Миграция. Популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруіндегі миграцияның маңызы.
Миграция организмдердің қалыпты тұрағынан басқа жерге қоныс аударуы. Бұл атаудың экологиялық мәні әр түрлі. Миграцияның эволюциялық мәні мынада: біріншіден, организмдердің бастапқы популяция орналасқан аймақтан мүлде басқа, жаңа жерге қоныстануы; екіншіден, бір немесе бір топ организмнің популяцияға қосылуының нәтижесіде оның генетикалық құрамының өзгеруі, немесе өкілдердің негізгі популяциядан бөлініп, құрамы өзгеше оқшауланған популяция түзілуін айтады. Популяция генофондының артуына жануарлардың маусымдық миграциясы да айтарлықтай үлес қосады. Себебі, әр жылы әр түрлі себептерге байланысты популяция құрамы өзгеріп отырады, Маусымдық миграция гендердің генофондта сапырылысып араласуына да себеп болады. Қорыта айтқандай, миграция құбылысы гендер ағымы және интрогрессия нәтижесінде популяция геофондын байытып отырады. Ол комбинативті өзгергіштіктің де көзі болып табылады,
Гендер дрейфі. Өкілдер саны азайып популяцияоқшаулануғанда гендер жиілігінің кездейсоқ ауытқыуына байланысты аллелдер не толқын бекіп, не популяция генофондынан жойылып кетеді. Осы құбылысты гендер дрейфі деп атайды. Гендер дрейфінің нәтижесінде ұсақ популяцияларда зиянды алалердер де бекиді. Оны генетикалық жүк деп атайды. Ондай генетикалық жүктен орта өзгерісіне байланысты пайдалы гендер рекомбинацияларда эволюция тудыратын фактор болып табылады.
Гендер ағымы. –түрге жататын популяциялар арасынан өкілдер алмасып жаңа гендер құрлымының пайда болуы. Мұндайда бір немесе бірнеше өкілдер миграция жасап келер популяция генофонды өзгертеді. Гендер ағымның эволюция үшін маңызы мутациядан әлде қайда жоғары деген пікір бар.
14. Эволюцияның элементарлы факторлары.
Мутация-эволюцияның элементарлы факторы. Популяция толқыны және олардың эволюциядағы ролі. Оқшаулану- генетикалық айырмашылықтарды күшейтетін фактор.
Мутация-эволюцияның элементарлы факторы. Мутация (латынша mutatio - өзгеріс) туралы ұғымды ғылымға 1900 жылы Мендельдің заңдарын қайта ашқан ғалымдардың бірі голландиялық ботаник Г.Де –Фриз болды. Ағзадағы ДНҚ-ның саны мен құрылымының өзгеруін мутация деп аталады. Мутация – эволюциялық әректтің бастамасы, оның пайда болу жағдайына қарай бірнеше түрлері бар.
Пайда болатын мутациялардың кейбіреулері ағзаға жағымды, кейбіреулері жағымсыз әсер етеді. Эвоюцияның қоры популяцияда рецессивті ген түрінде болады. Мутациялардың қанықпасы әбден жоғарылаған кезде, аллельді рецессивті гендері бар даралардың будандасуы мүмкін. Бұл кезде мутациялар фенотипке білініп, табиғи сұрыпталудың бақылауында болады. Мутациясы бар даралар мен мутациясы жоқ даралар будандасқан жағдайда гетерозиготалы даралар пайда болып отырады. Әрбiр түрдiң популяциясы генотипi жөнiнен алуан түрлi болып келеді. Жыныстық жолмен көбейетiн түрлердiң популяциялары ғана емес, жыныссыз көбею қабiлетi бар түрлердің де популяциялары әр түрлi биотиптерден тұрады. Мутациялық және комбинациялық өзгергiштіктегi ерекшелiк тәжiрибе жүзiнде тұқым қуалайтын өзгергiштiкке шексiз жол ашады.
Бiр түрге қатысты әр қилы популяциялардағы мутациялық әрекеттің бағытында бiр – бiрiнен айырмашылығы бар болады. Мысалы: бiр түрдiң популяцияларының бiр хромосомасында 12-ге дейiн түрлiше инверсия табылды. Осының нәтижесiнде табиғи популяциялардың өкiлдерiнде инверсия сипаты жөнiнен бiр – бiрiне ұқсамайтын храмосом түрлерiнiң бiрнешеуi табылды.
Бiр түрге қарасты әр қилы популяцияларда микроэволюциялық әрекет үшiн түрлiше генетикалық алғы себептер пайда болады.
Әр түрлi экологиялық жағдайларда мекендеушi популяциялар абиотикалық, биотикалық факторлардың әр қилы әсерiнiң толқуына түседi. Көлемдi орманды түрлерде бұл факторлардың әсерiнiң айырмашылығы айқын байқалады. Бұл жағдайларда популяциялардың құрылымының динамикалығы белгiлi бiр популяцияда әсер етушi сыртқы факторларға арнаулы жауап реакцияларының қалыптасуына себеп болады. Осыған байланысты солтүстiкте көп тараған бунақденелілердің көбiнде жеке даму мерзiмi ұзаққа созылады да генерациялар саны кемидi. Бұған керiсiнше оңтүстіктегі түрлердің даму мерзiмi қысқарады, генрациялар саны артады.
Микроэволюциялық процесс өте күрделi бейнеде жүредi. Себебi табиғи сұрыптау бiр мезгiлде қатар әсер етушi факторлардың нәтижесiнде жүрiп отырады. Осы тұрғыдан Т. Я. Бей – Биенко қалыптастырған қоныс ауыстыру принципi ерекше назар аударуды қажет етедi. Бұл принцип ареалдары бiрнеше мыңдаған аймақтарды немесе бiрнеше вертикаль белдеулердi қамтитын көп тараған жануарлардың немесе өсiмдiктердiң түрлерiне жатады. Аймақтық қоныс аударуда орманның солтүстiк бөлiгiндегi көшпелі аймақтық түрлер құрғақ жерлерді мекендейдi. Олар бiртiндеп жылжып отырып ылғалдау жерлерге: әуелi мезофитiк (орта құм) жерге, одан кейiн гигрофиттiк (ылғалы көп) жерлерге ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |