Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары. Homosapiens 3 негізгі «үлкен» нәсілге австроло-негриодтық, европойдтық және монголойдтық.
Австрало-негроидтық нәсілге – жататын адамдарға мынадай белгілер тән: терісі, шашы және көзі қара түсті, шаштары бұйра немесе толқынды; мұртының қырлары жалпақ, еріндері қалың. Сақал және мұртты не селдір, немесе өте қалың болады. Экваторлық нәсіл кіші нәсілге бөлінеді: африкалық контингентте мекендеуші – негроидтар және Австралия контингентімен байланысты және мұхиттық араларда мекендеуші – австралоиодтықтар.
Европоидтық нәсілге – жататын адамдардың терісінің реңі әртүрлі ашық реңділерден қоңыр реңділерге дейінгілер, шаштары жұмсақ, толқынды не түзу, талшықты, шаш, реңі тым қыр мұрынды: еріндері жұқа немесе орташа қалыңдықта, кейде қою өскен сақал- мұртты болады. Бұл нәсіл 2 кіші нәсілге бөлінеді:
1) Оңтүстік және үнді – жерорта теңіздік нәсіл, бұлар қара шашты, қою көзді, терісі қоңыр түсті (индеецтер, тәжіктер, армияндар).
2) Солтүстік және балтикалық нәсіл, бұлардың терісі және шаштары ашық түсті, сұр немесе көк көзді (орыс, норвегиялықтар, немістер, ағылшындар).
Монголоидтық нәсілге жататын адамдар терісінің түсі сарғыштау реңді. Шаштары қара, талшықтары әдете түзу және қатты; сақалы мен мұрты кеш шығады және селді болады. Монгол топтарының көбісінің беті жалпақ, бет сүйегі шығыңқы, үстіңгі қаба терісінің қыртысы күшті дамыған, ол көз қиығын толық не шала жауып тұрады. Әдетте қысқа мұрынды болады. Монголойдтық нәсілге американдық (индиялы) кіші нәсіл де жатады. Бұлардың көпетеген белгілері европойдтықтар типіне жақын. Мысалы бет әлпеті биік қыр мұрындылығы жөнінен индеецтер европалықтарға ұқсайды.
Нәсілдердің пайда болуы және дамуы өте күрделі тарихи процесс. Адамдардың қалыптасуының бас кезінде яғнни шамамен бұдан 100 мың жыл бұрын азиялық континентте және Африка мен Европаның соған таяу аймақтарында 2 нәсілдік топ оңтүстік-батыстық және солтүстік-шығыстық тотар қалыптасты. Бұл топтардың араларын Гималай және Глндунгуш тау тізбектері және Үнді Қытай тау жотасы бөліп тұрды. Осы 2 топтың біріншісімен европоидтық және экваторлық үлкен нәсілдер шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |