1937-1938 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргіндер. Жазалаушы органдардың қуатты жүйесіне сүйене отырып, 30-жылдарда сталиндік билік жаппай қуғын-сүргінді бастады. Қуғындауға халықшаруашылығындағы және партиялық, мемлекеттік, әскери, ғылыми-техникалық мамандар, шығармашылық интеллигенция өкілдері ұшырады. 30-жылдары Кеңес Одағында қамаудағылардың саны 9-10 млн адамға дейін жеткен. Жаппай қуғын-сүргін ел өмірінің берекесін кетірді. Кәсіпорындар мен колхоз басшыларын үнемі тұтқындай беру өндірістегі тәртіп пен жауапкершіліктің төмендеуіне алып келді. Әскери кадрларда үлкен жетіспеушіліктер туындады. Жаппай қуғын-сүргіндер нәтижесінде Сталиннің жеке билігінің (сталиндік тоталитаризм) режімі деп аталатын саяси жүйе орнықты. Елдің жоғарғы басшыларының басым бөлігі жойылды. Олардың орнына Сталинге толығымен берілген басшылардың жаңа буыны (қуғын-сүргінді жүргізушілер) келді. Осылайша аса маңызды шешімдерді қабылдау түбегейлі БК(б)П Бас хатшысының қолына өтті. Жүйені құрушылармен жақтастардың өздеріде қуғын-сүргіннің құрбанына айналды. Политбюроның 32 мүшесінің (1917-1934 жж.) 75 пайызы жазаланды. Кеңес Одағының жоғары басшылығындағы бес маршалдың (Семен Буденный, Василий Блюхер, Михаил Тухачевский, Климент Ворошилов, Александр Егоров) үшеуі репресияға ұшырады. Барлық батырлардың ерліктері тек қана И.В. Сталиннің «көреген» басшылығының арқасында деп насихатталды. Рекордтар мен өнертабыстарға көсемнің «дана басшылығы» арқасында қол жеткізілді деп түсіндірілді. Адамдар үшін Отанға деген сүйіспеншілік Сталинге деген сүйіспеншіліктің синониміне айналып кетті. Сталиннің жекебасына табыну басқарушы режімге қарсы келуі мүмкін деген барлық беделді тұлғалардың, яғни партиялық және кеңестік басшылардың, соның ішінде қазақ зиялыларының түгелге жуық жойылуына соқтырды. 1937-1938 жылдары Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, Ұ.Құлымбетов, О.Исаев, О.Жандосов, Ә.Досов, А.Асылбеков, Ж.Сәдуақасов, С.Сапарбеков, Т.Жүргенов және т.б. «ұлтшыл - фашист» және «тыңшы» деп айыпталды. Көрнекті мәдениет және ғылым қайраткерлері – Ә.Бөкейханов, АБ.айтұрсынов, М.Дулатов, А.Ермеков, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, И.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров, Ж.Шанин, Қ.Кемеңгеров және т.б. да қуғындауға ұшырады. Қуғындалғандардың өздері ғана емес, олардың жанұялары да ауыр жазаларға тартылды. Осылайша сталиндік режім жылдары негізсіз саяси қуғынның ауыр салдарын көптеген көрнекті қоғамдық-саяси қызметкерлер мен тұтастай халықтар және этникалық топтар бастан өткерді. Миллиондаған адамдар кінәсіз қырғынға ұшыратылды. 20-30 жылдары КСРО-ның Германия және Жапониямен қатынастарында қайшылықты үрдістер байқалды. Кеңестік Ресей (КСРО) фашизмге қарсы күрес жүргізе отырып, 1921-1939 жылдар аралығында Германиямен, ал 1939 жылы Гитлермен келісім жасасты. 1930 жылдары Жапонияның МХР-ды мойындауына жауап ретінде Маньчжоу-гоны мойындады. 1939 жылдың аяғында Польшаның шығыс бөлігі мен Финляндияға шабуыл жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |