Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері


Оқшаулану- генетикалық айырмашылықтарды күшейтетін фактор



бет58/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   231
Байланысты:
ДӘРІС ЭВОЛЮЦИЯ 15 АПТААА

Оқшаулану- генетикалық айырмашылықтарды күшейтетін фактор. Популяцияның оқшаулануы генетикалық жабық жүйе. Бастапқы түрдiң  популяцияларының арасынан эклогиялық не физиологиялық жөнiнен оқшауланып бөлiнiп кеткен популяциялардан жаңа түрлер шығады. Осы оқшау қалған популяцияның не популяциялар тобының өкiлдерi сол түрдiң басқа өкiлдерiмен  шағылысуы  тоқталысымен  экологиялық  дивергенция  басталады. Бұл жаңа түрдiң түзiлуiне ғана соғуы мүмкiн. Мұнда олардың өз ара шағылысу қабiлетiнiң болмауы iшкi себептен бе (гаметаларының физиолого – генетикалық ерекшелiктерiнен) немесе сыртқы себептен бе (өсiп - өну кезеңiнiң  тұтаспауы), биология тұрғысынан мұның мәнi бар. Оқшаулану табиғатына қарай әр типті болып келеді.

Оқшаулану – тірі ағзалардың әр түрлі табиғи кедергілердің салдарынан еркін шағылыса алмай бөлініп қалуы.

Биологиялық оқшаулану – бұл жеке түрлердің шағылысуына кедергі жасайтын анатомиялық, физиологиялық, этологиялық себептердің пайда болуы.

Анатомиялық себеп – жыныс мүшелер құрылысының үйлеспеуі.

Физиологиялық себеп – көбею мерзімдеріндегі айырмашылық немесе тозаңдардың өну жылдамдығының әркелкілігі.

Этологиялық себеп – шағылысуға мүмкіндік бермейтін жыныстық мінез-қылықтық айырмашылық.



Географиялық оқшаулану – бір түр популяцияларының бір-бірінен өте алшақ територияларда орналасулары себепті олардың еркін араласуына  географиялық кедергілер мүмкіндік бермейді.

Экологиялық оқшаулану – бір аймақта тіршілік ететін бір түрдің популяциясын бөліп тастайтын мекен ету жағдайларының жиынтығы.

Гендердің ығуы (дрейфі) – саны аз оқшауланған популяциялардағы аллельдер жиілігінің кездейсоқ, бағытсыз өзгеруі.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет