Популяцияның негізгі критерилері мен құрылымы. Сан мөлшері – даралардың популяциядағы жалпы саны. Бұл көрсеткіш әр туыстың түрлері арасында өзгермелі болады. Мысалы, бунақденелілер мен балықтардың кейбір түрлерінде жүз мыңнан миллионға дейін даралар саны болады. Құстардың сирек кездесетін түрі – ақ тырнаның популяциясында 20-30 дарадан ғана кездеседі.
Популяцияның ареалы (тығыздығы) – даралар жиынтығының бірлесіп мекен аумақ жері, оның көлемі даралардың сан мөлшерімен және тіршілік әрекетінің белсенділігімен анықталынады.
Жыныстық құрылым – жыныстық жағынан жетілген аталықтар мен аналықтар арасындағы санның арақатынасы. Ол еркін шағылысатын (панмиксиялық) түрлерде едәуір біркелкі болады да, партеногенездік популяцияларда (бітелер, баларалар, дафниялар) аналық даралар саны артады.
Популяция жасының құрылымы - әр түрлі жастағы даралардың өзара қатынасы. Егер популяцияда жас даралардың саны артса, онда популяция өседі. Ал, ересектер саны көбейсе, жақын арада популяция кішіреюі не жойылуы мүмкін.
Генетикалық құрылымы - әр қашанда гетерогенді болады. С.С.Четвериков: кез келген популяциядағы даралар тіршілік барысында бірнеше ұрпақ бойы үздіксіз мутантты гендермен толығып отырады. Мутациялардың көпшілігі рецессивті жағдайда болады да байқала бермейді.
Тіршілік (популяциялық) толқыны – даралар санының өзгеруі. Бұл терминді С.С.Четвериков енгізді.