Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері



бет20/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   231
Байланысты:
ДӘРІС ЭВОЛЮЦИЯ 15 АПТААА

Ламарк іліміне берілген баға. Ламарк ғылым тарихында эволюциялық идеяны ең алғаш ұсынған ғалым ретінде белгілі. Алайда, оның эволюциялық көзқарастары қатаң сыналып, жан-жақты талқылануда болды. Ол өз еңбегінде эволюция ілімінің негізгі проблемаларын қоя білді және оны өзінше шешуге тырысты. Осының өзі Ламарктың ұлылығын көрсетеді. Ламарктың жануарлар градациясы Боннэнің тіршілік сатысымен салыстырғанда алға жаңа бір қадам жасағанын көрсетеді. Градация негізінде ол ағзалардың тарихи даму принципін ұстанды. Боннэнің иерархиялық сатысы Ламарктың жануарлар градациясында тарихи сатыға айналды. Оның әрбір баспалдағы бір – бірімен тығыз байланыста болды.  Ғалым эволюцияның әртүрлі бағытта жүретінін көрсетті. Соның арқасында тірі дүние бір жағынан күрделенсе, екінші жағынан бір өзінде әртүрлі жіктеулер жүріп отырады. Осының арқасында дүниенің алуан түрлілігі пайда болған. Ол эволюцияның бейімделу бағытында жүретінін атап көрсетті. Бірақ, эволюцияның себепетерін дұрыс көрсете алмай, оны түсіндіруге әр ағзада прогреске іштей ұмтылыс болады және ортаға бейімделуге әуел бастан мақсатқа сәйкестілік бар деген идеалистік қате ұғымда болды.

Дарвин эволюциялық идеяларды тұжырымдауда Ламаркты өзінің ізбасары деп танып, оның еңбектерін өте жоғары бағалады. Ламарктың эволюциялық көзқарастары деректі материалдармен жан-жақты толық мәнінде дәлелденбеуі себепті кең көлемде тарала алмады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет