Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері


Түр - эволюциялық әректтің негізгі кезеңі



бет76/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   231
19. Түр - эволюциялық әректтің негізгі кезеңі.

 

Түр  тұжырымдамасының тарихы. Түр  анықтамасы. Түр критерийлері. Түрдің құрылымы.

 

Түр тұжырымдамасының тарихы. Аристотель өз заманында «түр» деген терминді ұқсас жануарларды сипаттау үшін пайдалаған. Д. Рей 1986 мен К. Линейдің 1751-1762 еңбектерінен кейін-ақ түр биологияда негізгі түсінік ретінде қолдау тауып, жан-жақты пайдалана бастады. Алайда, түр эволюциялық  әрекеттің өзіндік сипаты бар негізгі кезеңі екені жайлы көзқарас бірден қалыптасқан жоқ. Өткен тарауларда айтылып кеткендей, түрдің тұрақтылығы, өзгермейтіні жөнінде алғашқы пайда болған креационистік идеялар кейін келе Ж.Бюффон бастаған түрдің өзгергіштігін қуаттайтын трансформизммен ұштасты. Ж.Б.Ламарк табиғаттағы кез келген өзгерістер түр түзілуге себеп болады  дей отырып, тіпті түрдің ақиқат барлығын жоққа шығарды. Ч. Дарвин табиғатта түрдің ақиқат барлығын растап, олардың үнемі өзгеріп отыратыны жөнінде пікір айтты. Бірақ Дарвиннің бұл айтылған дұрыс пікірі түр ішінде жүретін генетикалық әректтердің ғылыми мағлұматтарымен жеткілікті дәлелденбегендіктен, кейбір зерттеушілер түрдің бар екеніне күмәнданды.

ХХ ғасырдың басында түрдің морфологиялық  бір тұтастығы жайлы тұжырым өзгере бастады. Жаруарлар мен өсімдіктерді жіктеудегі негізгі бөлінбейтін бірлік географиялық нәсіл (түр тармағы) болып есептелді. Олай болса, түрді осындай көптеген географиялық  нәсілдердің тобы деп қарап, оны қос атпен атаудың орнына үш атпен атау ұйғарылды.



Түр туралы көзқарастардың қалыптасуындағы келесі маңызды кезең ХХ ғасырдың 30- жылдарында генетика ғылымының кең етек алып дамуымен тікелей байланысты болды. Ресейде. Академик Н.И.Вавилов АҚШ-та Дж.Клаузен бастаған дарынды генетиктердің жұмыстарының нәтижесінде түр енді күрделі генетикалық жүйе деп есептелді. Бір түрдің дараларына жалпы генофонд тән және олар оқшауланған күйде болуына байланысты басқа түрдің дараларыменараласу мүмкіндігі (гендердің алмасуы )жоқ. Бұл – түрдің биологиялық тұжырымы. Түрге –тіршілік ету және құрылыс ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі түр тармақтыры мен популияция топтары енеді. Ол топтың өкілдері өзара шағылысып, өсімтал ұрпақ қалдыра алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет