Еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі



бет3/4
Дата18.04.2023
өлшемі359,72 Kb.
#84004
1   2   3   4
Байланысты:
ПЕД-2 СЕМИНАР

Германияның
білім беру
жүйесі
  • Германияда балалар бастауыш мектептегі оқуды 6 жасынан бастауға міндетті.

•Гимназиядағы оқу 7 жылға созылады:
•төменгі сатысы - 7-10 сыныптар
•жоғары сатысы - 11-13 сыныптар
Гимназияның басты мақсаты - барлық пәндерден терең білім беру, жаңа мәліметтерді өз бетінше меңгеру дағдыларын дамыту
  • Барлық Жоғары оқу орынында мекемеге келген студент алдымен екі жыл базалық білім алады. Содан кейін ғана өз мамандығының маңайын енеді. Мемлекеттік емтихан тапсырып, жақсы көрсеткіш көрсеткенде ғана диплом қолдарына тиеді. Германия Жоғары оқу орнына түсу үшін тек орта мектептен алған біліміңіз жарамайды. Сонымен бірге, міндетті түрде, неміс және ағылщын тілдерін үйрететін, басқа да дайындық курстарын оқып қана ЖОО-ға түседі.


Оңтүстік Корея мектептерінде балалар өте көп оқиды. Әсіресе жоғарғы сынып оқушыларының саны айтарлықтай жоғары. Сабақтан кейін оқушылар біздегі репетитор орталықтары секілді хагвонға барады. Ол жерде сабақтарын орындап, мұғалімдермен қосымша дайындық жүргізеді, бірақ мұнда мектептегідей ауыртпашылық болмайды, баға қойылмайды. Хагвоннан оқушылар сағат 23:00-де босайды. Мұның барлығы болашақта жақсы жоғары оқу орнына түсу үшін жасалатын шаралар. Өйткені Оңтүстік Кореяда жоғарғы оқу орнына түсу бәсекелестігі өте жоғары. 3-5 жыл қатарынан тапсырып түсе алмау бұл жақта қалыпты құбылыс. Соған орай, мектептен кейінгі университеттік өмір жеңілірек болады. Талап азаяды, бос уақыт көбейеді. Шетелдіктер үшін Оңтүстік Кореяда оқу оңай емес. Өйткені көбі мұндай талап пен бәсекелестікке үйренбеген.
Мектепті тәмамдағаннан кейін Қазақстандағы ҰБТ секілді емтихан тапсырылады. Барлық корей оқушылары мен ата-аналар тек осы сынақ үшін өмір сүреді. Емтихан науқанында барлық храмдар мен церковьтар баласына ақ жол тілейтін ата-аналарға толады. Емтиханда аудиожазба тыңдау арқылы орындалатын тапсырма бар. Сол уақытта Корея аэропорттарынан ешқандай ұшақ ұшып-қонбайды. Өйткені ұшақ дауысы оқушыларға кедергі келтіреді екен.
Мектеп оқушылары үшін Кореяның үздік жоғарғы оқу орындарына экскурсиялар өткізеледі. Бұған тек жоғары сынып оқушылары ғана емес, төменгі сыныптағы оқушылар қатысады. Соған қарағанда балалар кішкене кезінен қай университетке түсетінін анықтайды.
Финляндия халқы сәби дүниеге келе салысымен, оған толыққанды азамат ретінде қарайды. Бірден төлқұжат береді. Ата-аналарға қоғамдық орындарда баласына дауыс көтеруге тыйым салады. Тәрбие тек үйдің ішінде берілуі керек сынды қағида қалыптасқан. Ал қол көтергендері үшін көлемді айыппұл төлетуі
Кез келген 10 айлық бала балабақшаға баруға құқылы. Ол жерде тамақты тегін алады. Әдеттегі балабақшаға мүгедек балаларды да қабылдайды. Олар өзге балаларға ілесіп, нәтижесінде жастайынан өмірге икемделе бастайды. Кейде өмір сүруге қажетті мүшелерін қалпына келтіреді.6 жасынан бастап баланы мектепке дайындайды. Ол жерде қажет болатын қабілеттерді жетілдіреді. Тіпті бастауыш сыныптың бағдарламасын меңгерте бастайды. Баланы ерекше талант иесі деп танып, мектепке дейін екі тілді меңгертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет