Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері


Орта ғасырлардағы Орта Азиядағы эволюциялық идеялардың қалыптасуы



бет72/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

3. Орта ғасырлардағы Орта Азиядағы эволюциялық идеялардың қалыптасуы.


Орта Азиядағы эволюциялық идеялардың дамуы. Ахмед ибн Насыр Жайхони, Әбу Насыр әл-Фараби, Абу Али ибн Сина (Авиценна), Абу Райхан Беруни, Захириддин Мухаммад Бабур, Ресейде эволюциялық идеялардың дамуы
Ахмед ибн Насыр Жайхони. Еуропа мемлекеттерінде Христиан дінінің дамуына байланысты, жаратылыстану ғылымында тоқырау басталды. Ал, Орта Азия мемлекеттерінде жаратылыстану ғылымының жандана түскен кезеңі болатын. Орта азия оқымыстылары жаратылыстану ғылымына, әсіресе биология саласына көп үлестерін қосты. Ахмед ибн Насыр Жайхони ( б.з.д. 870-912) Үндістаннан, Қытайдан және Орта Азия жерлерінен өсімдіктер мен жануарлар туралы өте құнды мәліметтер жинады. Оның еңбектерінде өсімдіктер мен жануарлардың таралу аймақтары, табиғаттағы маңызы және жергілікті тұрғындардың пайдаланып жүрген түрлері туралы жазылған. Әбу Насыр әл-Фараби ( б.з.д. 873-950) ботаникаға, зоологияға және адам анатомиясына қатысты өз пікірлерін жазып қалдырған. Ол жаны бар тірі ағзаларды ойлай алатындар және ойлай алмайтындар деп бөлді. Ойлай алатын жоғарғы сатыға адамды қойды. Адамның шығу тегін жануарлармен байланыстырады. Адам ағзасының ауру себептерін дұрыс тамақтанбаудан деп көрсетеді. Табиғатта өздігінен табиғи сұрыпталудың бар екендігін айта келіп, халық өзіне қолайлы түрлерді алу үшін қолдан сұрыптау әдісдерін жүргізіп отыратынын айтады.

Абу Али ибн Сина (Авиценна) (980-1037) жаратылыстану ғылымына көп қызығушылық танытқан Орта Азияның жаратылыстанушы-философ ғалымы. «Медицина қағидалары» атты бес кітаптан тұратын еңбегін зерттеу негіздеріне сүйене жазған болатын. Бұл еңбегінде адам мүшелерінің қүрылысы мен онда кездесетін аурулардың түрлері мен пайда болу себептерін түсіндіреді, ауруды емдеу үшін қолданылатын қарапайым және күрделі қосылысты дэрі-дәрмектерді дайындаудау жолдары мен пайдалану кеңестерін ұсынады. Ғалым адамда кездесетін кейбір жүқпалы аурулардың ( осапа, холера, туберкулез) қоздырғыштары көзге көріне бермейтін микроағзалар екенін айтты. Денсаулықты нығайтудың ең тиімді жолы - дұрыс тамақтану мен ағзаны шынықтыру екенін баяндайды. Ғалымның пікірінше Жер өте баяу өзгеріске ұшырап отыратынын, өзендер мен теңіздер біртіндеп тартылып кеуіп отырады. Ол жерлерден тек кезінде суда тіршілік еткен ағзалардың жақтаулы қақпақшалары мен қаңқаларын кездестіруге болады. Ол өсімдіктердегі, жануарлардағы және адамдардағы ұқсастықтарға қоректену, даму-өсу және көбею әрекеттерін жатқызады. Тірі ағзалар арасындағы байланыстың бар екенін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет