Еуропа елдеріндегі тоталитарлық режімдер §21. И. В. Сталин және ксро-дағы тоталитаризм. Индустрияландыру. ҰЖымдастыру



бет4/5
Дата25.03.2022
өлшемі19 Kb.
#28711
1   2   3   4   5
ГУЛАГ жүйесі. 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың басында елдегі жағдай өте ауыр болды. Үдемелі индустрияландыру мен ауылшаруашылығын ұжымдастырудың салдарынан елде қуғынсүргін көлемі ұлғайып кетті. Тұтқындарды қамайтын орындар санын өсіру қажеттілігі туындады. 1929 жылы 11 шілдеде КСРО ХКК «Қылмыстық-тұтқындардың еңбегін пайдалану туралы» қаулы шығарды. Ол бойынша 3 және одан да көп жыл мерз імг е айыпт алғ ан тұтқындардың барлығы БМСБ-ға берілді. 1930 жылдың сәуірінде лагерьлердің бас басқар- масы (ГУЛАГ) пайда болды. Қаулы бойынша барлық еңбекпен түзеу лагерьлері ІІХК-нан ГУЛАГ-тың басқаруына берілуі тиіс болды. Лагерьлерде адам құқықтары сақталмады. Режімді бұзғандарға қатаң жазалар қолданылды. Тұтқындар Қиыр Солтүстіктегі, Қиыр Шығыстағы және басқада аймақтардағы арналар, жолдар, өзгеде өнеркәсіптік нысандар құрылысында тегін жұмыс жасады. Аштықтан, сырқаттан және шамадан тыс еңбектен қаза тапқандардың саны тым көп болды. Мұндай лагерьлердің негізгі мақсаты – басбостандығынан айырылған адамдардың еңбегі есебінен табиғи байлықтарды өңдеу болды. Қамау мерзімі аяқталғаннан кейін адамдарды лагерьлерге тиесілі аумақтарда қалдыру қарастырылды. Жұмыс кезінде өзін жақсы көрсете білген тұтқындарды «ерікті қоныстарға» жіберу ұсынылды. ГУЛАГ лагерьлік жүйесі елдің көптеген аумақтарын қамтыды. ГУЛАГ лагерьлеріндегі тұтқындар саны жыл сайын өсіп отырды. 1929 жылдың 1 шілдесіндегі тұтқындар саны 23 мың адам болды, 1930 жылы – 95 мың, 1931 жылдарға қарай – 155 мың, ал 1934 жылдың 1 қаңтарында 510 мың адамды құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет