Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері



бет59/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

Антропогенездің қозғаушы күштері. Басқа да түрлердегі сияқты антропогенездің қозғаушы куші сұрыптау болды. Эволюцияның бастапқы сатыларында сұрыптау өкілдер арасында жүрді. Нәтижесінде қарапайым құралдар жасай алатын, сол кұралдарның арқасында өзіне қорек тауып жей алатын, жауларынан қорғана алатын өкілдер ғана аман қалып отырды. Кейіннен сұрыптау объектісіне гомонидтерге тән олардың топталып тіршілік етуі , сонымен байланысты бір бірімен қарым-қатнасы ілікті. Тіршілік үшін күресте жиналып, қорек тауып жей алатын жауларынан бірлесіп қорғана алатын топтар ғана қалып отырды. Жеке сұрыптау адамның морфофизиологиялық ерекшеліктерін қалыптастырды. Атап айтсақ, жүруі, қолдары, миы сияқты белгі- қасиеттерін қалыптастарды. Топтық сұрыптау адамдардың әлеуметтік құрылымдарының сұрыпталуын, жетілуін қамтамасыз етті. Жеке және топтық сұрыптаудың бірлескен әсерін әлеуметтік сұрыптау деп атайды. Алғашында биоәлеуметтік сұрыптау жанұя, не бірнеше жанұядан тұратын ұсақ топтарда жүрсе, кейіннен оның маштабы-ауқымы үлкен топтарға, не тайпаға ауысты. Адам эволюциясының өзіндік ерекшелігі – олардың бір тобы екінші топпен кезіккенде ылғи стресс жағдай болып тұрды. Ол Д.К. Беляевтің көрсеткеніндей популяциядағы өзгергіштікті көбейтіп, сұрыптауға материал болып отырды.
Саналы адамдардың дамуындағы еңбектің ролі. Адамдардың негізгі ерекшеліктері – орталық нерв жүйесінің дамуы, мыңдаған іс-қимыл жасауда қолдың маңыздылығы, тілдің дамуы, және тіл арқылы қоғамның пайда болуы бұл еңбектің негізгі нәтижесі. Еңбек ету үшін құралдар қажет болды. Оны тастан, жануар сүйегінен, бұталардан жасап отырды. Сонымен адам еңбектену нәтижесінде табиғат иесі болып табылады.
27. Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары.


Антропогенездің негізгі дәуірлері. Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары.


Аитропогенездің негізгі этаптары. Ол төрт этапта жүрді: протоантроп, археантроп, палеантроп және неантроп. Қазіргі адамға дейінгі адам тектерінің аралық формалары палеонтологияляқ жұмыстар да табылған жоқ. Бірақ, гоминид филогениясы көптеген тармақгардан тұрғаны, олардан тек адам дәрежесіне дейін тек адам ғана жете алғаны даусыз.

Дриопитектер - өте ертедегі адамның, археантроптың тектері. Олар бұдан 25 млн.жылдай алдын өмір сүрген. Олардан екі тармақ пайда болған. Олардан қазіргі екі приматтар отрядының екі тұкымдасы шыққан. Ол понгид және гоминид тұқымдастары.
Адамның жақын тектері осы дриопитектер болған. Себебі қолдары иығында тек ағашта тіршілік еткен жәндікте ғана айналуы мүмкін. Сондай-ақ адамдар мен маймылдарда ғана, ағашта тіршілік ететін сүтқоректілерге тән, алақандары мен табандарында өрнектері бар. Көздерінің алдына қарауы да, олардың ағашта тіршілік еткендерінің белгілері. Олардың төлшілдігінің аздығы да ағаш басында тіршілік еткенінің дәлелі. Кейіннен понгидтер ағашта тіршілік етіп дамыса, гоминидтер жерге түсіті. Осы гоминидтер тұқымдасынан австралопитектер пайда болған тармақ бөлініп шыққан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет