Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері


Биологиялық прогрестің негізгі жолдары



бет50/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

Биологиялық прогрестің негізгі жолдары. Ароморфоз. Әр алуан тіршілік жағдайывда пайда болып, ағзаның құрылым деңгейін күрделендіре түсетін жалпы маңызы бар бейімділіктерді А. Н. Северцев морфофизиологиялық прогресс немесе ароморфоз деп атады. Ароморфоз — тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде, ұзақ уақыт ара-лығын қамти жүретін әрекет. Ароморфозға байланысты ағзалардың тіршілік үшін күресте біршама үстемдігі байқалып, жаңа тіршілік орталарын игеруге мүмкіндік алады. Ал мұның өзі популяцияларда даралар санының артуына, ареалдың кеңеюіне, ең соңывда жаңа популяциялардың және жаңа түрлердің қалыптасуына себеп бола-ды, Мысалы, қосмекенділер эволюциясындағы бірнеше ірі аромор-фоздарды атап көрсетейік. Олар: құрлықта козғалып жүруге икемді аяқтарының пайда болуы, өкпемен тынысалуы, жүрегінің үш бөлімді болып кіші қанайналым шеңберінің қалыптасуы, сезім мүшелерінің күрделенуі, т. б. Қосмекенділер құрылым деңгейіндегі бұл күрделіліктер кейін келе, тек қүрлықта тіршілік етуге бейімделген жорғалаушылардың шығуына әкеліп соқты.

Идиоадаптация. Органикалық дүниенің дамуы бір ғана аро-морфоз жолымен жүретін болса, тіршілік үшін күресте жоғары сатыдағы формалар ғана жеңіп шығып тіршілік етіп қалған болар еді. Ал табиғатта олай емес, жоғары сатыдағы формалар дивергенцияға байланысты төменгі сатыдагылармен қатар тіршілік етеді.
Ағзаларда әр түрлі жергілікті тіршілік жағдайларына сәйкес алуан түрлі бейімділіктердің пайда болуын идиоадаптация деп атайды. Идиоадаптацияның ароморфоздан айырмашылығы сол, ағзаларды құрылым деңгейінде күрделену, тіршілік әрекеттері қарқындылығының артуы байқалмайды, мысалы, Ч. Дарвин сипаттаған Галапагосс аралдарындағы қунақтарды алайық. Олар-дың жалпы құрылым деңгейі ұқсас болғанымен, табиғаттағы мекен орталары әр түрлі, ендеше сол түрлі орталарға бейімделуі де түрліше. Олардың бір түрі өсімдік жемістерімен қоректенсе екіншілері — тұқыммен, ал үшіншілері тіпті бунақденелілермен қоректенуге бейімделген, соған сәйкес тұмсықтарының пішіні де әр түрлі болып өзгерген. Ағзаларда болатын қорғаныш рең, жа-сырушы рең, немесе гүлді өсімдіктердің жел және бунақденелілер арқылы айқас тозаңдануға бейімделуі, сол сияқты бақалардың кейбіреулерінің таяз суқоймаларында тіршілік етуі, кейбіреулерінің (бақпақыл) ағаштың бүтағында мекендеуі идиоадаптацияға мысал бола алады. Табиғатта әдетте түр, туыс, тұқымдас тәрізді ұсақ жіктеу топтары осы идиоадаптация жолымен пайда болады. Идио-адаптацияның нәтижесінде түр санының артуы ареалдың кеңеюі, түр түзілудің тездеуі, яғни биологиялық прогресс жүреді.


Дегенерация. Ағзаның тіршілік ортасымен қарапайым қарым-қатьшасқа кешуіне байланысты бірқатар мүшелер керексіз, артық болып, бірте-бірте жойылып кетеді, яғни ағзаның құрылысы қарапайымданады. Көпшілік жағдайда дегенерация ағзалардың отырықшы немесе паразиттік тіршілік етуге кешуіне байланысты жүреді. Адам ішегінде паразитті тіршілік етуге бейімделген жалпақ құрттар типінің өкілдері — шошқа, сиыр цепені мен жалпақ таспа құртта асқорыту жүйесі мүлде болмайды, ал жүйке жүйесі өте нашар жетілген. Желілілерге тән барлық бейнелері бар асцидиялар-дың дернәсілі суда қозғалып жүріп тіршілік етеді, ал ересек асцидияның отырықшы тіршілікке ауысуына байланысты желісі мен жүйке түтігі жойылып кетеді. Қорыта айтқанда, жалпы дегенерация ағзалардың құрылым деңгейін қарапайымдандырғанымен де санының өсуіне, ареалдың кеңеюіне, ягни биологиялық прогреске жеткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет