Ш.Ш.Уалихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары Ш.Уалихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, «Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы», «Сот реформасы жайлы жазбалар», «Баянауыл округы туралы», «Өлкенің ұкімет басқару жүйесі мен саяси жағдайы», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т.б. шығармаларында қазақ қоғамындағы көкейтесті әлеуметтік мәселелер зерттеледі.
Қазақтардың өмір сүрген патриярхалды-феодалдық қоғамы барлық халықтардың басынан өткізген эволюциялық даму жолы екенін атап көрсетеді. Қазақ қоғамының эволюциялық дамуы өзге елдердегі сияқты елді өркендеудің биік сатысына көтереді деп түсіндірді. Оның әлеуметтік-экономикалық негіздері бар екенін дәлелдеді. Ол Ресей державасының «құрамына еніп отырған барлық бұратана тайпалардың ішінде халқының санының көптігінен, байлығы жөнінен біз бірінші орын аламыз. Меніңше, алдағы өркендеу де біздің-қазақтардың ұлесіне тиеді»,-деген қортындыға келеді.
Егерде қоғам мұқтаждығы мен құралдары белгілі болса, қоғамның әл-ауқатын жақсарту мақсатын көздеген кез-келген реформа алға қойған мақсатына сол уақытта ғана жетеді.
Басқаша сөзбен айтқанда, реформаны жемісті жұргізу үшін өзгерістердің ішкі қайнар көздерін көре білу қажет болды. Сонымен қатар Шоқан қоғамындағы өзгерістерді жасау қажеттілігі қоғамның даму деңгейінен және бұқара халықтың өмір салтына туындауы тиіс деп тұйді. Ал бұның өзі дифференциялау принципі тұрғысынан қаралу керек. Қазақ қоғамында жұргізілетін реформалардың ішінде адамның тұрмысын жақсартуға ықпал ететін реформа ғана пайдалы, ал бұл мақсатқа жетуге кедергі келтіретін реформа “зиянды”. Сондықтан ол бұл мақсатқа жете алмайтын кез-келген реформатролықты жоққа шығарды. Қазақ еліне қоғамдық өмірдің “экономикалық және әлеуметтік” жақтарын қамтитын реформа қажет деп санады. Ш. Уалихановтың тұжырымдауынша, қоғамда жасалатын бетбұрыстардың халыққа ұнамдысы, пайдалысы экономикалық және әлеуметтік реформа, олар “халықтың маңызды мұқтаждарына тікелей қатысы бар реформа деп саналады, ал саяси реформалар қажетті экономикалық реформаларды іске асырудың құралы ретінде қолданылуы тиіс, өйткені жеке алынған әрбір адам және барлық адамзат ұжымдаса отырып өзінің дамуына бір ғана тұпкі мақсатқа - өзінің материалдық әл-ауқатын оңалтуға ұмтылады және осының өзі прогресс болып саналады”.
Реформалардың сәтті жүзеге асуын Шоқан олардың дұрыстығымен байланыстырып қарастырады. Олар прогресс заңдарына негізделсе ғана дұрыс болады. Оның пікірі бойынша, дәл осындай жағдайда ғана қоғамдық организмнің дамуы дұрыс, орынды жұреді. Осыдан келіп халықтар: өзін-өзі дамыту, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі басқару және өзін-өзі жазғыру іспетті саяси прерогативтерді жүзеге асыруы тиіс.
Шоқан өз еңбектерінде таптар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мотивін зерттеп, соның негізінде адамдардың қоғамда иеленетін статусының анықталатынын және топтар арасындағы әлеуметтік шиеленістердің пайда болуының негізгі себептерін көрсете білді.
Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің өршуін қазақтардың өз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайының кұрт құлдырауынан, керісінше, орыс казактарының қазақтардан тартып алынған құнарлы жерлерге орналасуын, олардың тұрмыстық жағдайларының тез көтерілуінен деп есептейді. “Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы” деген мақаласында Шоқан: “Қазақтар ұлан-байтақ жер кеңістігін иеленгенімен, қазіргі уақытта тек оның шамалы ғана бөлігін пайдаланып отырса да жерге әрдайым зәру”, - деп құнарлы жерлерден айырыла бастағанын жазады. Жерді ұлтаралық қарым-қатынастағы негізгі мәселе етіп қояды.
Ресей әлемдік сот тәжірибесін қабылдап, оны шеткі аймақтарға, соның ішінде қазақ еліне таратпақшы болды. Шоқан патша ұкіметінің осы әрекетіне қарсы шығып, оның негізсіздігін сынға алды. Оның пікірінше, “рулық тұрмыс пен рулық қатынастар ұстем етіп тұрған шақта, халықтың бұрынғы өмірінен туындап, оның даму жолдарынан және елінің ерекшеліктерінің ықпалынан қалыптасқан қазіргі әрекет етуші билер соты қазақтардың дамуын барынша қанағаттандырады”.
Билер институты – қазақ қоғамындағы ерекше құбылыс. Оларды ешкім сайламайтын және тағайындамайтын. Ш. Уалиханов талантымен көпшіліктің көзіне тұсіп, сыннан сүрінбегені ғана осы құрметті би атағына ие болатынын айтып келіп, патша өкіметінің қазақтың билер институтын жоюға ұстаған бағытының жөнсіз екенін сынайды. Билер институты ғасырлар бойы жетілдірілді. Соның негізінде қара қылды қақ жарып әділ де өткір шешім айтатын әйгілі билер шықты. Шоқан мұндай билердің би атағы балаларына мұрагерлікпен беріліп, әке жолын қуушылар да болғанын жазады. Орта жұздің қаракесек руынан шыққан әйгілі Қазыбек бидің құрметті би атағын Бекболат, Тіленші, Алшынбай сынды ұш ұрпағы жалғастырған. Әрине, бұған қарап би болу бірыңғай тұқым қуалайтын мұрагерлік құбылыс екен деген ой тумауы керек. Өзінің талантымен халық ішінен шыққан Шорман 13 жасында, Есет Көтібарұлы 20 жасында халықты аузына қаратқан би атанған. Жоғарыда аталған объективтік себептер билер сотының қазақ қоғамында одан әрі өз функцияларын атқаруға тиістігін тұжырымдайды.
Билер сотының сақталуын Шоқан халықтың өзін-өзі басқаруының маңызды буыны деп қарай отырып, патша өкіметі CIC ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың мұддесіне сәйкестендірілген өлкені басқару жүйесін орнатады деп кұткен еді. Алайда, оның ұміті орындалмады. Шоқанның әлеуметтанулық көзқарастары О.Конт, Г.Спенсер, т.б. Батыс әлеуметтанушыларының ой-пікірлерімен ұқсас. Шоқан олардың тұжырымдамаларының төңірегінде қалып қоймады. Қоғамның кейбір әлеуметтік мәселелері жөнінде олардан ілгері кетті. Сондықтан да Шоқанның әлеуметтану саласындағы пайымдаулары қоғамдық ғылымдарға қосылған зор ұлес.
Шоқан сияқты қазақ қоғамына назар аударып, оны тұңғыш зерттегендердің бірі Ы. Алтынсарин болды.