Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері



бет94/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

Гомологиялық өзгергіштік. Эволюцияның генетикалық негіздерін танып білуде гомологиялық өзгергіштік деректерінің маңызы зор. Дарвин өсімдіктер мен жануарлардағы өзгергіштіктің дәлелдемелеріне талдау жасай келіп, кейбір түрлерде, тіпті әр түрлі түр тармақтарында бірер белгілердің өзгеру сипаттары ұқсас болатынын байқады. 1920 жылы көрнекті генетик Н. И. Вавилов тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологиялық қатарлар заңын ұсынды. Бұл заңнан мынадай құбылысты байқауға болады, генетикалық жағынан (ата-тегі) жақын түрлердің және туыстардың тұқым қуалайтын өзгергіштік қатарлары ұқсас келеді және олар белгілі дұрыс жүйе құрып орналасады. Сондықтан бір түрге жататын ұқсас белгілері бар формаларды біле отырып, онымен туыстық жақындығы бар сондай белгілерге ие басқа түрлердің және туыстардың қатар тіршілік ететін формалары бар екенін болжауға болады. Мысалы, жұмсақ және қатты бидайдың, арпаның қылтанақты, қысқа қылтанды және қылтанақсыз масақтары бар формалары кездеседі. Бұл туыстардың барлығы дерлік селдір шоғыр сабақты, тығыз шоғыр сабақты және орташа шоғыр сабақты, сондай-ақ ерте пісетін, орташа және кеш пісетін болып бөлінеді. Жануарлардан да дәл осындай заңдылықтарды кездестіреміз. Мысалы, көптеген сүтқоректілерде: ірі қара, қой, ит және адамда қысқа саусақтылық байқалады, ал альбинизм — тіпті омыртқалылардың барлық кластарында кездесетіні белгі.
Гомологиялық қатарлар заңы жалпы биологиялық заң болып есептеледі. Бұл заң ғылымда осы кезге дейін белгісіз формалардың бар екеніне көз жеткізуге және іздеп табуға негіз болады. Адамның тұқым қуалайтын ауруларын зерттеуде гомологиялық қатарлар заңының алатын орны ерекше. Өйткені бұл заң бойынша адамның тұқым қуалайтын ауруларына ұқсас мутациялардың жануарларда да кездесуі мүмкін, сондықтан ондай мутациялар адамның тұқым қуалайтын ауруларын зерттеуде үлгі бола алады.
12. Популяция - эволюцияның элементарлық өлшем бірлігі.


Популяция туралы түсінік. Популяцияның негізгі критерилері мен құрылымы. Популяцияның экогенетикалық жүйелілігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет