Еуропа елдеріндегі тоталитарлық режімдер §21. И. В. Сталин және ксро-дағы тоталитаризм. Индустрияландыру. ҰЖымдастыру



бет3/5
Дата25.03.2022
өлшемі19 Kb.
#28711
1   2   3   4   5
Индустрияландыру. Кеңестік экономиканың дамуындағы басты міндеттің бірі ретінде 1925 жылдың аяғында индустрияландыру мәселесі қойылған болатын. Сол уақыта оның негізгі мақсаттары ретінде: елдің техникалық-экономикалық артта қалушылығын жою; экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу; қуатты қорғаныс өнеркәсібін құру; өнеркәсіптің базалық салаларын (жанармайлық, металлургиялық, химиялық, машина жасау) бірінші кезекте дамыту қажеттігі белгіленді. Бұл міндеттердің орындалуы қажетті материалды және қаржылық қаражаттардың жоқтығынан тоқтап тұрды. 1927 жылы кеңестік экономистер елдің индустрияландырылуы үшін барлық аудандардың кешенді дамуын және барлық ресурстарды қолдануды қарастыратын рнбіші бесжылдық жоспарын жасауды бастады. 5 жыл ішінде КСРО-ның жұмысшылары мен шаруалары ұлттық шаруашылықты қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Ауырөнеркәсіпте де табыстарға қол жеткізілді. Мата, тері, қант, тамақ және басқа да жеңіл өнеркәсіп салалары дамыды. 1925 жылы, негізінен, өндірістің соғысқа дейінгі деңгейі қалпына келтірілген болатын. КСРО-ның техникалық-экономикалық артта қалуы қорғаныс қабілеттілігінің де әлсіреуіне әсер етті. Билікке экономиканы модернизациялау қажеттілігі туындаған болатын. Елбасшылығы экономикалық арттақалушылықты жеңу және қорғаныс қабілеттілігін нығайту тек қана индустрияландыру жолы арқылы жүзеге асады деп есептеді. Оның мәні КСРО-ны көліктер мен құрылғыларды сырттан әкелуші мемлекеттен, оларды өндіретін мемлекетке айналдыру еді. 1925 жылдың желтоқсанында БК(б)П-ның XIV съезі болып, ол тарихқа индустрияландыру съезі ретінде енді. 1925 жылы экономикалық қиындықтарды шешу жолы ретінде экономиканы партиялық-мемлекеттік реттеуді күшейтті. Нәтижесінде өнеркәсіптік өндіріс соғыс қарсаңындағы деңгейден асып түсті. Индустрияландыру шеңберінде Түркістан мен Сібірді жалғастыратын ұзындығы 1500 км құрайтын теміржол құрылысы жүргізілді. 1926 жылы Сталинградта трактор зауытының негізі қаланып, ДнепроГЭС құрылысы басталды. Бұлар алып құрылыстар еді. 1929жылдан бастап ел үлкен құрылыс алаңына ұқсас болды. Алайда оның алдында басқа да қиындықтар туындады. Материалдық және адамдық ресурстарды көп мөлшерде жұмсау, ауылдарға артық ауыртпашылық жасау арқылы жүргізілген индустрияландыру 1933-1937 жылдары елеулі нәтижелерін берді. Техникалық-экономикалық арттақалушылық пен импортқа тәуелділіктен құтылды. Индустрияландыру нәтижесінде өнеркәсіптен жеке капитал толығымен ығыстырылып шығарылды. Аграрлы Кеңес мемлекеті аграрлы-индустриялдыға айналды.

Ауылшаруашылығын ұжымдастыру. Орасан зор индустрияландыруды іске асыру аграрлы секторды қайта құруды қажет етті. Батыс елдерінде аграрлық революция өнеркәсіптік революциядан бұрын жүргендіктен, қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету оңай болды. КСРО-да осы екі үрдісті бір мезгілде орындау керек болды. Сонымен бірге ауыл азық-түлік көзі ретінде ғана емес, индустрияландыру қажеттіліктері үшін қаржылық ресурстарды толтырып отырушы ретінде қарастырылды. Ұжымдастыру саясаты жерді жалға беруге, жалданбалы еңбекке тыйым салды, ауқатты шаруалардың (кулактардың) өндіріс құралдарын, шаруашылық және тұрғын құрылыстарын, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын тәркілеуді қарастырды. Өндіріс құралдары және мүлік кедейлер мен батрактарға қолдау ретінде колхоздың бөлінбейтін қорларына берілді. Сондай-ақ кулактардың бір бөлігін саяси қылмыскерлер ретінде тұтқындап, қуғын-сүргінге ұшырату, өзге бөлігін отбасыларымен бірге елдің солтүстік және алыс аймақтарына, ал үшінші бөлігін жердің ұжымдар алқаптары шегарасынан тыс арнайы бөлінген аумақтарға орналастыру көзделген болатын. Ұжымдастыру – бұл индустрияландыруға жасалған үлкен секірістен кейінгі ауылдардағы ұлы бетбұрыс болып табылды. Ұжымтастыру 1928-1929 жылдары басталды. БК(б)П XV съезі шағын шаруа қожалықтарын үлкен социалистік шаруашылықтарға айналдыру міндетін қойды. И.В. Сталин «жаппай ұжымдастыру» ұранын жариялап, 1931 жылдың көктеміне дейін Солтүстік Кавказда, Төменгі және Орталық Волгада, астықты аймақтарда ұжымдастыруды аяқтауды жоспарлады. «Жаппай ұжымдастыру» салдарынан 1932 жылдың қыс мезгілінде бұрын болып көрмеген аштық кең етек алды. Миллиондаған адамдар қаза тапты. Ел басшылығы 1934 жылдың маусымында ұжымдастырудың жаңа, аяқтаушы кезеңінің басталатынын жариялады. 1937 жылы орасан зор адам шығындар мен ұжымдастыру аяқталды: шаруа қожалықтардың 93 пайызы колхоздарға біріктірілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет