Эволюциялық биологиядағы үш ағым. XIX ғасырдың 60-шы жылдарында дарвинизмді жақтаушылардың өзі ажыраса бастады. Көбісі классикалық дарвинизмді қолдаса, бірқатары ламарко - дарвинизмді қолдады. Артынан неодарвинизм деген тағы бір ағым пайда болды.
8. Эволюцияның синтетикалық теориясының қалыптасуы.
Эволюция ілімінің генетикамен және экологиямен синтезделуінің алғашқы қадамдары. Эволюцияның синтетикалық теорияның дамуы.
Эволюция ілімінің генетикамен және экологиямен синтезделуінің алғашқы қадамдары.
Эволюция факторлары тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыптау болып және олардың біріккен әсерінен адаптация нәтижесінде түрлердің пайда болатыны белгілі болды. Эволюция ілімі, генетика және экология бірігіп, эволюцияның синтетикалық теориясы пайда болды.
Эволюцияның генетиканың негіздерін экспериментальды зерттеулер Т. Морган, Г. Мюллер, А.Г.Надсон. Рентген сәулелерінің бидайға да әсер ететіндігі белгілі болды. (Л.Н.Делоне).
Эволюцияның экологиялық факторларын экспериментальды зерттеу.
20-30 жылдары эволюциялық экологтардың жұмыстарында тіршілік үшін күресті эволюцияның басты факторы ретінде қарастырған. Тіршілік үшін күрес эволюцияның факторы ретінде үш бағытта жүргізілген:
– экспериментальды;
математикалық экспериментальды;
далалық бақылаулар.
Дарвинизм эволюциялық генетикаға және экологияға сүйеніп, басқа да ғылымдармен-морфология, эмбриология, филогенетика, биоценология, палеонтология, сияқты ғылымдармен байланысын жан-жақты материалдармен толығып, теориялық негізін де байытты. 20-жылдары басталған дарвинизмнің экологиямен, генетикамен бірігу ауқымы 30-жылдардың ақырында жарияланған бірқатар жүйелі еңбектерде көрсетілген. Осы еңбектер эволюция ілімінің синтетикалық теориясын жасауға негіз болды. Синтетикалық теория экология мен генетикаға сүйеніп және морфология, эмбриология, филогенетика, биотехнология, палеонтология сияқты ғылымдармен толықтырылып эволюциялық дамуды жан-жақты қарастырып дәлелдейтін ілім. Ф.Г.Добжанскийдің 1937 жылы жарық көрген «Генетика және түрлердің тегі» деген еңбегі эволюциялық ілімнің синтетикалық теориясының негізін қалады. Эволюцияның синтетикалық теориясын жасауда И.И.Шмальгаузеннің еңбегі өте жоғары. Оның 1938 жылы «Организмнің жеке және тарихи дамудағы біртұтастығы», 1939 жылы жарық көрген «Эволюция факторы» деп аталатын еңбектерін атауға болады. Шмальгаузеннің бағалы еңбегінің бірі- тұрақтандырушы сұрыптау ілімін ашуы еді. Ол ағзалардың өзгергіштігімен бірге айтарлықтай тұрақты болатынын анықтады. «Тұрақтылықсыз өзгергіштік болмақ емес» деген анықтама эволюция әрекетінің жалпы диалектикасын түсіндірді. Ол статика мен динамиканың, тыныштық пен қозғалыстың арақатынасын көрсетеді. Шмальгаузен эволюция теориясының философиялық мәселелерін шеше білді. Эволюцияның синтетикалық теориясын жасауда Гекслидің 1942 жылы шыққан «Эволюция және осы заманғы синтез» деген кітабы да ерекшеленеді. Ол еңбегінде популяция генетикасы, экология, эмбриология,биогеография мәліметтерін талдай отырып тіршілік үшін күрес, бәсекелестік пен табиғи сұрыптау, бейімделу мен түр түзілу, географиялық өзгергіштік, прогрессиялы эволюцияның мәселелерін ашып бере алды. 1942 жылы шыққан Э.Майердің «Систематика және түрлердің шығу тегі» атты еңбегінде «жаңа систематиканың» морфологиялық, генетикалық, экология- географиялық түр критерийлерінің жинақтары көрсетілген. А.Н.Северцов филогенетикалық түрленудің көзі болып табылатын онтогенездің өзгеруі туралы ілімін жасады. Оның ілімі эволюциялық процестің бағытын, органдардың функционалды түрлену әдістерін де көрсетті. Аталған мәселелердің барлығын дарвиндік көзқарас тұрғысынан жасады. Бұл мәселе эволцияның синтетикалық теориясының өте маңызды тарауы болып табылады. 40- жылдардың басында Симпсон эволюциялық генетика мен экология мәліметтерін талдай отырып, эволюцияның жылдамдығы, түрі және оның даму заңдылықтары сияқты мәселелерді көтерді. Ол эволюцияның қарқыны мен түрін зерттегенде оның сипаты, мутация жиілігі, ұрпақтар интервалы, популяция көлемі, сұрыптау сияқты факторлармен байланысты зерттеді. Палеонтологияның эволюция теориясымен, генетикамен, экологиямен синтезі негізінде эволюция әрекетінің бағыттылығын анықтады.
Достарыңызбен бөлісу: |