Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) — Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.Еуропа одағы (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік.Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Аустрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған.
Еуропалық одақтың Қазақстанмен байланысы
Қазақстан Еуропа елдерімен тек экономика саласында ғана емес, сонымен бірге, саясат пен қауіпсіздік, экология, демократия мен адам құқықтары саласында беделді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы шеңберінде ынтымақтастықта жұмыс істеуде. Тіптен осы беделді ұйымға Қазақстан 2010 жылы төрағалық етті. Бұл құрмет пен сенімнің Қазақстанға оңайлықпен келмегені рас. Қазақстан төрағалық еткен мерзімде ЕҚЫҰ көлемінде шешетін мәселелері де аз болмады. Қалайда, бүгінгі күні Қазақстан Еуроодақтың Орталық Азиядағы негiзгi сауда және инвестициялық әрiптесi болып отыр. Еуроодақ Қазақстанның ең iрi сауда әрiптесi болып табылады, 2008 жылы оның көлемi 39 миллиард долларды құрады.
Еуропалық Одақтың қазіргі жағдайы
Еуропадағы газ бағасы апта сайын дерлік құлдырауды үзіп, 1000 текше метрге 2100 доллардан асатын айтарлықтай өсімге көшті.
ЕО-ның көптеген елдерінде вакцинация деңгейі тым төмен
Э.Макрон ЕО сайлауына қайта қатысам деп шешті.
ЕО Ресейге қарсы санкция орнатып, Украинаға көмек беріп жатыр.