Әзірбайжан әдебиеті Әзірбайжан ақыны әрі ойшылы Низами Гәнжауи 1141 жылдар шамасында туған. Еңбектерін парсы тілінде жазған. Жас кезінде лирикалық өлеңдер жазған. Низами 1173 жылы Аппақ атты қыпшақ қызына үйленіп, көп өлеңдерін соған арнаған. Низами Гәнжауи Низами Гәнжауиді әлемге танытқан, дүние жүзі тарихында өшпес із қалдырған шығармасы «Хамса» («Бестік») «Хамса» «Сырлар қазынасы»
«Хұсрау –Шырын»
«Ләйлі –Мәжнүн»
«Жеті ару»
«Ескендірнаме»
дидактикалық-философиялық поэма. Ақын онда өкімет басшыларын әділ болуға, қармағындағы халқына қамқорлық жасауға шақырады. Поэма діни сарында жазылғанымен негізінен гуманистік мақсатты көздейді.
«Сырлар қазынасы»
Хұсрау Шахтың Шырын сұлуға деген махаббаты суреттелген. Шығармада басты кейіпкер ретінде Шах емес, әйел бейнесі алынған. Автор Шырынды ғажайып қасиет иесі етіп көрсетеді. Поэмада ерлік пен адамгершілік үлгісі ретінде Фаррүад суреттелген.
«Хұсрау –Шырын»
поэма екі араб аңызының сюжеті негізінде жазылған.
«Ләйлі –Мәжнүн»
Бахрам Гоур шах жөніндегі аңызға негізделген. Поэма Бахрам Гурдің жеңіл мінезді Шахзададан біртіндеп ақылды да әділ патшаға айналуы, жолсыздық пен зұлымдыққа қарсы күресі суреттеледі. Автор халықтың ауыр тұрмысын, қайғылы халін көрсетумен бірге сарай маңындағылардың қорқаулығы мен зұлымдығын әшкерелейді.
«Жеті ару»
Ескендірді данышпан, әділетті патша ретінде бейнелеген. Ақын бұл дастанында заман туралы, тарих жайлы өзінің философиялық түйіндеулерін жасайды.
«Ескендірнаме» «Ескендірнаме»
«Шарапнаме»
«Ықыласнаме»
Низами шығармалары қазақ еліне көптен мәлім. Оның дастандары ерте кездің өзінде-ақ қазақ арасына ауызша және жазбаша түрінде кеңінен таралған. Низами Гәнжауи негізінде Абай ''Ескендір'' атты поэма жазып, ұлы ақынның идеяларын одан әрі дамыта түсті. Совет өкіметі жылдарында Низами творчествосы Қазақстанға кеңінен тарады. Оның ''Ләйлі-Мәжнүн'' дастаны қазақ елінде бірнеше кітап болып басылды. Ақын шығармасы жөнінде қазақ ғалымдары М. Әуезов, Е. Исмайлов, А. Нұрқатов т. б. мақалалар жазды.
Ол өз шығармаларында тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік деп есептеді. Адамгершілік – ақыл мен еңбек тәрбиесінің жемісі мен нәтижесі деп уағыздады. Жастар махаббатын жырлау арқылы адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің негізін салды.
Ғұлама Низами адамды жетілдірудегі тәрбиенің рөліне ерекше мән берді. Олар ең алдымен өз кездеріндегі ресми педагогикада - айналадағы өзіндік болып жатқан ағартушылық, тәрбие мен оқу процесінің көріністеріндегі орын алып келген баланың дами отыра, жетіле алатын мүмкіндіктеріне сенбестік туғызатын көзқарастарға қарсы шықты.
«Тәрбиенің әсерімен адам Сократтай терең ойлы, ізгі жан, Фирдауси мен Низамидей тәрбиенің тегін терең түсінген ғұлама, тәрбиенің күшімен «Ләйлі мен Мәжнүн» мен «Шахнамадай» ұлы шығарма туғызған ірі тұлғалар туады»
В. Т. Белинский Низамидің «Ләйлі мен Мәжнүндегі» жеке адамдар-дың бас бостандығы, әсіресе әйел теңдігімен оның бостандығы, жастардың арасындағы арақатынастық пен махаббат тақырыбы – бүгінгі адамгершілік, ақыл-ой, еңбек пен еңбек тәрбисінің бастауы болып табылады.
Низами мұраларын ғасырдан ғасырға дейін жалғастырып, біздің дәуірімізге дейін алып келген Жүсіп Баласағұн, Ахмед Яссауи, Әлішер Науаи, Омар Хаям, әл Бозажани, әл Бируни, әт Туси, Мақтымқұлы, әбу Бәкір ән Наршах т. б. болды.
Қазақ жеріне таратқан, тұңғыш таныстырған Абай мен Абай мұрасын зерттеушілер болды. Мұхтар Әуезов 1926 жылы жазған «Қаракөз» пьесасын «Ләйлі Мәжнүн» негізінде жазған. Демек, Низами туындыларының ауқымы кең бұлар Кавказ бен Азиядан басталып бүкіл Қиыр Шығыс елдерін қамтыған мол мұра.