Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Ы. Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары



бет15/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   114
2. Ы. Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары.
Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор ұлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889) болды.
Тарихи даму деңгейі феодалдық-рулық сатыны сақтаған қазақ қоғамын мейлінше жетік білетін ол: «Осы дарынды, ақыл иесі мол халыққа қазір, кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына тұсетін дұрыс бағыт беру, қалай дегенмен, аса қажет болып отыр»-деп қазақтардың неге мұқтаж болып отырғанын дәл тауып жазды. Ыбырай Алтынсарин осы міндеттерді дұрыс шешу арқылы ғана қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына қосылатынына кәміл сенді. Осымен байланысты қазақтарға білім беруді қолға алатын маңызды шаралардың біріне, дамудың негізгі құралына балады. Білімсіздіктің етек алуынан қазақ қоғамын надандық жайлап отырғанын айта келіп, жұртты білім алуға шақырды. Сондықтан да ол өзінің жиырма бес жылдық өмірін жеткіншектерге білім беруге арнады.
Ы.Алтынсарин жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады, қазақ балаларына арнап оқулықтар, оқу құралдарын және әдістемелік кітаптар жазды. Ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауылшаруашылық және қолөнер училищелерін аштырды. Өйткені Ы.Алтынсарин қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім-ғылыммен байланыстырған. Сондықтан да ол: “Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық ұмітіміз – қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде ғана” деп жазған болатын.
Ы. Алтынсарин қазақ балаларына арнап мектеп ашумен бірге, онда қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда, мұғалімдерге аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты тұлға – мұғалім деп есептеген. Мектептің материалдық техникалық базасы мықты болғанымен, бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы, деп есептеген. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы ұкімет бұйрықтары да, әбден мұқият жұргізілген инспектор бақылауы да жақсы оқытушыға тең келе алмайды. Мектепте оқушының бойында қоғамда керекті тұлғалық сапаларды негізінен қалыптастыратын, тиянақты білім беретін тек жақсы оқытушы ғана қызмет істеу керек деген қорытынды жасайды. Ы.Алтынсарин осы идеяларын жүзеге асыру үшін тынбай еңбек етті. Оның ұсынысы бойынша Ор қаласында мұғалімдер даярлайтын тұңғыш мектеп ашылды. Ұлы ағартушы қазақ жастарына кәсіптік білім беретін, қолөнер, ауылшаруашылығы училищелерін ашуды қолға алып, оны бітірген мамандар қазақ халқының экономикалық өркендеуіне зор ұлес қосады деген сенімде болды. Соның негізінде Торғайда қолөнер училищесін іске қосты.
Қазақ қоғамында ертерек қалыптасқан әдет-ғұрыптар көптеп саналады. Ы.Алтынсарин олардың адамдар арасындағы байланыс пен қарым-қатынастарын нығайтудағы рөлін зерттеп, оның нормалық маңызын ашып көрсетеді. Ол әсіресе қазақтардың құда болу салтына ерекше мән беріп, одан қоғамды нығайтудың бірден-бір маңызды факторын байқады.
Ы.Алтынсарин әлеуметтану тұрғысынан қарастырған мәселелері, оның нәтижелері әлемдік әлеуметтану үшін аса маңызды. Ыбырайдың замандасы ұлы ойшыл Абайдың қазақ қоғамы туралы пайымдауларының да маңызы зор болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет