164
Салыстырмалы-салғастырмалы зерттеу арқылы туыс және туыс емес тілдердің
функционалды заңдылықтарын жүйелі терең тануға қол жеткізуге, олардың арасындағы
ұқсастық және айырмашылықтар айқындауға болады. Қазіргі қазақ, моңғол және нанай
тілдеріндегі сөз тіркестерін салыстыра зерттеудің нәтижелері бұл тілдердегі құрылымдық
модельдердің жалпы ортақ және өзіндік сипаттарын анықтауға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Кез келген тілдегі синтаксистік байланыстар өзінің зерттелуінің ұзақ тарихына және
біршама жан-жақты зерделенуіне қарамастан, синтаксис ғылымында өзекті болып
қалатын және белсенді талқыланатын мәселелердің бірі. Бұл сөзімізге дәлел ретінде О.П.
Суниктің алтаистиканың өзекті мәселелері туралы айтқан пікірін келтіре аламыз:
«Важность сравнительно-исторического исследования алтайских языков, взятых в целом,
или их отдельных групп – тюркской, монгольской, тунгусо-маньчжурской, а также
корейской и японской – не вызывает каких-либо серьезных сомнений, несмотря на
значительные трудности, возникающие в данной отрасли компаративистики. Этим
определяется и особая актуальность ряда теоретических
проблем алтаистики, многие из
которых являются остродискуссионными. Центральной из них была и остается проблема
происхождения материальной и структурно-типологической общности алтайских языков
– общности, выявленной в результате довольно длительного сравнительно-
сопоставительного, а затем и сравнительно-исторического изучения указанных языков
лингвистами различных
специальностей, школ и направлений» [1].
Соңғы жарты ғасырда қазіргі алтаистиканың негізін қалаушылар үшін алтай
тілдерінің өте байырғы туыстығы даусыз болып табылады. Бұл тұжырымның
шындығының негізі бар екеніне алтай тілдеріне енетін топтар арасындағы, ең алдымен
түркі, моңғол және тұңғыс-маньчжур арасындағы алтаист-компаративисттер айқындаған
фонетикалық, морфологиялық ұқсастықтар растайды [2].
Э.Р. Тенишевтің байымдауынша, типологиялық жағынан алғанда, Алтай тілдерінде
фонетикалық және морфологиялық тұрғыдан ұқсастықтарымен қатар синтаксистік ортақ
құбылыстар
бағыныңқы элементтің негізгі сөздің алдында тұруы, табыс септігіндегі
Достарыңызбен бөлісу: