Түр түзілу механизмі. Географиялық рассалардың көбi түр мен түр тармақтарының шекарасында тұрады. Бұл оқшауланған түр тармағына жаңа түр түзiлу процесiн түсiну үшiн өте қажетті мағұлымат болып саналады. Ауыспалы түр тармақтарының өз ара бiр – бiрiнен жанасып жатқан тiзбегi шеңбер түзiп, ашық екi шеткi ұштары түйiсiп тұйықталып отырады. Бiрақ, осы шеңбердiң екi жағындағы мүшелер бiр – бiрiнен алшақтап кеткендiгi соншалық, бұлар бiр – бiрiмен будандаспайды, яғни бұлар өз алдына оқшау түр бейнесiнде болады. Осы сияқты жағдайлар құстарда жиi кездеседi.
Оқшаулаушы механизмдердiң әрекетi әр түрлi дәрежедегi популяциялардың барлығына бiрдей таралғанда ғана жаңа түр дербес бөлiнiп шығады.Осы тұрғыдан жарты түрлерге Дарвиннiң “ түрше” – “туып келе жатқан түр ” ал түр дегенiмiз – “оқшауланған түрше” деген сөздерiн қолдануға болады. Басқаша айтқанда жарты түр формалары дегенiмiз – түзiлу процесiндегi түрлер.
Түр түзiлудегi оқшаулаушы механизмнiң пайда болуы күрделi процесс, бұл әр түрлiтүрдiң дамуының түрлiше кезеңiнде болып отырады. Сонымен қатар оқшаулаушы механизмнiң өзi әр қилы болуы мүмкiн. Осыған байланысты оқшаулаушы механизмдердi мынадай төрт топқа бөледі:
1) Экологиялық – географиялық оқшаулану, 2) Экологиялық оқшаулану, 3) Механикалық оқшаулану және 4) Репродуктивтiк оқшаулану.
Экологиялық – географиялық оқшаулану. Аллоптрикалық түрлердiң бiр – бiрiмен шағылыспауы, оладың ареалдары кеңiстiк арқылы бөлiнiп бiр –бiрiмен оқшау орналасуынан емес. Әр түрлi экологиялық жағдайда меккендеушi симпатрикалық түрлерде де сондай кеңiстiктiк оқшаулану пайда болады. Бiр жерде мекендеушi түрлердiң өсiп -өнуi кезеңi тұтаспайтындықтан олардың арасында байланыс болмайтындығы белгiлi.
Экологиялық оқшаулану - бiр түрдiң еркегi мен ұрғашыларының шағылысуы алдындағы мiнез – құлқына байланысты, демек олардың түр iшiндегi қарым – қатынастарының ерекшелiктерiне байланысты.
Механикалық оқшаулану – бiр түрдiң особьтары екiншi түрдiң особьтарымен шағылысуына шағылыс аппараттарының бiр - бiрiне сәйкестенбеуiне байланысты.
Репродуктивтi оқшаулану – гаметаларының физиологиялық – генетикалық сәйкессiздiгi. Түр iшiнде түрлiше дәрежеде популяциялар қалыптасуындағы микроэволюциялық процесте осы оқшаулаушы механизмнiң бастапқы фазасы пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |