12. Популяция - эволюцияның элементарлық өлшем бірлігі.
Популяция туралы түсінік. Популяцияның негізгі критерилері мен құрылымы. Популяцияның экогенетикалық жүйелілігі.
Популяция туралы түсінік. «Популяция» терминін (грекше популяция - тұрғын) 1903 жылы дат ғалымы В.Иогансен енгізді. Популяция – тіршіліктің негізгі бірлігі, түрдің эволюциялық бірлігі. Белгілі бір территорияға орналасқан бір түр өкілдерінің бір тобы. Тіршіліктің негізгі бірлігі ретінде популяция белгілі бір тұрағымен, даралар санымен, даралардың орналасу тығыздығымен, құрамындағы даралардың белгілі жас-жыныстық жетілу арақатынасымен сипатталады. Популяция өзінше өсіп-өніп, тарихи дамуға бейім, тұрақты жүйе болып табылады. Сонымен, популяция дегеніміз белгілі бір ареалға мекендеген, оқшауланған генефондысы бар, бір-бірімен еркін шағылыса алатын, өсімтал ұрпақ бере алатын даралардың жиынтығы.
Популяцияның тұрақтылығы тарихи қалыптасқан көбею тәсілімен ұрпақтар алмасып отыру арқылы, сондай-ақ өз құрылымдарын өзгертіп, өзін-өзі реттей алатын байланыста сақталып отырады. Популяцияның түрден төмендегі белгілерімен айырмашылығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |