- жекеменшік мектептер жоқ; - сабаққа қажет құрал-жабдықтар мен оқулықтар тегін беріледі; - түскі ас тегін; - оқушылардың жол жүру билетінің ақшасын муниципалитет төлейді; - мемлекетте мектеп инспекторлары жоқ;- мұғалімдерге толықтай сенім артады; - жемқорлық өте аз; - табиғатынан кем-тар болып туылған балалар құрдастарымен қатар отырып білім алады - ұстаздардың оқушыны басқа мектепке көшіру немесе оқудан шығару сынды құқығы жоқ.
Финляндиялықтар балаларды 9 жылдық мектепке топтастырмайды. Бұл елде 1990 жылдан бастап оқушыларды дәстүрлі түрде сыныпқа бөлу ережесінен бас тартқан.Оқу жылы 190 күннен құралады. Тек күндіз ғана білім алады. Ал сенбі, жексенбі күндері мектептерде демалыс. Барлық фин мектебі тек 1 ауысымда жұмыс істейді. Ұстаздардың жұмыс күні сағат 8-ден 15-ке дейін созылады. Мектепті бітірерде қорытынды экзамен тапсыруға міндетті емес. Ал диктант, бақылау жұмысы сындылар ұстаздың қалауымен жүзеге асып отырады.Білім мекемелері жоғары деңгейде жабдықталған. Сыртқы, ішкі көрінісі көздің жауын алады. Жиһаздардың даусы шықпайды. Шкаф, парта, орындық сындыларға сынып ішінде қозғалу үшін дөңгелек аяқ таққан, немесе матамен қаптап қойған