Метафизикалық кезең. Креацинизм көзқарастарының таралуы. Заманындағы осындай материалистік бағыттағы ой – пікірге қарсы метафизикалық көзқарастар қалыптаса бастады. ҮІ – ХІҮ ғасырлар аралығында Еуропа елдерінде «жаратылыстану» ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау заманы туды. Батыс Еуропада дамып келе жатқан феодалдық қоғам жағдайында шіркеу, ең алдымен католик шіркеуі ірі экономикалық және саясаттық күшке айналды. Шіркеу діни идеологияны насихаттап, қанауды жақтап феодалға бас июге шақырды. Табиғатты танудың орнына аруаққа табыну, кереметке сену уағыздалды, ғылымның орнына схоластика және діни кітаптарды мадақтады. Ғылыммен айналыспақ түгілі «табиғат жайлы» кітап оқығандарды да жазаға тартып, тірідей отқа өртеп, қорқытты. Шіркеу догматының шектен тыс уағыздалуы, озық ойлы ғалымдардың да қателесуімен жалғасып жатты.