Түр критерийлері. Табиғатта түрлер көптеген белгілері мен қаситеттері арқылы ажыратылады. Оны түр критерийлері деп атайды. Түрді бірнеше критерий бойынша анықтайды.
Морфологиялық критерий - бір түрге жататын дараларды анықтауға және туыстық жақындығы жоқ түрлерді ажыратуға болады. Бірақ табиғатта бір –бірінен оқшауланған және өзара шағылыспайтын түрлер морфологиялық жағынан ұқсас болып келеді. Бұл - түр қосарлары. Мысалы осы күнге дейін бір ғана түр деп есептеліп келген безгек масасының (Anofheles maculipennis) алты түр қосары табылды. Олар кейбір аудандардаадам қанын сорып қоректенсе, ал басқа аудандарда жануарлар қанымен қоректенеді; сондай-ақ олардың кейбіреуі тұзды суларда, ал екінші біреулері, тұщы суларда көбейеді. Сыртқы құрылысына қарағанда оларды ажырату қиын. Әзірше айырмашылық тек жұмыртқаларының құрылысы мен саны және жұлдызқұрт қылшықтарының бунақталу ерекшелігінде. Демек, түрді анықтау үшін тек морфологиялық критерий жеткіліксіздік жасайды.
Физиологиялық-биохимиялық критерий – зерттелетін органикалық форманың өзіндік ерекше қасиеттерін анықтау үшін оған жан-жақты талдау жүргізуді керек етеді. Түрлердің алуан түрлі болуы олардың химиялық құрылымдарының әр түрлі болуынан. Өйткені әр түрдің жеке топтарында өздеріне ғана тән жоғары молекулалық органикалық қосылыстар синтезделеді. Мысалы, алқа тұқымдасы, күрделі гүлділер, лала гүлділер және орхидея тұқымдастарына жататын кейбір жақын түрлері азотты түрлі тәсілмен жинай алады.
Соңғы кездегі молекулалық биология саласындағы зерттеулер туыстық жақындығы бар түрлерде кейбір арнайы қызмет атқаратын ақуыздың (мысалы, гемоглобиннің) құрылымында ұқсастық болатынын дәлелдеді. Инсулин ақуызы тек желілерден ғана табылған. Ол өзара жалғасқан екі (А және В) тізбектен тұрады. Сүтқоректілердің алты түр өкілдерінен алынған инсулин молекуласындағы аминқышқылдардың орналасу реті В тізбегі де бірдей, ал айырмашылық тек А тізбегінің кішкене бір бөлігінде ғана екені анықталды. Дәл осындай нәтиже әр түрге жататын жануарлардың ДНҚ- молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу ретін зерттеу барысында алынды. Алайда физиологиялық – биохимиялық критерий түрді толық сипаттай алмайды, өйткені кейбір туыстық қатынасы жоқ ағзаларда бірдей аминқышқылдардың биосинтезі де ұқсас жүреді. Керісінше, бір-біріне жақын жануар түрлерінде лизин аминқышқылы әр түрлі жолмен синтезделеді.
Генетикалық критерий- түрді жер бетінде тірі ағзалар тіршілігінің жалпы көрінісі және эвоюциялық әрекеттің сапалы кезеңі ретінде сипаттайды. Түрге тән негізгі критерий оның генетикалық біртұтастығы шағылысу нәтижесінде популяциялардағы айырмашылықтарды жоюға негізделген. Жеке попуциялар мен түр тармақтары бір-бірінен қаншалықты оқушауланғанымен де олардың арасында әрдайым генетикалық ақпарат ағымы болып тұрады. Өйткені бір түрдің әр түрлі популяциясындағы даралар өзара шағылысып, өсімтал ұрпақ бере алады. Соның нәтижесінде гендер бір популяциядан екінші популяциядан өтіп, жаңа үйлесімдер түзеді. Бірақ әрқилы тосқауылдың болуы себепті гендердің бір түрден екінші түрге өтуі мүкін емес. Өте сирек, қандай да бір жағдайларға байланысты түраралық шағылысу бола қалса, одан тіршілік ете алатын ұрпақ алынбайды. Ендеше түр-өз алдына біртұтас генетикалық жүйе.
Экологиялық-географиялық критерий- түрдің тіршілік ету ареалын анықтайды. Ареалдың көлемі, пішіні және биосферадағы орналасуы түрге тән маңызды белгілер. Нақтылы бір ареалды мекендей отырып, түр тірі және өлі табиғат жағдайларымен тығыз байланыста болады. Бір туысқа жататын түрлердің ареалдары мүлдем оқшау болуы немесе бір-біріне жанасып, іргелес жатуы да, тіпті тұтасып та кетуі мүмкін. Оқшау ареалдары бар түрлер аллопатриялық түрлер деп, ал іргелес немесе тұтас ареалдағы түрлер симпатриялық түрлер деп аталады. Аллопатриялық түрлерге мысал кестеде австриялық тотылардың төрт түрі көрсетілген. Бұлар кейбір морфологиялық белгілері жөнінен, әсіресе реңі мен қауырсындарына қарап, оңай ажыратылады. Мұны олардың сабағы мен жапырақтарының құрылысынан байқай аламыз. Алайда басқа критерийлер сияқты экологиялық-географиялық критерий де салыстырмалы сипатта болады. Өйткені табиғатта көптеген жақын, туыстас түрлер бірлескен ареалдарды мекендейді.
Түрдің өзіндік ерекшелігін анықтап, ажырату үшін бір ғана критериймен шектелу жеткіліксіз. Сондықтан осы келтірілген барлық критерийлер жиынтығы түр туралы дұрыс қортынды жасауға мүмкіндік береді. Қорыта келгенде, бір ғана критерй бойынша бір түрді екінші түрден ажыратып сипаттама беруге болмайды, егер барлық түр критерийлері өзгерсе ғана жаңа түр деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |