Сабақ тақырыбы : Адам нәсілдері 11 сынып Мақсаты



бет1/3
Дата15.10.2023
өлшемі20,56 Kb.
#115319
түріСабақ
  1   2   3

 № 43 Б.Момышұлы атындағы орта мектебі,

Биология пәні мұғалімі Инсенова Құндыз Шәріпқазықызы

Сабақ тақырыбы : Адам нәсілдері 11 сынып

Мақсаты: 

1. Оқушыларға адамның шығу тегі антропогенез тарауы бойынша білімдерін толықтыра отырып, дамыту. Эволюция ғылымы мен дүниетанымын кеңейту.
2 . Адамдардың шығу тегі туралы ақпараттар бере отырып, адам нәсілдері туралы білім беру.
Достыққа , татулыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбие қалыптастыру, биологиялық білімнің құндылығын түсіндіру.

Сабақ типі: Аралас.

Сабақ әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, электронды оқулықпен жұмыс, өзі-өзі бағалау. Т.б.

Көрнекілігі: Адам бассүйегінің муляждары, қанатты сөздер, электронды оқулық, кестелер , суреттер.т.б.

Сабақтың пәнаралық байланысы: география, тарих т.б.

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру.
(Сыныптағы жоқ оқушыларды белгілеу, сыныпты топқа бөліп отырғызу,1,2,3. топ басшысын сайлау, барлық топ мүшелері сабаққа қатысып отырады тиісті бағасын топ басшысы параққа қойып отырады,)
Сыныпқа психологиялық дайындық жүргізу . (Зейінді жаттықтыру)
Оқушыларға 20 сөз оқылады. Одан кейін оқушылар қалам алып, естерінде қалған сөздерді жазады. Мұғалім қанша сөз жазылуына байланысты оқушылардың зейін көлемін анықтап айтады.18 ден жоғары өте зейінді.13-17-ге дейін жақсы 8-12 дейін орташа, 2-7 төмен.

Сөздер: Жасуша, эукариот, вирус, араморфоз, прокариот, гомология, палеонтология, микроэволюция, бактерия, құс, сүтқоректі, микроорганизм, саңырауқұлақ, өсімдік, эволюция, рудимент, атавизм, сөз,еңбек, қоғам.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет