Еуропа Одағының қолдауымен Орталық Азияның табиғи қорларын басқару бойынша өңірлік ынтықтамасу Мәтін



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі1,7 Mb.
#9941

Орман мен биоалуандылы ты бас ару ж не 

сонымен  атар  орша ан ортаны жа дайын ба ылау

е

аржыландырушы:



Еуропалы Ода

Еуропа Одағының қолдауымен Орталық Азияның 

табиғи қорларын басқару бойынша өңірлік ынтықтамасу 

Мәтін

Орман, жайылым және топырақтың азуы Орталық Азияның экономикасына 

және ауыл тұрғындарының жағдайына қауіп-қатер әкеледі. Өйткені оларды 

қалпына келтіру қымбат немесе іс жүзінде жасауға мүмкіншілік жоқ, бұл ға-

лами мәселеге жатады. Экологиялық жүйелер және олардың биологиялық 

әртүрліліктері қауіпті жағдайда тұр. Өңірдегі азып тұрған жерлер саналып, 

көрсетілген. Антропогендік және физикалық факторлардың әсер етуі, оның 

ішінде климаттың өзгеруі осы жағдайдың себебі болып табылады. Эколо-

гиялық жүйелерді бөлу, яғни олардың тұтастығын бұзу генетикалық айыр-

бастауды маңызды түрде шектейді, сирек кездесетін өсімдік әлемін және 

жануарлар дүниесін сақтап қалуға қауіп-қатер тудырады, және жалпы био-

логиялық әртүрлілікті қысқартады. Жабайы аңдардың мекені қысқартылып, 

көшіп жүретін жануарлардың түрлерін дамытуға мүмкіндіктер шектеулі. 

Табиғи ортаның тұтастығын ұзақ мерзімде сақтау үшін, Орталық Азия елдері 

жайылым және орманның экологиялық жүйелерін қалпына келтіру қажет.  

 

Табиғи қорлардың жағдайын төмендетуге бірнеше себептер бар, және 



олар барлық елдерде бірдей: (1) жұмыссыздық-тың жоғары деңгейіне және ауылдық жерде кең таралған кедейлікке 

байланысты тұрғындардың өсуі, бұл жерлер табиғи қорларға тәуелді, (2) қорларды тұрақты басқару және ұсақ ферма 

иелеріне және қор пайдаланушыларына техника-лық қолдау көрсету тәсілдерін білмеу, (3) басқару саласында 

мекеменің ұйымдық құрылымының жетілдірілмегендігі және кәсіби ісінің жетіспеушілігі. Өңірде мәселені шешуге өз 

үлесімін қосатын көптеген әртүрлі жобалар және баста-малар бар. Олар жергілікте деңгейде қолданатын экологиялық 

жүйелерді сақтау және табиғи қорларды тұрақты пайда-лану бойынша әртүрлі тәсілдемелерді ұсынады. Бірақ бұл 

жеткілікті емес және бұдан әрі экологиялық жүйелердің бұзылуын және биологиялық әртүрліліктің жоғалтуын 

төмендету бойынша шаралар қолдануы тиіс. Еуропа Одағымен ұлттық және өңірлік сұхбаттасулар және келісілген 

іс-әрекеттер дара бастамаларды біріктіруге және ғалами маңызды экологиялық жүйелерді қалпына келтіруге және 

сақтауға ықпал етуі мүмкін. 

Жобаның аты 

Қоршаған орта жағдайының бақылауын қоса алғанда, ормандарды және биологиялық 

әртүрліліктерді басқару

Тапсырыс беруші 

Еуропа Одағы  

Елдер


Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан

Бюджет


4,4 млн. еуро

Мерзімі


2013 - 2015 жж.

Жеті-Оғыз аудандағы орман жайылымында 

малды жаю. Қырғызстан


FLERMONECA жобасы Орталық Азия үшін Еуропа Одағының Өңірлік экологиялық бағдарламасының төрт компо-

ненттерінің біреуі болып табылады (EURECA 2009):

   - Орталық Азияның Еуропа Одағының экология және су ресурстары бойынша өңірлік ынтымақтасуды жақсарту 

     үшін өңірлік үйлестіруі және қолдауы

   - Қоршаған орта жағдайының бақылауын қоса алғанда, ормандарды және биологиялық әртүрліліктерді басқару 

    (FLERMONECA) 

   - Орталық Азияда су шаруашылық және бассейн ұйымдарын қолдау  

   - Экологиялық хабар беруді көтеру 



Біздің мақсаттар  

Ормандарды, жайылымдарды және жабайы аңдарды тұрақты пайдалану 

және қорғау сұрақтарында, сонымен қатар қоршаған ортаның жағдайын 

бақылау саласында Еуропа елдерімен өңірлік ынтымақтасуды және өзара 

әрекеттесуді кеңейтуге тырысамыз. Бұл Орталық Азияның бес елдеріндегі 

мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерімен, салалық министрлік-

терімен тығыз ынтымақтасу арқасында жетуі мүмкін. Сонымен қатар, 

өңірде тұрақтылық және қауіпсіздік қолданылады, және тұрақты 

экономикалық даму және кедейлікті қысқарту үшін мықты негіздер 

құрылады.



Біздің қызметіміз 

Орталық Азияның барлық елдері, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық 

ұйымының топтамасына сәйкес, көп емес орманды алқабы бар елдері 

болып табылады. Бұдан басқа, қалған орманның көптеген бөлігі азған 

немесе кесіп алып тастауға жатады. Аумақты ормансыз қалдыру адам 

өмірінің және жабайы аңдардың жағдайын төмендетеді, сондықтан 

өңірдің экологиялық жүйесінің тұрақтылығы және тепе-теңдігі қауіпті 

жағдайда тұр. Сонымен қатар, орман қорларын кешенді қорғау, сақтау және 

тұрақты пайдалану ең маңызды болып есептеледі. Қазіргі уақытта барлық 

елдер, тек Түрікменстаннан басқа Санкт-Петербургтың орман заңнамасын 

құқықты түрде қабылдауын қамтамасыз ету және орманды басқару 

туралы декларациясына қол қойды. Сонымен қатар, қазіргі міндетіміз осы 

міндеттемелерді сақтап, нығайту.  

Біздің әріптесіміз Гессен жерінің орманы бойынша Германия 

агенттігімен (Hessen Forst) бірлесіп, сала министрліктеріне және 

агенттіктеріне 

әкімшілік құрылымдарды, заңнаманы және оны 

орман секторында қолдануды жетілдіруге көмектесеміз (FLEG). 

Әріптес министрліктерге өз іс-әрекеттерін ұлттық және өңірлік көлемде 

келісуге көмек беру үшін біз кеңес беру қызметтерін ұсынамыз, үнемі 

тренингтер, кездесулер және форумдар өткіземіз. Алдыменен бұл орман 

заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге, орманды заңсыз кесумен 

күресуге және орман қорларын басқару құрылымын жақсартуға қатысты. 

Біз оларға жаңа әдістерді үйренуге және орманды дұрыс пайдалануға, 

тәжірибені және ақпаратты айырбастауға көмек береміз. Мысалы, 

Тәжікстанда орманды бірлесіп басқару ыңғаймен жасалған, бұл бұдан әрі 

бүкіл ел бойынша таратылады. Орман шаруашылықтары жергілікті тұрғын-

дарға жалғаға орман учаскелерін орманды қалпына келтіру жұмыстарын 

жүргізу және болашақта орман өнімдерін бірлесіп пайдалану шарттары бойынша ұсынады.    

Қазақстан, Жамбыл ауданының солтүстігін-

дегі қысқы жайылым жолындағы табын.

Орман секторындағы жоспарланған шара-

лар тұсаукесері. Ташкент, Өзбекстан.

Қалпына келтіруге жататын ормансыз қал-

дырылған алқап. Шаристан, Тәжікстан.



Қазіргі уақытта ОА барлық елдерінде FLEG бағыты бойынша іс-әрекет жоспары дайындалған және жұмыс топтары 

құрылған.



Экологиялық жүйелерді және биологиялық әртүрліліктерді сақтау және басқару 

біздің қызметіміздің басқа 

бағыты болып табылады 

(ERCA).

 

Есептелінген, өңірдің 72% жайылым жерден тұрады. Елдерге байланысты ара 

қатынас өзерілуі мүмкін, бірақ жалпы кіріс мысалы өңірдің жарты тұрғыны 

жайылымға тәуелді. Совет Одағы таратылғаннан кейін өңірдің бүкіл елдеріндегі 

жайылым жүйесі жылдам өзгере бастады. Адамдар жайылымның кезектілігін 

сақтауды қойған, сондықтан бұл азуға әкеліп соқтырды. Жайылымдар экология-

лық жүйенің күрделі бөлігі болғандықтан, тек қана малды жаю орны емес, жа-

байы аңдардың мекені болып табылады. Олардың жағдайы осы экологиялық 

жүйемен ұсынылатын, қызметтердің сапасына әсер етеді. Ұлттық және халықа-

ралық әріптестерімен бірлесіп, біз жайылым пайдаланушыларға және олардың 

қауымдастығына табиғи қорларды тұрақты пайдалануға қосылатын, сонымен 

қатар экологиялық жүйені және биологиялық әртүрліліктерді сақтауға үлес қосу

үшін шешімдер іздейміз. Біз ұлттық және өңірлік сұхбаттарды және білімдері-

мізбен алмасуды қолдаймыз. Табиғи қорларды тиімді басқару саласында білік-

тілікті және күш-қуатты көтеруге бағытталған мәселелерге ерекше назар аударылады. Бұған, мысалы басқару жоспары-

ның дайындығы, бақылау әдістері және басқару процестері кіреді.

Жануарлар әлемін қорғау бойынша халықаралық тәжірибесі, қаржылық және адам инвестициялар жергілікті тұрғын-

дарды тартпай пайдасыз болатынын көрсетеді. Сондықтан біз жергілікті қауымға сүйенетін жабайы аңдарды қорғау 

бойынша бастамаларды қолдаймыз және олармен тығыз қызмет етеміз. Біздің қызметіміздің басты сиқыры — ол 

күзетілетін аумақтың шегінде жергілікті тұрғындарға және пайдаланушы топтарына ұзақ мерзімге пайдалану құқығын 

және жауапкершілігін тапсырумен байланысты тәсілдемелер. Бұл тәсілдеме Тәжікстанда қолданылады, қауымдар 

туризімнен, құспен және аңшылықты қадағалау бойынша экспедициядан қосымша табыстар ала бастады. Бұл табиғи 

қорларды сақтау ісінде адамдардың дұрыстылығын және ынтагерлігін қолдайды. Жабайы аңдарды басқару бойынша 

тәжік қоғамдық ұйымдарының оң тәжірибесінің арқасында жеке түрлерінің қауымдалыстығы көбейді және шетел 

туристерінің жағынан сұраныс көтерілді, сондықтан қырғыз ұйымдары осы тәжірибені қабылдауға көздерін жеткізді.

Бұдан басқа, біз жергілікті бірлестік және мемлекеттік бейінді агенттіктер арасында ынтымақтастықты қолдаймыз. 

Тиісті тренингтерді өткізу арқасында, біз олардың кәсіби деңгейін көтеруге көмек береміз. Үкіметте біздің әріптестері-

мізге заңнама базасын жетілдіру мәселесінде кеңес береміз және біз оларды жабайы аңдардың қауымдалыстығын 

бақылау бойынша зерттеулерді жүргізу үшін қолдаймыз. Мысалы, Қырғызстанда қабылданған аңшылық туралы жаңа 

заң және Тәжікстандағы қабылдауы күтілуде ұқсас заң, жануарлар әлемін тұрақты пайдалану және сақтау үшін негізді 

қалайды. Жаңа құқықтық шектер аңшылық шаруашылық, жергілікті қауымдар және мемлекеттік органдар үшін барлық

мүдделік танытқан тараптар пайданы алуға жабайы аңдарды басқаруға ынталандырады. Табысты әдістер және тәсіл-

демелер өңірлік және халықаралық үшін тәжірибемен алмасуды құжаттандырады және арнайы веб-платформаларда, 

сондай-ақ WOCAT және WECOOP сақталады.

Бұдан басқа, біз біздің әріптестерімізге табысты тәжірибемен алмасу және 

жаңа тәсілдемелерді және аумақтық шекаралардан тәуелсіз табиғи қор-

ларды басқару әдістерін пайдалану мәселелеріне кеңес береді. Өңірлік 

деңгейде білімдерді басқару үшін біз әртүрлі веб-сайтта және деректер 

базасында цифрлы форматта сақталатын экологиялық тақырыптар бойын-

ша автоматты түрінде барлық ақпаратты және құжаттарды біріктіретін 

«Білім орталығын» (KHUB)- іздеу жүйесін құру үшін жұмыс істейміз. Бұл 

олардың арасында айқас-қан сілтемелерді құрайды. Бұл нәтижеде пайдала-

нушыларға ОА елдерінен білім базасына жылдам және оңай қол жеткізуге 

мүмкіндік береді.

Заңнамалық, институционалдық және саяси шарттарын жақсартуға бағыт-

талған шешімдерді қабылдау процесін қолдау үшін ұлттық және өңірлік 

сұхбатта-суға көмек береміз.

“Білім орталығының” кестесі (KHUB 2.0)

data

CMS


CMS

CMS


CMS

CMS


CMS

data


data

data


data

data


data

data


data

data


data

data


data

СMS –  сайттың мазмұнын 

басқару жүйесі 

Қырғызстан, Ыстық көл облысындағы 

Марко Поло арқары.


Халықаралық табиғи қорғау келісімдері маңызды бағдарларды белгілейді және саясат пен іс-әрекетті үйлестіруге көмек 

береді. Көшіп жүретін жабайы аңдардың түрлерін қорғау туралы БҰҰ конвенциясы және биологиялық әртүрліліктер 

туралы БҰҰ конвенциясы бүкіл әлемдегі жабайы аңдарды қорғау үшін танылған негіздерді ұсынады, бұл өзінің дұрыс 

өмірлік кезеңіне байланысты мемлекет аралық шекараларды кесіп өтеді. Біз олардың іске асыру механизімін дайындау 

және келісу кезінде осы табиғи қорғау конвенциясына қосылып, ел үкіметіне көмек береміз. Біз жабайы аңдар 

мекенінің азуын және бөлуін жеңу үшін трансшекаралық іс-әрекеттер жоспарын және пікірсайыстарын дайындауға 

қатысамыз.

Табиғи қорларды қорғау және пайдалану саласында өңірдегі қоршаған ортаның жағдайы туралы расталған 

деректердің бар болуы қажет, және бұл туралы ақпарат ашық және қол жетімді болуы тиіс. Сондықтан 

біздің қызметіміздің  үшінші бағыты – 

ол Орталық Азияда қоршаған ортаның жағдайы бойынша деректердің 

бақылау жүйесін құру үшін көмек беру (MONECA).

Біздің әріптестеріміз, Орталық Азияның Өңірлік экологиялық орталығы (РЭЦЦА) 

және Австриялық федеративтік қоршаған ортаны қорғау бойынша агенттігі 

(UBA), қоршаған орта жағдайының бақылауын үнемі жақсарту және деректерді 

талдау, сонымен қатар есептерді жасау және экологиялық ақпараттармен алма-

су үшін салалық министрліктерді қолдайды. Қоршаған ортаның жағдайы бойын-

ша ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және тарату процесіне қатысатын мемлекет-

тік мекемелердің мүмкіндігін көтеру MONECA қызметінің ең маңызды бөлігі бо-

лып табылады. Бұл процеске тренингтер және семинарлар, Еуропа Одағы сарап-

шыларының сапарлары, жабдықтарды және  бағдарламалық қамтамасыз етуді 

ұсыну жатады. Қызметтің басқа бағыты экологиялық ақпаратты алуға белгілен-

ген – БҰҰ ЕЭК (БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы) ұсынған бөлек эколо-

гиялық көрсеткіштер бойынша үнемі деректердің жинау жүйесін құру, қоршаған

ортаның жағдайы туралы үнемі ұлттық есептердің жүйесін дайындау (NSoERs) және бөлек тақырыптар, сондай-ақ су

сапасы бойынша географиялық ақпараттық жүйені (GIS) пайдаланып, өңірлік карталарды дайындау. Бөл өзіне эколо-

гиялық деректерді жинау, өңдеу және айырбастау бойынша бүкіл еуропалық стандарттар әлеміндегі бірлескен эколо-

гиялық ақпараттың жүйесін енгізеді және таратады (SEIS). Бұл жүйе біздің әріптес мекемелеріне елдің ішінде, сондай-

ақ бүкіл әлем бойынша бос және оңай сөйлесуге кепілдік береді. Азаматтық қоғамының әртүрлі кездесулеріндегі 

және бұқаралық ақпарат құралдарындағы SEIS принциптерінің жылжуы және жобасы туралы ақпаратты тарату біздің 

жұмысымыздың бөлігі болып табылады.  

FLERMONECA жобасындағы жұмыстың үш бағыты өзара байланысты және бір-бірін толықтырады; олардың табысты 

нәтижелері Орталық Азияда табиғи қорларды тұрақты және дұрыс пайдалануға, қорғауды қамтамасыз етуге көмек 

береді.

Демалыс деректер 

 

                      Өндіруші:                     Deutsche Gesellschaft für 



    

                                            Internationale Zusammenarbeit (GIZ) GmbH

                                                               (Германиялық халықаралық ынтымақтасу бойынша қоғам)

                                                               Бас кеңселері Бонн және Эшборн қалаларында, Германия

 

                      Автор(лар):                   Индика Кочкарова, Наталья Митякова



             

                      Суреттер:                      © Орталық Азияда табиғи қорларды тұрақты 

                                                               пайдалану бойынша өңірлік бағдарламаның мұрағаты,  

                                                               “CAMP Алатоо” ҚҚ, Аскар Давлетбаков

                      Дизайн:                          Александра Устинова

                      Жарияланды:   

   “V.R.S Company”, Бішкек, Қырғызстан

                      2014 наурыз жағдайы бойынша 

Тәжікстан, Мұрғабадағы тауешкі санын 

қадағалау. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет