Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері


Н.И. Вавиловтың сұрыптаудағы еңбектері



бет176/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   231
Байланысты:
ДӘРІС ЭВОЛЮЦИЯ 15 АПТААА

Н.И. Вавиловтың сұрыптаудағы еңбектері. Сұрыптаудың ғылым болып қалыптасуында орыс биологы Н.И.Вавилов көп еңбек сіңірді. Ол «сұрыптау дегеніміз адамның жүрегімен жүретін эволюция» деп көрсетеді. Н.И. Вавилов сұрыптау жұмыстарын жүргізу үшін төмендегідей мәселелерді зерттеу және еске алу керек екендігін көрсетеді:

-өсімдіктер мен жануарлардың бастапқы іріктемелері мен түрлерінің әр түрлі болып келуі;

-тұқым қуалайтын өзгергіштік (мутация) болу керек;

-зерттелген белгілердің дамуы мен білінуіндегі ортаның әсері;

-будандастыру кезіндегі тұқым қуалау заңдылықтары;

-тиімді белгілерді бөліп алып тұрақтандыратын қолдан сұрыптау түрлерін пайдалану қажеттілігі.

Сонымен бірге Н.И. Вавилов дүние жүзіндегі мәдени өсімдіктердің сан алуандығын, шығу тегін зерттеп, олардың орталықтарын анықтады. Мысалы,

1.Оңтүстік Азияның тропиктік аймағы, күріш, қант қонысы, шай, көкеністің сан алуан түрлері. (Үндістан, Қытай, Шығыс Азия аралдары).

2.Шығыс Азия орталығы. (Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайвань аралы, Корея) Соя, тары, жеміс, көкеністер. Мәдени өсімдіктердің 20% жуығы өседі.

3.Оңтүстік-Батыс Азия орталығы. (Кіші Азия, Орта Азия, Иран, Афганистан, Солтүстік-Батыс Үндістан). Бидай, қарабидай, бұршақ тұқымдастарының отаны. Мәдени өсімдіктердің 14%-тен түрі осы орталықтан шыққан.

4.Жерорта теңізі орталығы. Мәдени өсімдіктердің 10% өседі. Зәйтүн ағашы, жоңышқа, дара гүлді жасымықша, көптеген көкеністер мен мол азықтық дақылдар.

5.Абиссиния орталығы. Мәдени өсімдіктер флорасы жағынан өзіндік ерекшелігі бар аймақ. Сорго, бананның бір түрі, май үшін өсірілетін ноқат, бидай, арпа түрлерінің отаны.

6.Орталық Америка, Оңтүстік Мексика. Жүгері, таяшықты мақта, какао, бірқатар асқабақ тұқымдастары, үркебұршақ, барлығы 900-ге жуық мәдени өсімдіктер.

7.Анд орталығы Түйнекті өсімдіктер, картоп, дәрілік өсімдіктер, т.б.



Мәдени өсімдіктердің көпшілігінің шығу тегі жоғарыда көрсетілген географиялық орталықтар екендігін дәлелдеуі, еліміздегі мәдени өсімдіктердің іріктемелерін көбейтіп, отырғызатын аудандарын бекітуге маңызы зор болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет