Постиндустриалдық қоғам – қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д.Белл Д.Рисман, З. Бжезинский, А.Тоффлер, Дж. Гэлбрейт. Постиндустриалдық қоғам термині АҚШ-та 20 ғ.50-60ж. Ғылыми айналымға еніп, 60-жылдарың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмүұнға ие болды. оның айрықша белгілері: шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс құралдарының, ғылым, білім беру, мәдениет салаларының дамуы. 70-80ж постиндустриалдық қоғам тұжырымдамасы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың әлеуметке ықпалын сипаттауға тиіс футурологиялық () және социологиялық теория ретінде дамыды. Америкалық социолог Д.Белл постиндустриалды қоғамды анықтайтын келесі факторларды атап көрсетті:
Өндірістегі өзгерістің негізіне айналатын теориялық бәләмнәі орталықтандырылуы
Экономикалық, инженерлік, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жаңа интеллектуалдық технологияныңпайда болуы
Білім, ақпараттаратушы әлеуметтік топтың қалыптасуы
Билік қатынастарыныңөзгеруі: индустриалдық қоғамда
Аристократия, индустриалдық қоғамда
Демократия, постиндустриалдық қоғам
Меритократия,постиндустриалдық қоғам қала тұрғындары 70-85%-ға жеткенде басталады.
Онда аграрлық және индустриалдық тәршәләк екінші кезекке өтеді. Ескі индустриализмнің орнына үстеме, еселі индустриализмніңкелуі жаңа жаппай тұтыну мәдениетін өмірге әкеледі. Постиндустриалды қоғамның негізіг жетістігі – демократиялық процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсарып тұрмыс деңгейінің өсуі. Алайда постиндустриалды қоғамда ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді сақтау аса қиын болмақ. Бұл қоғамда барлық тауқыметтер өзінен-өзі шешіледі деген болжам негізсіз. Белл постиндустриалды қоғамның қалыптасуын компьютер негізіг рөл атқаратын ақпарат пен білім саласындағы революциямен байланыстырады. Оның пікірінше, компьютер технологиялық революцияның символы әрі материалдық тасымалдаушысы, компьютер қоғамды түбегейлі өзгеріске әкеледі. Сөйтіп, жаңа қоғамда ақпарат және оны пайдалану мен тарату үшін техникаылық базаны қамтамасыз ететін электронды құралдар негізіг рөл атқарады мақаласы осыған орай постиндустриалды қоғам ұғымымен үндес «ақпараттық қоғам» термині кеңінен қолданыс тапты.
Қоғам бір орында тұрмайды ол не дамымайды, не кері кетеді, оған тарих куә. Әлеуметтанушылар қоғам дамуының екі бағыты мен үш негізгі формасын ерекшелеп көрсетеді. Алдымен прогресс пен регресс бағыттарының мәнін ашайық.