Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері


Коррелятивтік немесе арақатынастық өзгергіштік



бет145/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   231
Байланысты:
ДӘРІС ЭВОЛЮЦИЯ 15 АПТААА

Коррелятивтік немесе арақатынастық өзгергіштік дегеніміз – белгілі бір мүшенің өзгеруімен байланысты басқа мүшелердің өзгеруі.

Компенсациялық өзгергіштік дегеніміз – бір мүшелердің және олардың қызметтерінің дамуы басқа бір мүшелердің дамуы мен қызметін тежеп, олардың жетілмей қалуына немесе редукциялануына себеп болады

Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі. Үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердегідей анық көріністі болмаса да , табиғи жағдайларда  тіршілік ететін ағзаларда да елеулі өзгергіштік белгілері болатыны белгілі. Тірі ағзалардың кез келген ұрпағындағы дарасында басқа дараларынан біраз айырмасы болады. Осы жеке айырмашылықтардың өте үлкен мәні бар, өйткені олар көбіне тұқым қуалайды және бұл келесі ұрпақтарда бірте-бірте жинақталып қорлана түседі. Екінші жағынан, түр көлемінде ағзалардың әр түрлі морфологиялық оқшау топтары жиі пайда болып отырады. Дарвин ондай топтардағы даралардың жиынтығын «түршелер» деп атады. Ағзалардың табиғаттағы өзгергіштігі түрдің таралу көлеміне байланысты, кең таралған түрлерде түршелер де мол болады. Түрлердің әр түрлі физикалық және биологиялық жағдайларда мекендеуіне байланысты, олардағы топ аралық өзгергіштігі де айқындала түседі. Бұндай әрекеттер ұзақ уақыт аралығында жүретіндіктен, өзгерген белгілер тұқым қуалайтын болады. Яғни, сыртқы орта жағдайына бейімделе отырып қалыптасқан белгілер міндетті түрде тұқым қуалаудың нәтижесінде ұрпақтан ұрпаққа беріледі.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет