Адамның іс- әрекетінен табиғи заңдылықтардың бұзылуы. Басты проблеманың міндеті мынада: ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамның «санасыз» іс-әрекеттері салдарының сезілуі барған сайын күшейіп барады. Ластану түрінде «табиғатқа антропогендік кысым көрсету», табиғи ресурстарды көп мөлшерде тұтыну, өзге тірі тіршілік иелерін ығыстырып, жою өсе түсті. Жағымсыз әсердің мүмкіндігінше азырак, сезілуіне жету қажет.
Алайда адамның өз іс-әрекетінің оғаш қылығы оның өмір сүруіне қауіпті болып барады.. Мысал ретінде денсаулықтың экологиялық себептерін келтіруге болады.
Ғаламдық экологиялық промблемалар Қазіргі кезде адам іс-әрекетінің биосфераға әсері туралы мәселе ерекше шиеленісіп түр. «Экология» бөліміндегі акпараттардың барлығы адам мен биосферанын. өзара карым-қатынасы проблемасына, олардың өзара әсерлесуі және өзара шарттасуына арналған. Шын мәнінде экологиялық проблемаларды шешуге арналған мәселе - бұл адамзат өмірін сақтауға барабар мәселе болып табылады. Сонымен, адамзаттың басты экологиялық саясатының негізгі бағыттары мынадай:
• өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының калдықсыз өндірісін жасау; оған қоса электрэнергияның экологиялық таза болуы;
• қоршаған ортаның өнеркөсіптік, ауыл шаруашылығы және көлік қалдықтарынан ластану проблемасын шешу;
• жаһандық, климаттық өзгерістер проблемасын шешу;
• адам санының есу проблемасын шешу;
• Жоғары өнімді ауыл шаруашылығының қолтұқымдарын және өсімдіктер іріктемелерін, микроорганизмдер сеппелерін шығару;
• биологиялық сан алуандық пен табиғи бірлестіктерді сақтау.
Егер осы проблемалар шешімін тапса, адамзаттың сақталып қалу мүмкіншілігі бар. Егер қоршаған ортаға жағымсыз жағдайлар шешілмесе, адам өз үйі — Жер ғаламшарынан айрылады да, сөзсіз қаза табады.
Достарыңызбен бөлісу: |