3-топ Жеңіс, Жансая, Аружан,Ибраһим,Сулейман Ән: «Хош келдің,төрлет Наурызым»
4- топ Төрехан,Талғат,Меруерт,Жания,Нияз
Жүргізуші:Балалар сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
Балалар:Қыз қуу, арқан тарту, көкпар, асық ату, т.б...
Ойын ойнату «Арқан тарту» Балалар 2-ге бөлініп,арқан тартады.
Ойын: Қыз қуу Бір қыз бала атқа мінеді,екінші ұл бала екінші атқа мініп, қыз баланы ұстап алу керек,ойын осылай бірнеше рет басқа балалармен қайталаныды.
Ойын : «Қол күресу» Сұңғат Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Жүргізуші:Ал енді балалар кәзір бізге Айзере мен Алихан жұмбақ жасырады,жұмбақтың жауабын ойласып жауап берейік!
Аделя: Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды
Қонақтарды көңілдене жинайды
(Дастархан)
Төрт бұрышты,бір ауызды
(Сандық)
Жансая: Шыркөбелек айналар
Беліне жіп байланар
(Ұршық)
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас
(Таба нан)
Би: «Қара жорға» Балалар ортаға шығып «Қара жорға биін билейді.»
Жүргізуші: Құрметті балалар бүгінгі мерекеміз аяқталды. Сіздерге көп рахмет, уақыттарыңызды бөліп келіп отырғандарыңызға. Ал, енді шағын дастарханымызға отырайық.
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектеп
Қош келдің,әз Наурыз!
Сынып: 2 «В» сынып Мұғалім:Омарова М.Ж
2023оқу жылы
«Қош келдің, әз Наурыз!»
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.