Әз Наурыз, қош келдің!!! Мақсаты



бет1/3
Дата13.04.2023
өлшемі20,73 Kb.
#81985
  1   2   3
Байланысты:
22 НАУРЫЗ Нуржанар


Әз Наурыз, қош келдің!!!
Мақсаты :
Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау: қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейрімділікке тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық салт – дәстүрімен кеңірек таныстыру, әр түрлі ұлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту. 
Зал мерекеге орай безендірілген. Балалар музыка әуенімен кіріп келеді. 
Жүргізуші: 
Армысыздар, халайық!
Бармысыздар, халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық!
Мереке Наурыз жыл басы,
Наурыз тойы құтты болсын!
Дендеріңіз сау болсын!
Аман – есен болайық! – 
деп, бүгінгі Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Қымбатты ата- аналар, балалар, қонақтар, құрметті әріптестерім, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды. Наурыз – мұсылман қауымның ұлттық мейрамы. Наурыз – жыл басы. Наурыз-ұлыстың ұлы күні. Бұл күні ата – аналарымыз бен әжелеріміз үй – үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді. Ал, енді, «тойдыңкөркі - ән», - дейді халқымыз. Сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Әуен қосылып оқушылар ортаға кіреді.
1-топ
Нурлыхан, Әмира, Тайман, Айша, Аделя
Тақпақтарын айтады
Жүргізуші: Рахмет, жарайсыңдар, балалар! Ал, енді, балалар, айтыңдаршы, Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде бізге келіп отыр
Балалар: Көктемде
Жүргізуші: Дұрыс, көктемде Ал көктемді қалай сипаттауға болады.
Балалар: Күн жылынады. Жер көгере бастайды. Гүлдер өседі.
Жүргізуші: Иә, табиғат құлпырып, бізді бір әдемі әлемге алып барады, 
Шомылып нұрға атырап,
Ағаштар жайды жапырақ
Далаға бірден таралды,
Гүлдерден жұпар шашырап
Ән: Көктем келді
2-топ
Жанбота , Нұрахияд, Камила, Айжулдуз, Абай
-Балалар сендер қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?
Ал,ендеше кәзір бизге Ибраһимнің мамасы «Бесікке салу» рәсімін көрсетеді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет