ.С. Ерғалиев
Павлодар мемлекеттік
педагогикалық университеті,
филол. ғыл. канд., профессор
С.Ж. Ерғалиева
С. Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті,
аға оқытушы
Кино тіліндегі
мақал-мәтелдердің
аударылым
мәселесі
Аннотация
Мақалада
тәуелсіздіктен
кейінгі
жылдардағы кино тіліндегі мақал-мәтелдердің
аударылым
мәселесі
қарастырылды.
Дж.
Драйденнің классификациясы бойынша мақал-
мәтелдердің аударылу жолдары көрсетілді. Ол
тілдік деректермен дәйектелді. Мақал-мәтел
кино
тілінің
прагматикалық
қызметін
арттыратын бірден-бір құрал екені анықталды.
Түйін сөздер: кино тілі, мақал-мәтел,
аударма, метафраза, парафраза, имитация,
прагматика.
Кино – әдебиет пен театрдың, бейнелеу
өнерімен музыканың көркемдік қасиеттерін
өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді
сала.
Франция кинокритигі Жан-Люк Годар
киноның әлеуеті: «Кино – лишь средство
коммуникации», – деп [1, 18], кино тілінің
түсірілген уақыты мен қазіргі уақыттың тілдесім
құралы деп көрсеткен. Кинотуындыларды көру
арқылы сол уақыттағы болған оқиғаны түсініп,
көре аламыз. Бұл да бір тілдесім болып
есептеледі. Одан басқа кино көрермендерінің
санасына
тілдік,
психолингвистикалық,
когнитивті прагматика тұрғысында әсер ету
қауқары бар. Кино «тілінің» мұндай қыры
ғылымда
әлі
дұрыс
қарастырылмай
келеді.Әдетте,
біз
фильмдердің
актерлік
құрамына, безендірілуіне (декорация), арнайы
эффектілеріне назар аударатын болсақ, оның
тілдік әлеуеті көп жағдайда назардан тыс қалады,
бірақ, шын мәнінде, кино тілінің көрермен
санасына әсер ететін прагматикалық қызметі
жоғары. Кино тілінің прагматикалық қызметін
арттыратын тілдік бірліктердің бірі – мақал-
мәтелдер.
Мақал – өмірдегі түрлі құбылысты
жинақтап, ықшамдап, бір немесе екі тармақтан
тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы
жолдарында
қорытылған
ой
айтылатын
халықтық бейнелі поэтикалық жанр түрі. Мәтел
– қорытындысы тұспалды, қысқа нақыл сөз.
Мақал-мәтелдердің пайда болуының уақыты
белгісіз, бірақ дұрыс: мақалдар да, мәтелдер де
көне заманда пайда болған, содан бері
тарихының бүкіл бойында халыққа ілеседі
236
[2, 234]. Тіл білімінде паремиология танымдық, құрылымдық, семантикалық,
салыстырмалы,
салғастырмалы
бағытта
қарастырылғаны
белгілі.
Алайда
кинотуындылардағы мақал-мәтелдер, оның аударылым мәселесі: ұқсастықтары мен
айырмашылықтары әлі де қарастыруды талап етеді.
Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің
құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру процесі. «Аударма»
сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін – ауызша немесе жазбаша мәтінді, сөзді
басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Аудару принципі мен аударманың дәлме-
дәлдігі туралы ұғым заманалар озған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, орта ғасырларда
әріпшілдік, сіреспе аударма басым болса, бертін келе, жаңғыру дәуірінде, XVII-XVIII
ғасырларда «еркін» аударма етек алды. Одан соң әдебиет әлемінде балама аударма пайда
болды.Осыған орай ғалымдар тарапынан өзіндік аударма жолдары да ұсынылды.
Ағылшын аударматануындағы «Аударманың лингвистикалық теориясы» еңбегінің
(1965) авторы Дж.Кэтфорд аударманы мынадай түрге ажыратады:
– толық және ішінара аударма: Толық аудармада түпнұсқадағы бүкіл мәтін
аударылады, ал ішінара аудармада түпнұсқа мәтінінің бір бөлігі беріледі.
– жаппай және шектеулі аударма: жаппай аудармада түпнұсқа барлық тіл
деңгейлерінде аударылса, ал шектеулі аударма дегеніміз қандай да бір деңгейдегі
фонологиялық, графологиялық, грамматикалық және лексикалық деңгейдегі аударма
дегенді білдіреді [3, 27].
М. Әуезов 1955 жылы жазылған «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері»
атты мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді. Бірінші – сөзбе-сөздік – әріпқойлыққа
негізделген аударма. Екінші – еркін аударма, аудармашының өзіншелеп әңгімелеп
отырғанына өте ұқсас келеді. Соңғысы аударманың өте-мөте қонымды ғылыми
дәлелденген түрі – шығарманың мазмұнын да, формасын да толығырақ беретін ғылыми
дәл, балама аударма [3, 28].
1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж.Драйден (1631-1700) аударманың 3 түрін
ұсынады:
– бірінші, «метафраз» – түпнұсқаның дәл жеткізілуі,
– екінші, «парафраз» – түпнұсқаның түріне емес, ерекшелігіне бағдарланып, еркін
жеткізілуі,
– үшінші, «имитация» (еліктеу) – түпнұсқа тақырыбына жазылған шығарма [2, 25].
Осы ғылыми мақалада Дж. Драйденнің ұсынған аударма түрлерін басшылыққа аламыз.
2012 жылы А. Сатаевтың режиссерлігімен түсірілген көркем драмалық фильм «Жау
жүрек мың бала» ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында қазақ жеріне шабуыл жасаған
жоңғар шапқыншылығы суреттеледі. Фильмде әкесі көз алдында жоңғарлардың
найзасына аяусыз іліккен Сартайдың бірінші – өз туыстары, екінші – өз халқы үшін
жылдар бойы ішінде сақтап келген кек алу тарихы. Сартай жетіден он бес жасына дейін
ішінде толғатып келген ұлы кек алу жоспары жолындағы дәл өзі секілді ниеттес
балалардың тобын жасақтайды. Белгілі болғандай, жоғары пафосты бастаулардан
құралғанымен, бұл топтың ішінде көре алмаушылық, ауызбірліктің жоқ болуы,
сатқындық, қайта оралған достық туралы баяндалады.
Мысал ретінде төмендіге диалогке назар аударсақ:
Сартай мен Таймас Рахымжанның ауылына барған кезде:
– Иә, жігіттер! Қай ауылдан боласындар? Кәсіптерін не?
– Ер азығы мен бөрі азығы жолға демей ме!? Назар ақсақалдың ауылынан боламыз.
Бұл үзіндідегі «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» мақалы қазақтың жігіттері ешқашан
біреудің несібесіне қарап отырмаған, өз күшімен сүйеніп жүріп, өз асын табады деген
мағынаны білдіреді. Бұл жерде «бөрі азығы» дегені қасқыр да өз күнін өзі көретін мықты
аң болғандықтан, ер мен бөріні салыстыра қолданылған. «Ер азығы мен бөрі азығы
жолда» сынды мақалдың орыс тіліндегі баламасы «Пище молотца и волка в пути» деп
237
қолданылады [4, 128]. Мақалдың орыс тіліндегі баламасын қарастыратын болсақ, «бөрі»
деген сөзді «волк» деп аударма жасаған. Бұл кинотуындыны көрген өзге ұлт көрермені
«бөрі» сөзіне баса назара аударуы әбден мүмкін. Көрермен бұл мақалды ұғуы үшін «бөрі»
мен «қасқыр» (волк) сөздерінің айырмашылықтарын көргеннен кейін түсінеді. Бөрі–түркі
халықтарыныңтарихи жадындағы киелі ұғым,қасқырдыңжағымды атауы. Бұл жерде де
көрермен тарапынан «Неліктен ер азығын бөрі азығына теңеген?» деген де сұрақтар пайда
болуы мүмкін. Себебі, қазақ ерлерін бөрідей шапшаң, өз азығын өзі тауып, айтқанынан
қайтпайтын жыртқыш аңның біріне теңеген. Бұл жерде Дж. Драйденнің аударманы бөліп
көрсеткен үшінші түріпарафраз – түпнұсқаның түріне емес, ерекшелігіне бағдарланып,
еркін жеткізілуі.
Кинотуынды ерлік, отансүйгіштікті насихаттайтын кинофильмдердің бірі
болғандықтан, бұл тақырыптарға байланысты мақал-мәтелдерді жеткілікті кездестіреміз.
Мысалы: «Жігіт жауда өлер, шешен дауда өлер» [5, 64]. Бұл мақалдың мағынасы еліне
қауіп төнген кезде батыр жауға қарсы шығып елін қорғап өлсе, шешен шешендігімен,
ақылдылығымен дау-дамайда өлер дегенді білдіреді. Мақалдың мағынасы терең
болғанымен өткір, шындық негізінде айтылған. Бұл мақал-мәтелдің орысша баламасында
«Гибнет джигит во время раздора, мастер слова – во время спора» деп аударылған. Бұл
жердегі аударылымға келетін болсақ, мақал-мәтелдің мағынасы ғана алынып отыр, яғни
«шешен» сөзінің «мастер слова»«сөз шебері» деп аударылып берілуі. Шешен сөздің
мағынасы алдында шешіліп сөйлейтін, түйінді мәселелерді шешіп сөйлейтін данышпан,
ақылгөй, дана, сөз шебері деген ұғымдармен өзектес. Шешен сөзі қазақ тілінде сөзшең,
айтқыш, тапқыр, суырып салма, ділмар, қызыл тілге жүйрік дейтін сөздермен қатар
қолданылады.Мақал-мәтелдің аударылымында «шешен» сөзі мағыналарының бірін ғана
алып аудара салған, ал сөздің өзінің тікелей баламасы жоқ болып келеді. Дж.Драйденнің
аударма түрлері классификациясы бойынша бұл имитация.
Қазақ билері мен хандары арасындағы жиналыста Төле бидің айтқаны:
– Ежелгі дұшпан ел болмас, етегін кесіп жең болмас.Бұл жерде дұшпанға қанша
жағымпазданып, жер бергеннің өзінде уақыт өте келе ол ешқашанда ел болмайтындығын,
дос болмайтындығына меңзеп тұр. Орыс тіліндегі аудармасы «Давний враг не станет за
родичем, а срезанная подошова рукавом» [5, 156]. Орыс және қазақ тілдеріндегі мақал-
мәтелдердіңмағыналары өзара үндес. Себебі XVIII ғасырдағы елдегі ішкі және сыртқы
шиеленістер барлық елде бірдей болды десек қателеспейміз. Соғыс тек қазақ жерінде
емес, орыс жерінде де болғандықтан екі ұлттың танымында мақал-мәтел таныс және
жақын болып келеді. Дж.Драйденнің аударма түрлері классификациясы бойынша
метафраз – түпнұсқаның дәл жеткізілуі.
Кинотуындының бас кезінде жоңғарлар қазақ еліне шабуыл жасаған кезде бала
Сартай досын өлтіріп кеткенін өз көзімен көреді. Осы кезде жоңғар жауынгерлердің
айтқаны:
– Бала ғой, бұл не істегенің?
– Оттама, бүгінгі бала – ертеңгі әскер. Бұл жерден сол кездегі қазақ өмірінің бір
көрінісін көруге болады. Себебі, «бүгінгі бала – ертеңгі әскер» мақал-мәтелінен қазақ
жерін аман алып қалу мақсатында ұл-қыздарын кішкентайынан жауынгер, әскер етіп
дайындайтынын көруге болады. Ал, сол жердегі жоңғардың мақсаты қазірден бастап
көздерін жойып, санын азайтсақ, жаулап алуға оңай болатыны көзделіп отыр. Жоңғарлар
сол кездегі қазақ жеріне көз салып, иелену мақсатында соғыс жариялап, қаншама
халықтың көзін жойды. Үзіндіде кішкентай қазақ балаларының көзінен еліне, жеріне
деген сүйіспеншілікті, жерін қорғап қалу үшін жан аямайтын болашақ әскер өсіргенін
көруге болады. Мақал-мәтелдің аудармасына келетін болсақ, «сегодня ребенок, а завтра
воин» [5, 116]. Дж.Драйденнің аударма түрлері классификациясы бойынша бұл –
метафраз. Екі ұлт танымына тән келетін ортақ заттарды көрдік, себебі орыс халқында да
баланы ерте жасынан отанын қорғауға деген іс-әрекеттер жасалып отырды.
238
Сартай мен Зеренің диалогін алып қарасақ:
– Ел мақтаған жігітті, қыз жақтаған. Қайда барады? – дейді Сартай.
– Хммм, бос мақтау не керек? Алдымен сөзіңді түзе. Әкесімен әлден сөзін жараспай
жүр. Қайтіп күйеу болмақсын?! – дейді Зере.Жақсы ісімен ел аузына ілігіп, мақталып
жүрген жігітті қыз жақтайды, яғни ұнатады. Зеренің бұл жердегі айтып отырған мәселесі –
Сартай ұнатқан қыздың әкесіне жігіттің ұнамауы. Ал, Сартай болса өзінің ел мақтаған
батыл, сабырлы жігіт екенін айтады. Орыс тіліндегі нұсқасын айтатын болсақ, «Джигит
признанным народом, понравится и девушке» [5, 35]. Мақал-мәтелдің аудармасы
түпнұсқаға сәйкес келеді, себебі қай ұлтта болмасын ел мақтаған адамды, жігітті әркімге
ұнайды және жақсы көреді. Адамды ел болып мақтаса,ол адамның істеген ерлігін, жақсы
жақтарын ғана айтып мақтаған. Дж. Драйденнің аударма түрлері классификациясы
бойынша бұл метафраз.
Кинотуындыда кездесетін келесі бір мақал «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі».
Мақалда үлкен бір астар бар. Мақалдың мағынасы отан қорғау жолында өлімге кеуде
тосқан ата-бабаларымыздың, аға-әпкелеріміздің ерліктерін мұра, келер ұрпаққа үлгі-өнеге,
тәрбие болып қалуы жайында айтылған. Елім деп жауға барып, қан төккен
батырларымыздың істері елімізге мұра, ұрпаққа үлгі болып мәңгі қала береді. Қазақ елі
үшін жасаған Бөгенбай, Қабанбай және т.б. батырларымыздың ерлігі әлі күнге
дейінұмытылмас мұра. Мақал-мәтелдің орысша баламасы «Подвиг наследие нации,
образец для поколений» [5, 155] ешбір өзгеріссіз, мағынасы сақталған. Жоғарыда берілген
мысалдан қазақ пен орыс танымындағы ұштасқан тұсты көре аламыз, себебі қай ұлттың
болмасын батырларының ерлігі мәңгі сол ұлттың жадында сақталып қала бермек. Дж.
Драйденнің аударма түрлері классификациясы бойынша метафраз.
Қорытындылай
келе,
кинотуындыдағы
мақал-мәтелдер
Дж.
Драйденнің
топтастыруындағы метафраза мен парафраза әдістеріне негізделіп тәржімаланған.
Метафразалық әдіс бойынша екі ұлтқа ортақ оқиғаларға орай пайда болған мақал-
мәтелдер ешбір өзгеріссіз, мағынасы сақталып аударылса, парафраздық жолмен тек қазақ
халқына ғана тән болып келетін, орыс тіліне сол сөзді басқа сөздермен ауыстырып
аударылған.Сонымен мақал-мәтел көрермен санасына әсер етушілік қызметі де көрініс
табады әрі қабылдаушы белгілі бір халық тілі арқылы оның ұлттық мәдениеті,
дүниетанымымен танысып, танымдық ақпараттан сусындауына негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |