Еуропа елдеріндегі он күн Дүйсенәлі Әлімақын



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі1,13 Mb.
#6513

 

Еуропа елдеріндегі он күн   

     

 

Дүйсенәлі Әлімақын 



     

Абай атындағы қазақ ұлыттық педагогикалық университетінің 

қазақ тілі және әдебиет мамандығының 2-курс магистранты 

           

Биылғы  қараша  айы  біз  үшін  қуаныштың  айы  болды. 

Еуропаға білім асыруға баратынымызды естіп күн санаумен 

жүрдік.Кӛзеулі уақыт жетті.2016 жылы 6-қараша күні таңғы 

сағат  бесте  Абай  атындағы  қазақ  ұлыттық  университетінің 

білім  асыруға  баратын  филология,  химия,  география, 

бейнелеу ӛнері мамандығынан құрам тапқан 19 магистрант 

Алматы  әуежайында  кездестік.  Бұрын  жүздері  таныс 

болғанымен,  ішкерілей  таныспаған  ҚазҰПУ-дың  білімпаз 

ұл-қызы  ішкерілей  жӛн  сұраса  бастадық.  Бәріміздің 


жүзімізде  қуаныш,  ойымызда  алғы  күнгі  сапардағы 

жоспарлар. Қат-қабат тексеруден ӛтіп, Алматы уақыты сағат 

алтыдан  бес  минут  ӛткенде  Алматыдан  Украйна  Астанасы 

Киев  қаласына  қарай  ұштық.  Әлгіндегі  жердегі  жарқын 

кӛңіл-күй  аспанға  ұшқанда  тіпті  де  жүйрік  қиялымызға 

қанат  байлап  үлгірді.  Білім  қуған  қазақтың  ӛрімдей  ұл  – 

қыздары емен-жарқын әңгімеге ұйысып,ұшақ ішін шадыман 

күлкілілердің  жағымды  үні  кернеді.Әуелде  аспанға  қарап 

мойнымызды  талдырып  ауық-ауық  кӛз  тігетін  кеңістіктің 

қақ  ортасында  ұшып  келе  жатырмыз.Ақ  бұлыттармен 

жарысқан ағыл ойлар маза берер емес.     

Картадан  қарағанда  мына  тұрған  Украйнаның  ӛзіне 

кідіріссіз  алты  сағатқа  таяу  ұштық.  Киев  уақыты  таңғы 

жетіде  Киев  әуежайына  қондық.  Барар  бағытымыз  Литва 

елінің Астанасы Велынюс қаласы болатын.Бірақ Алматыдан 

тӛте  Велынюсқа  баратын  ұшақ  жоқ  болғандықтан  амалсыз 

Украйна  арқылы  ұшуға  тура  келген  еді.  алты  сағат  бойы 

Киев  әуежайында  аялдап  Киев  уақыты  сағат  екіде  Киевтен 

Велынюс  қаласына  қарай  аттандық.Әуежайдағы  алты 

сағаттық  аялдаудың  әңгімесі  Велынюсқа  қарай  ұшқандағы 

бір  сағаттық  сапарға  тұздық  болғандай.Киевті  аралап 

жырғатпағанымызбен әуежайындағы кӛрген-білгенді айтып,   



шай  ішіп  болғанша  Литва  елінің  Астанасы  Велынюсқада 

жетіп үлгірдік.Сапармен келгендердің есінде қалайын дегені 

ме,біз 

жеткенде 



Велынюс 

қаласында 

қар 

жауып 


түрді.Әуежай 

ішінде 


Велынюс 

педагогикалық 

университетінің  оқытушысы  София  мұғалым  мен  тағы  бір 

ер  оқытушы  бізді  күтіп  тұр  екен.Бейтаныс  елде  біреу 

алдыңнан күтіп алса жақыныңды кӛргендей болады екенсің, 

шұрқырай  амандастық.“  қазақ  елі  аман  ба”  деп  кәдімгі 

қазақтардай  есендік  сұраған  София  мұғалым  бізді  бастап 

унверситет  қонақ  үйіне  апарды.Ұшақпен  ұшты  дегенмен 

кәдімгідей  шаршап  қалыппыз.Қасымыздағы  сапарласқа 

сӛйлеуден ерініп ұйқыға бас қойдық.7-қараша күні тәңертең 

София  мұғалым  ӛзі  келіп  бізді  Велынюс  педагогикалық 

университетіне апарып, бізге лекция ӛтетін префессорларды 

таныстырды.  Лекциядан  кейін  Велнюс  қаласын  қыдыруға 

шықтық.   



 

 

                                                   



Велнюс қаласы 

       


Алған  әсеріміз  басқаша,  ғимараттары  биік  болмайтын  бұл 

қалада даңғаза шуыл да, албаты машина сегіналы да , тіпті 

кептеліс  те  болмайды  екен.Ӛз  ана  тілінде  ғана  сӛйлесіп 

жүрген 


Литвалықтардың 

рухы 


бекем,ұлтжандылғы 

менмүндалап  тұрды.жол  сұрасаң  бар  ынта-пейілімен 

тұсіндіріп,  уақыты  болса  апарып  қоятыны  бізді  тіпті  де 

қызықтыра  тұсті.Бүрынғы  Свет  одағынан  бӛлініп  шықсада 

орыс  тілінен  түбегейлі  бас  тартқан  Литвалықтардың  ана 

тілін маңызды орынға қоятыны кімді болсада ойландырмай 

қоймайтындай.Кӛшелердегі 

маңдайшалықтармен 

жол 

белгілері  тұтастай  ӛз  ана  тілдерінде  жазылған.  Осы  күні 



Велынюс қаласының кӛне қала, жаңа қала деп аталатын екі 

районын  аралап  қаланың  кӛркем  жерлеріне  бардық. 

Сапардағы  2  күнді  осылай  аяқтаттық.  Ертесі  лекцияға 

қатынасқан  соң  кӛне  қала  районындағы  қорғанға  бардық. 

Ежелгі  үлгіде  салынған  құрлыстар,  тас  кӛшелер  бәрі-  бәрі 

де еуропалық үлгіні бейнелеп тұрғандай. Осы күні Велынюс 

уақыты түнгі он жарымда  автобуспен Полшаның Астанасы 

Варшаваға  қарай  жолға  шықтық.Екі  қабатты,  интернеті 

қосылған  жәйлі  автобус  ұзақ  сапарда  жалықтыратын  емес. 

Сегіз  сағаттық  жолды  артқа  қалдырып,  таң  ата  Варшаваға 

жеттік.  негізі  ұйықыда  жатқан  Варшауаны  біз  оятқандай 

болдық.     

   


Шөпеннің Варшавасы   

   


Варшаваның  аты  ауызға  алынса  есімізге  бірден  Полша 

музыканты  Шопен  түседі.Ол  мұнда  39  жылдық  ӛмірін 

ӛткізіп,Варшаваға 

жүрегінің 

тӛрінен 

орын 


берген. 

Шопенімен  мақтанатын  Варшаваға  келгенімізді  бізде 

мақтан  тұттық.  Алдымен  жаңа  қала  районын  аралап,  түскі 

тамақтан кейін кӛне қала районына бардық. Есте қалатыны 

Еуропа елдері кӛне құрлыстар мен тарихи құрлыстарды сол 

күйінде  сақтап,  қорғауға  алып  отырады  екен.  саяхаттап 



барғандар  қаланың  бұрынғы  келбеті  мен  жаңа  келбетін 

кӛріп,қаншалықты  даму  барысын  бастан  кешкенін 

салыстырып білуге мүмкіндік жасалыпты.     

  Дәуірмен  тең  алға  ілгерлеген  Полияк  халқы  бізге  ӛте 

сырлы  сезілді.Бұларда  ана  тілімен  еркін  сӛйлесіп,  ешкімге 

жаутаңдамай  жайбырақат  ӛмір  сұрып  жатқанын  әйгіледі.     

қасымыздағы  бір  сапарласымыз  жол  сұрағанда  орысша 

сӛйлеп еді, жас Полияк жігіті кӛзін алайтып Полияк тілінде 

сӛйлеп  ӛте  шықты.сосын  келесі  келе  жатқан  Варшава 

тұрғынынан  ағылшын  тілінде  жол  сұрап  едік,бізбен 

емін-еркін  сӛйлесіп,  барар  бағытымызды  кӛрсетіп  берді. 

Ана  тілімізді  ардақтасақ  құдды  осылардай  ардақтау 

керек  екен-ау  деген  ой  жан-жүйкемізді  шымырлатып 

жіберді. Ай бойы қыдырып тауса алмайтын Варшаваны бір 

күн  қыдырып,  маңызды  саяахат  орындарына  барып,  кешкі 

сағат  тоғызда  Варшавадан  Немістер  еліне  қарай  жолға 

шықтық..Түнімен  тоқтамай  жұрып  10-қараша  күні  таңда 

Германия Астанасы Берлиінге ат басын тіредік. Таңғы асты 

да ішуге үлгірмеген біз бірден Берлиіннің қақ ортасындағы 

Рейхстаг  алаңына  бардық.  Рейхстаг  алаңы  бұрынғы  Свет 

одағы  мен  Германия  соғысқанда  атақты  Рақымжан 

Қошқарбаев  атамыз  Берлиінге  алдымен  жетіп  Свет  туын 


қадаған алаң.   

 

 



Сол  заманғы  тас  тарихтың,  қан  аңсаған  зұлмат  күндердің 

куәсі менмін деп тұрғандай сұрланған сұры алаң Рақымжан 

бабамыз  басына  ту  қадаған  тарихи  сәтті  кӛзімізге 

елестеткендей  болды.  Қаншама  тарих  пен  қаншама  сырды 

ішіне  бүгіп  тұрғанын  айтқысы  келмегендей  суық  күзбен 

бірге  сұрланып  тұр.  Әуелде  Герман  екінші  империясының 

парламенттік  ғимараты  болған  бұл  алаң  кейін  үкімет 

тарабынан Германия парламент ғимараты болып бектіліпті. 

1994  жылдан  бастап  әр  бес  жыл  сайын  Германия 

федрациясы  осы  жерде  президент  сайламын  ӛткізеді  екен. 



1999 

жылдан 


бастап 

Рейхстаг 

алаңы 

Германия 



федрациясының  кеңес  палатасы  болып  тұрақталыпты.  Бұл 

алаңға  алыс-жуықтан  келген  саяхатышының  қарасы  мол. 

Тіпті  суретке  тұсудың  ӛзі  қиындау.  Атақты  Рақымжанның 

асқақ  рухы  мен  батырлық  елесі  кӛз  алдымызда 

мың-мийллион  елес  болып  шуалып  ӛтуде.  Біз  сол  қас 

батырдың  ұрқы  едік  деп  мынау  елге  жар  салғымыз  келді. 

Немістің  қарша  бораған  оғынан  тайсанбай,  осынау  алаңға 

жан  ұшырата  жеткен  сол  бабаның  қайсарлығын  аңгіме 

етудің ӛзі бір ғанибет . Берлиіннен белін шешпей қайтпауға 

ӛзінің  де  саптастарының  да  рухын  жанған  сол  батырдың 

аруағы  разы  болсын  деген  тілекпен  Рейхстаг  алаңына 

қимай-қимай қоштастық.     

 

 


 

                                      Бранденбрвк қақпасы 

               

  Түстен  кейін  Берлиіндегі  тағы  бір  маңызды  саяхат  орыны 

аталатын Бранденбрвк қақпасына бардық. Бұл қақпа Герман 

елінің,  Берлиін  қаласының  симовлы  деп  аталады  екен. 

Биіктігі 

22метр,кеңдігі 

65метр 

келетін 


жаңа 

классикашылдық  үлгіде  салынған  кӛрнекті  қорған  ӛз   

ролын  сәулелендіріп  тұр.  Бұл  қақпа  1788-1791  жылдар 

аралығында  Перусия  патшасы  Фридирх  Велхлием  2  ның 

нұсқауымен  Перусияның  жеті  жылдық  соғысының  ұлы 

жеңісін еске алу үшін салыныпты. Қақпаның қақ тӛбесінде 

5  метр  шамасындағы  әйел  құдайдың  мыс  мұсыны  бірден 


кӛзге шалынады. ( бұны Греция аңыздарындағы Ник немесе 

Рим аңыздарындағы Виталия деушілерде бар ) . Әйел құдай 

тӛрт ат жеккен екі доңғалақты арбаға отырып,қанатын кӛкке 

жайып, оң қолында каучұк ағашынан кестеленген аса таяғы 

бар,  алға  шабуылдап  келе  жатқан  бейнеде  мүсінделген. 

Мүсінді Перусия сәулетшісі Санд тарихқа қалтырған.     

Одан  соң  Берлин  қаласындағы  алтын  құс  мұсыны,  қызыл 

кӛпір  аталатын  орындарға  барып  суретке  тұсып  естелік 

қалтырдық.  Жол  бастаушысыз  тек  ӛзіміз  қала  картасына 

қарап саяхат орындарын араладық. Жол білмегендіктен кӛп 

уақытымыз  ары-бері  жүрумен  ұтылғанымен  маңызды 

орындарға  бара  алғанымызға  шүкір  еттік.  Бір  жақсысы 

Еуропа  елдерінде  метро  ӛте  қолайлы  кӛлік  екен.  Баратын 

жеріңе  он  минуттың  ішінде  апарып  тастайды.  Берлиіннің 

қала кӛркіне кӛзіміз тоймай жұрып, кештің қалай батқанын 

да  білмей  қалғандаймыз.  Асығып  ерте  батқан  қыстың  күні 

бізбен  тағы  қоштасты,  бізде  асығып  Берлиінмен,  Неміс 

елімен  қоштасып  Парижге  қарай  жол  алдық.тоқтаусыз 

заулаған  “Ecoliness”  кампаниясының  жүрдек  автобусы 

тынбай  он  екі  сағатжұрып,  Парижды  кӛруге  аңсары  ауған 

біздерді  таң  ата  жеткізді.  Әр  күні  әрбір  елдің  Астанасын 

аралап  жүрген  біздер  өзімізді  шынында  бақытты 


сезіндік.  Білім  іздеген  жастарды  ел  асырып,  көз  аясын 

кеңейтуге  жол  салған  Елбасының  тиімді  саясатына, 

ұлтты  сапаландыру  үшін  жастарды  жебеу  керек  екенін 

осындай  ұлы  жобалар  арқылы  жүзеге  асырғанына 

алғыс  айттық.  Кӛз  алдымызда  Париж,  кәдімгі  бір  кӛрсек 

деп армандап жүрген атақты Париж қаласы тұр. Арманның 

да  орындалатын  шағы  болады  екен-ау  деп  париждегі 

алғашқы  әсерлерін  айтысып  жатқан  сапарластарым  қаланы 

қалай  қыдыру  туралы  жоспарлар  жасай  бастады.  “  мен 

парижбын”  деп  еңсесін  керіп  тұрған  алып  шаһар  қай 

бұрышымды  қыдырсаңдарда  ӛкінбейсің  дегендей  кӛркімен 

кӛзімізді  арбап  тұр.  Алдымен  Чехияға  баратын  автобус 

белетін алып,тамақтанып алған соң тарихи музей саналатын 

әйгілі  Лувр  мұражайына  қадам  тастадық.  Лувр  мұражайы 

дүниедегі  бірден-бір  ең  үлкен  мұражай.Мұражай  1204 

жылы  салынған.  800неше  жылдық  тарихты  бастан  кешіп,   

бүгінгідей  сәулетке  ие  ірі  құрлыстардың  біріне  айналып 

отыр. Тұтас кӛлемі 680метрден тұратын мұражай кӛне және 

жаңа бӛлегі деп екіге бӛлінеді екен. Кӛне бӛлегі 14-ғасырда,   

жаңа  бӛлегі  Напелон  дәуірінде  салыныпты.Мұражай 

сыртындағы  әйнектен  жасалған  үшбүріш  мұнараны  қытай 

сәулетшісі Бей жинмиң жобалапты.     



 

 

                              Лувр мұражайының сыртқы көрінісі   

   


Қазір 

бұл 


мұражай 

Франция 


тарихындағы 

кӛне 


құрлыстардың  бірі  саналады.  Саяхатшының  кӛкесі  Лувр 

мұражайында  екен.шамалы  уақыт  тұрып  ішіне  кіретін 

белетті  зорға  алып,  мұражайды  тамашаладық.  Алуан  түрлі 

тас  мүсіндер,  оймалар  ежелгі  Еуропа  мәдениетін  пәш  етіп 

тұр.қай  мүсінге  қарасаң  да  шебер  қолдан  шыққаны 

менмүндалайды.  Мұражай әрқиырдан  шамамен 400мыңнан 

астам  әр  мемлекеттің  бағалы  кӛркемӛнер  туындыларын 

жинапты.  Мұнда  198  кӛрме  залы  бар  болып,  үлкен  кӛрме 



залының  ұзындығы  200  неше  метр  шамасында.Лувр 

мұражайын1-2 күннің ішінде аралап тауса алмайтынымызға 

кӛзіміз  жетті,  ат  шаптырым  аралықта  әлемнің  құнды 

мұраларын  қойнына  сүңгітіп  алып,  қамнен  -  қаперсіз 

ұйқыда жатқан тас тарих осы мұражай десек артық болмас. 

Мұражайдағы  мұрағаттардың  ең  бағалысы  Италия 

суретшісі Давиынчидың Монализасы.     

 

                        Монализаның тұп нұсқа суреті   



 

Монализаның  тұп  нұсқасын  кӛруге  келгендердің  санында 

шек  жоқ.  ығы-жығы  адамдар  арасында  тұрып  Монализаға 

кӛз  салдық.  Мұндайда  уақыт  шіркіннің  зулайтынын  айтып 

сұрамаңыз,  едемде  қараңғылық  үйріле  қалыпты.  Миғынан 

күліп  тұрған  Давиынчидың  Монализасына  қош  айтып, 

Францияның  тағы  бір  тарихи  симовлы  Ейфел  мұнарасына 

бардық.  Біз  келгенде  Ейфелтүнгі  шырағын  жағып,  аспан 



әлеміне кӛрік қосып тұр екен.     

Қарасаң  басың  айналатын  аспанмен  тірескен  мұнара 

Париждегі Сейне ӛзен жағалауындағы ( SeineRiver) “ соғыс 

тәңірі”  деп  аталатын  халық  алаңына  орналасқан  .  Биіктігі 



324  метр  келетін  Ейфел  мұнарасының  төрт  жағына 

мұнараны  қорғауға  атсалысқан,оны  зерттеп  еңбек 

жазған  72  ғалымның  есімін  ойып  жазыпты.Ейфел 

мұнарасы  тұңғыш  реткі  әлемдік  EXPO  ны  қарсы  алу  үшін 

және  Франция  ұлы  тӛңкерісінің  100  жылдығын  еске  алу 

үшін жасалған алғашқы зәулім құрлыс. Францияның атақты 

құрлыс  иінжнері  Ейфелдің  есімімен  аталған.  Мұнараның 

түнгі кӛрінісін негіз етіп суретке тұсып естелік қалтырдық.     

Париж бен Чехия Астанасы Прага қаласының аралығы тым 

қашықтау  екен.  жүрдек  автобуспен  12  сағат  жүрдік.кӛркем 

кӛрінісімен әлемге әйгілі Прага саяхат қаласы деп аталады.     

    Чехияның  экономикалық  орталығы  болған  Прәгә  қаласы 

ӛнеркәсіп,кен,құрлыс,ауыл шаруашылғын негіз ететін үлкен 

қала екен. Мәдениет жағынан да Еурӛпада алдыңғы орында 

тұратын  Прагада  атақты  музкант  Мотсарт,  жазушы  Франс 

Кафка,жазушы  Милан  Күндера  қатарлы  әдебиет  пен 

мәдениет  алыптары  осы  қалада  даңықты  шығармалар 

жазып  Праганың  даңқын  асырғаны  бізге  мәлім.сол 



дәстүрден  жаңылмаған  Прагалықтар  театр,  музка  сарайы, 

кітапхана,мұражай  қатарлы  кӛне  мәдениет  ошақтарын 

сақтап  қалуға  құлшыныс  танытуда  екен.Праганың  қақ 

ортасындағы  тарихи  орын  қала  қорғанына  кешқұрым  әрең 

жеттік.қаз-қатар тізіліп қабағын қарыс түйген саңғұндардан 

аумайтын тас қамал сүркейлі кӛрінгенімен Чех халқының ӛр 

рухын  әйгілеп  тұрғандай.қорған  ішінде  дүниеге  әйгілі 

Витус Бұтханасы бар екен. оның артында “ қопарғыш дәрі” 

деп  аталатын  кӛне  мұнара,  одан  кейін  астрономия  ғылымы 

мен алтын жасау мәдени мұра мұражайы орналасыпты. Бір 

араға  жиып  қойғандай  әсер  берген  ескі  тарихи  орындарды 

кӛріп,Чех  халқының  тарих  кӛшінен  бері  сан  мыңдаған 

тосқауылдардан  ӛтіп  қазіргідей  бейбіт  күнге  жеткенін 

бағамдағандай болдық.Асығып атып,асыығп бататын қысқы 

күн тағы да ұясына қарай еңкейді. Хакім абайдың атындағы 

ұлыттық унверситтеттің 19 магистранты тобымызды жазбай, 

барған жеріміз аз болғанымен кӛкейге түйгеніміз кӛп болып, 

Чехия  Астанасы  Прагадан  Литваның  Велнюс  қаласына 

қарай  жолға  шықтық.  Сапардың  аты  сапар  ғой,  шіркін. 

аталарымыз  айтатын  “  кӛз  аяң  кеңейеді  ”  дегенге  кӛз 

жеткізу осы екен ғой деп әр барған қаланың ӛзімізге берген 

әсерін  қасымыздағы  сапарластарымызға  айтудан  жалығар 



емеспіз.бір  тауліктей  жол  жұрып,әуелгі  келген  жеріміз 

Велынюс  қаласына  13-қараша  күні  аман-есен  оралдық. 

Ертесі  тәңертең  Велынюс  педагогикалық  унверситетке 

барып,лекция 

тыңдап,қортындыға 

қатынастық. 

Префессорлар  арнаулы  марапат  қағазын  беріп,алдағы 

ғылым  жолындағы  сапарымызға  ақ  жол  тіледі.  Лекциядан 



кейін  мен  қазақ  елінен  арнаулы  ала  келген  хакім 

Абайдың  қара  сөздері  жинақталған  кітапты  велынюс 

педагогикалық 

университеттің 

кітапханасына 

тапсырдым.     

 


 

   


Түстен  кейін  Велынюс  қаласының  маңындағы  Тракай 

аралына  бардық.  Қаладан  бір  сағаттық  жол  қашықтығына 

орналасқан  Тракай  аралы  қаладағы  кӛркем  кӛрініс 

райондарының бірі екен.         

Түсті  керпіштен  қаланған  ежелгі  қала  жамбылы  ақ  қар 

құрсанған  ормандықтың  арасында  кӛрер  кӛзге  кӛркем 

кӛрініп  тұр.баяу  аққан  ӛзен  суы  қыс  болсада  ағысын 

тоқтатар  емес.  Саяхатшылар  кӛп  келетін  болса  керек,  кіре 

берісте  тас  маржан,алқа,білезік  сатқан  сатушылар  кӛптеп 

кездесті.   



 

 

                        Тракай аралындағы Батырдың мүсіні         



         

Арал  ішінде  биіктігі  үш  метрден  астам,  ағашпен  ойылған 

батырдың  мұсіні  тұр.  Батырдың  бас  мұсынының  қасына 

айқасқа тұлпарының бас суретін қосып ойған екен. Тегінде 

Литвалықтардың  қас  батыры  болса  керек.  Түсіндірме  жазу 

Литва  тілінде  болғандықтан  не  жазылғанын  оқи 

алмадық.тек1994  деген  сифрдан  мұсынның  сол  жылы 

орнатылғанын аңғардық.     

  Сойтып,Велынюс  қаласында  осы  сапардағы  ең  соңғы 

кешті  батырдық.15-қараша  күні  Велынюс  әуежайынан 



Киевке  қарай  аттандық.  Велынюс  қаласы  кӛз  ұшында 

бұлдырап  қала  берді.  дәмі  бұйырған  кӛркем  қалаға  қайта 

оралғанша амандық болсын деп тіледік. Хош бол, қонақжай 

Литва халқы.есен бол,  Велынюс қаласы деген тілек сӛзіміз 

Литва аспанынан алысқа ұшып бара жатты.     

   


2016 жылы 27-қараша . Алматы.     

       


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет