Линней тәрізді Ламарк та жүйелеумен шұғылданды. Ол линнейлік жүйені едәуір жетілдірді. Ламарк ең алғаш барлық жануарларды омыртқалыларға (жануарларға) және омыртқасыздарға жәндіктерді 10 класқа, сондай-ақ қосмекенділер мен жорғалаушылар класына жіктеді. Ламаркқа дейін жәндіктер (омыртқасыздар) - бунақденелілерге, ал бақалар тритондармен бірге және жыландар тасбақалармен бірге бір класқа жатқызылып жіктелді. Ламарк жүйелеуге жүйке және қантарату жүйелерін негіз еткен. Бұл Линней жүйесінен дұрысырақ ете түсті. Ламарк түрлерді осылай қатарластырып, тірі ағзалардың басқыш баспалдағы тәрізді бірінен-бірінің күрделене, жетіле түсетінін байқады. Біртіндеп көтерілу - градация - өрлеме- сатылау ұғымы осылай пайда болды.
Эволюция ұғымы, оның бағыттары
Биологиялық эволюцияның мынадай бірнеше анықтамалары бар:
Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.
Биологиялық жүйелердін; біртіндеп, азды-көпті бағытта жоғары сатыға көтерілу үдерісі.
Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек (жетілген) формаға баяу өзгерген үдерісі.
Тірі зерзаттардын, ұзақ мерзімінде жоғары сатыға көтерілу.
Прогресс критерийлері
оның кіші жүйелерінің саны артады,
жүйенің құрылымы күрделенеді,
жүйе элементтері арасында байланыс саны артады,
жүйенің жеке элементтері мен кіші жүйелері функцияларының жиынтығы артады