Еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі


жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көп дәрежелі жоғары білімді енгізу



бет2/4
Дата18.04.2023
өлшемі359,72 Kb.
#84004
1   2   3   4
жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көп дәрежелі жоғары білімді енгізу;
академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;
білім сапасын бақылау;
студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;
нәтижелерге және студенттік орталықтандырылған оқытуға бағытталу -жатады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛОН ПРОЦЕСІ
2010 жылғы наурыз айында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына қосылып, Жоғары білім берудің еуропалық аймағының 47- мүшесі және еуропалық білім беру кеңістігінің толық құқылы мүшесі ретінде танылған алғашқы Орталық Азия мемлекеті болды.
Болон процесіне қосылған соң Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды.
1. Қазақстандық жоғары оқу орындарының қазіргі таңда әлемнің 650 университеті қол қойған Университеттердің Ұлы Хартиясына қосылуы орын алды. Бұл отандық білім беруді еуропа стандарттарына жақындатуға мүмкіндік береді. Ұлы Хартияға 60-тан аса қазақстандық университеттер қол қойды.
2. Болон декларациясының принциптеріне негізделген, мамандарды дайындаудың үштік моделі жүзеге асырылды: бакалавр – магистр – PhD доктор.
3.Жоғары оқу орындарының оқу процесіне озық технологиялар мен оқыту жүйелері енгізілді: барлық жоғары оқу орындарына оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді, 38-інде қос дипломды білім беру, 42-інде қашықтықтан оқыту жүзеге асырылады. Дублин дексрипторларына сәйкес модульдік білім беру бағдарламаларын, силлабустарды әзірлеу жүзеге асырылуда, Ұлттық біліктілік шеңбері құрылды.
4. Студенттердің академиялық ұтқырлығы аясында сынақтық бірліктерді қайта есептеу негізіне ECTS (European Credit Transfer System) қабылданды, ECTS бойынша жаңа нұсқаулық (2015 жылғы 14-15 мамырда Ереван конференциясында білім министрлерімен бекітілген) енгізілуде.
5. ҚР БҒМ профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық мобильділігіне қаражат бөледі, сондай-ақ жоғары оқу орындары тарапынан да академиялық мобильділікке қаражат бөлінеді.
6. Салыстырмалы критерийлер мен әдіснаманы әзірлеу мақсатында сапаны қамтамасыз етудегі еуропалық ынтымақтастыққа көмектесу үшін ҚР БҒМ Аккредиттеу агенттіктерінің ұлттық тізімін құрды, оның ішіне Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігінен (IQAA) басқа тағы бір ұлттық және 8 шетелдік агенттік енді. 2009-2015 жылдар аралығында БСҚА 50 жоғары оқу орнын институционалдық аккредиттеуден және 1100 бағдарламаны аккредиттеуден өткізді, әлемнің 25 мемлекетінен 153 шетелдік сарапшы, 1100-ға жуық отандық сарапшы, оның ішінде 190 студент пен 200-ден аса жұмыс берушілер шақырылды. Агенттікте Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігінде жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етуге арналған стандарттар мен нұсқаулықтарды аккредиттеу стандарттарымен үйлестіру жұмыстары жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет