Tour сөзінен шыққан,яғни саяхат деген мағынаны білдіреді. Туризм көмегімен табиғаттың қорғанысының проблемасын шешу нәтижесінде «экологиялық туризмнен» қысқартылып алынған экотуризм



бет1/6
Дата06.06.2023
өлшемі30,16 Kb.
#98997
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
экотуризм


Жоспары
1.Экотуризм деген не?
2.Экотуризм түрлері.
3.Қазақстандағы экотуризм
4.Экотуризмнин адам организмне пайдасы
5.Қызылорда-Арал бағытының маршруты
6.Туризмнің құрал-жабдықтары
1. Экотуризм деген не?
Туризм және турист терминдері әдебиеттерде 19 ғасырда пайда болған.Туризм термині француздың tour сөзінен шыққан,яғни саяхат деген мағынаны білдіреді.Туризм көмегімен табиғаттың қорғанысының проблемасын шешу нәтижесінде «экологиялық туризмнен» қысқартылып алынған экотуризм сөз тіркесі пайда болды. Экотуризм бұл туризмнің жаңа шыққан түрлерінің бірі. Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни «пайда көзіне» айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм. Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы.Туризмнің бұл түрінің пайда болуының басты ерекшелігі, ол осы экологиялық туризмнің тұрақты даму концепциясының арқасында әлемдегі табиғи ортаны қорғауға кететін шығын мөлшерінің бірнеше есе азаюы. Жер шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын ізейді. Сонымен қатар жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды. «Экологиялық туризм» ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады. Мысалы: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың «ашық» ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет