Еуропоцентристік фонетика зияны



бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі38,26 Kb.
#128125
1   2   3
Байланысты:
Еуропоцентристік фонетика зияны-emirsaba.org

Дыбыстар тіркесі түрлері
Сөйлеу дыбыс тіркесінен басталады.Дыбыс тіркесі буынға,буын сөзге,сөз сөз тіркесіне,сөз тіркесі сөйлемге,ең соңында сөйлем мәтінге ұласады.Ендеше дыбыс тіркесі мәтіннің құрамды бөлігі соның ішінде ең кішкене бөлігі болып саналады.Дыбыстың артикуляция-акустикалық ақиқат сипаты мәтін құрамында ғана анықталады.Дыбыс тіркесі болу үшін тіркес құрамындағы дыбыстардың арасында тығыз артикуляциялық байланыс болу керек деп есептейміз.
Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестерін зерттеуге көп еңбек сіңіріп, арнайы еңбектер жазған профессор С. Мырзабеков дыбыс тіркесіне «Дыбыстар тіркесі – тілдегі дыбыстардың бірімен-бірінің қатар тұру мүмкіндігі, тарихи қалыптасқан орны. Бұл ─ халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетілген, жүйеленген сөйлеу өнерінің (қаруының) жемісі, нәтижесі» деп, анықтама береді.
Дыбыс тіркестері жайлы орыс және өзге тілдер лингвистикасының тәжірибесін барласақ, бұл мәселенің жан-жақты және молынан қаралғанын көреміз. Профессор Р.И. Аванесов өзінің «Русское литературное произношение» деген еңбегінде орыс тіліндегі дыбыс тіркесіне көп орын берген Ағылшын тіліндегі дыбыс тіркестеріне байланысты дыбыс түрленіміне профессор Г.П. Торсуев бірнеше еңбек арнаған.
Қазақ сөзінің айтылым үлгілерін сақтап қағазға түсірген профессорВ.В. Радлов еңбектерінде (сөздігінде) қазақ тілінің дыбыс тіркестеріне қатысты мол материал табылды . Түркі тілінің дыбыс құрамын өте дәл анықтаған ғалым қазақ сөздерінің жазылымын айтылымына сәйкестендіріп берген. Сондықтан да В.В. Радлов қалдырған жазба нұсқаларды қазақ сөзінің сол кездегі айтылымының таза көрінісі десе де болады. Мысалы, айна, айнал т.б. сөздерінің құрамындағы йн тіркестерін қазақ тілінің төл тіркестерінің сол кездегі ақиқат көрінісі деп қараймыз. Өйткені тіркестің жазба нұсқасы оның айтылым нұсқасымен сай келіп тұр. Дегенмен дауысты+жартылай дауысты тіркестеріне келгенде жаңсақ тіркестер де кездесіп қалады. Мысалы, айырық, ашулы (ашұулұ) т.б. сөздерге келгенде айрық, ашулұ деп, тіркес құрамындағы дыбыстар дұрыс анықталмаған.
Қазақ тілі дыбыстарының жеке тұрғандағы артикуляция-акустикалық анықтамасы оның ойтекті (абстрактылы) сипаттамасы болып табылады. Сондықтан да дыбыстың абстрактылы анықтамасы бойынша дыбысқа тән жалпы белгілер ғана қамтылады. Сөйтіп, ол сөйлеу (мәтін) үстіндегі сол дыбыстың ешбір үлгісімен сай келмейді. Дыбыстың нағыз фонетикалық көрінісі сөйлеу үстінде байқалады. Ал, сөйлеу дыбыс тіркесінен басталады. Дыбыс тіркесі буынға, буын сөзге, сөз сөз тіркесіне, сөз тіркесі сөйлемге, ең соңында сөйлем мәтінге ұласады. Ендеше дыбыс тіркесі мәтіннің құрамды бөлігі, оның ішінде ең кішкене бөлігі болып саналады. Олай болса, дыбыстың артикуляция-акустикалық ақиқат сипаты мәтін құрамында ғана анықталады.Қазақ тіл біліміндегі дыбыс тіркесіне арналған зерттеулер дыбыс тіркестерінің әріп тұлғасын тізіп, олардың санын санамалап шығумен шектеліп келді. Сонымен қатар қазақ тіліндегі төл дыбыстар тіркесін (дұрысы: дыбыстардың төл тіркесін) кірме дыбыстар тіркесімен (дұрысы: дыбыстардың кірме тіркесімен) араластырып, олардың өзара басын ажыратпай, ортақ жүйе ретінде қарастырды. Соның нәтижесінде қазақ тілінің фонетикалық (айтылым) заңдылықтарына бағынбайтын дыбыс тіркестері, оның үстіне орфографиялық тұрғыдан жаңсақ дыбыс тіркестері пайда болып жатыр. Олар әлі күнге дейін қазақ тіліне тән фонетикалық құбылыстар (бірліктер) ретінде оқулықтар мен оқу-әдістеме құралдарына еніп келеді. Мұндай жағдайдың қазақ тілінің табиғи айтылым үлгісіне теріс ықпал ететіні сөзсіз және тыңдаушылар үшін де теріс мәлімет болып табылады.
Дыбыс тіркесі – мәтіннің ең кішкене бөлігі болғандықтан, оны мәтіннің бастау көзі деп қарау керек. Мәтінге тән негізгі фонетикалық белгілердің бәрі дыбыс тіркесінің бойынан табылады, сондықтан да дыбыс тіркесінің фонетикалық табиғаты өте күрделі келеді. Дыбыс тіркесінің фонетикалық табиғатын анықтап, оның сипаттамасын берудің амал-әдісі де күрделі. Осыған орай қазақ тіліндегі дыбыстардың тіркес түрленімі деген ұғымды білдіретін атау ендіруге тура келеді. Әрине, дыбыстардың дыбыс түрленімі қазақ тіліндегі белгілі фонетикалық заңдылықтардың шегінде болады. Алайда, сол белгілі фонетикалық заңдылықтарды дыбыс тіркесі деңгейінде интерпретация жасауға тура келеді.
Дәстүрлі қазақ фонетикасында дауыссыздар тіркесіне қатысты ілгерінді/кейінді ықпал деген ұғым пайдаланылады. Алайда, оның анықтамасы тілдік фактіні дәйектеумен ғана аяқталады. Мысалы, «с дыбысы ш дыбысының ықпалымен ш дыбысымен алмасады: басшы-башшы» т.б. деген сықылды. Бірақ сол алмасудың күрделі тілдік құбылыс екеніне қарамай, фонетикалық себептері айтылмайды. Күрделі тілдік құбылыс деп отырған себебіміз ол жай алмасу емес, оның көптеген кешенді фонетикалық себептері мен заңдылықтары (сөздегі орны, буын құрамы, сөз тіркесі, тыныс немесе ритмикалық топтар, өзекті үндесім және іргелес үйлесім әуезі, жасалу орны, жасалу тәсілі, дауыс қатысы т.б.) бар.
Қазақ тіліндегі дыбыс тіркесін өз алдына тілдік бірлік ретінде бөліп қарап, оның түрленім үлгілерінің жіктелім белгілерін саралап аламыз. Ең бастысы орфографиялық тіркес пен орфоэпиялық тіркестің басын ашып алу керек болады. Қазақ тілінде қалыптасқан жазу дәстүріміздің нәтижесінде көптеген жаңсақ тіркестер пайда болды. Олардың бір тобы кірме әріптердің салдарынан болып жатса, екінші тобы төл дыбыстарымызға тән төл әріптеріміздің тіркесімінен туындап жатыр. Бұл екі топқа кіретін тіркестердің қай-қайсысы болса да қазақ тілінің айтылым заңдылықтарына қайшы тіркестер болып табылады.
Сондықтан да орфографиялық және орфоэпиялық тіркестер деп қазақ тілінің жазу заңдылықтарынан туындап отырған дыбыс (әріп) тіркестерін атап отырмыз. Орфографиялық тіркестер: іргелес тіркестер және бейүндес тіркестер болып екіге бөлінеді.
Орфографиялық тіркестердің түрлері көп, сондықтан олардың бәрін қамтып жату мүмкін емес. Неге «орфографиялық тіркес» деп аталатынын көрсету ішін ғана мысал келтіріп отырамыз.
Орфографиялық сөздікте сәнге деп жазуды міндеттеп отыр. Сондықтан да барлық жазба құралдар («Әліппеден» бастап) осы ережені ұстанады.
Тіркес құрамындағы дауыссыз дыбыстардың үнді-ұяң және тоғысыңқы белгілері өзара үйлесіп тұр, өйткені алдыңғы сыңары үнді болып, соңғы сыңары ұяң болып қазақ тілі дыбыстары тіркесе береді. Сондай-ақ жасалу тәсілі екі сыңарына да бірдей тоғысыңқы тоғысыңқы. Ал жасалу орнына қатысты белгілері бір-бірімен қайшы келіп тұр, өйткені бірінің жасалу орны тіл ұшы болса, екіншісінің жасалу орны тіл ортасы болып тұр. Дыбыс тіркесінің айтылымында екеуі де тіл ортасы болып айтылу керек.
Ол үшін тіл ұшы дауыссыз тіл ортасы дауыссызбен алмасуға тиіс.
сәң - үнді тіл ортасы тоғысыңқы
ге - ұяң тіл ортасы тоғысыңқы

Сонымен барлық белгілері бір-бірімен үйлес дыбыс тіркесі пайда болды. Сөйтіп қайшы тіркестің орнына үйлес тіркес келді. Сөздің қазақ тіліне тән қазақы үйлесім айтылымы қалыптасты. Сондағы айырым белгілердің жүйесі тіл ұшы/тіл ортасы. Айырым белгілер ауыз қуысының жарты бөлігіне ауысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет