Тұрақтылығына қарай бақылау жүйелі және кездейсоқ болып бөлінеді.Жүйелі бакылауда, айталық, айдың әр кұніндегі қимыл-әрекет құыпты түрде кұнделікке тұсіріліп отырады, кездейсоқ бақылауда ақпарат жоспарсыз жұргізіледі.
Бақылаушының қолданатын әдісіне орай бақылауды іштен және сырттан бақылау деп те ажыратады. Бұлардың біріншісінде зерттеуші әлеуметтік ортаға енеді, соған бейімделеді, сөйтіп оқиғаны іштен талдайтын болады, соның негізінде объектінің сырт көзге тұсе бермейтін көптеген құпияларын білуге, ерекше ақпарат алуға мүмкіндік жасалады. Екінші жағдайда зерттеуші топтың арасына мүше болып енбейді, бақылау топтың сыртынан жұргізіледі. Сондықтан да бұдан алынған ақпарат тұсті, жеңіл-желпі болып шығады.
4-ші лекцияға арналған бақылау сүрақтары: 1.Ақпар жинаудың негізгі әдістері: Формалданған сүрау және оның түрлері, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар, бақылау, эксперимент, құжаттарды талдау және т.б.
2.Іріктеу әдісі және оның негізгі түсініктері (жалпы және іріктемілік жиынтық, репрезентативтілік және т.б.).
3.Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.
4.Ақпаратты өңдеудің техникалық құралдарын қолдану мен талдау. Алған мәліметтерді ғылыми суреттеу және ғылыми есепті қорытындылармен, кеңестермен, ұсыныстармен құрастыру.
5.Алынған мәліметтердің дәлдігі мәселелері.
6. Нақты (эмпирикалық) әлеуметтанулық зерттеу түсінігі. Әлеуметтік ақпарат және оның түрлері.
7.Зерттеу бағдарламасының құрылымы.
8. Бағдарламаның әдістемелік бөлімі.
9.Зерттеудің пәні мен объектісін және мәселені анықтау. Зерттеудің объектісіне талап.
10. Болжам бойынша мәліметтерді талдау әдісін суреттеу.
Негізгі әдебиеттер:
1. Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2004., 2007ж.
2.Әлемдік әлеуметтану антлогиясы. Алматы. Қазақстан. 10 томдық. 2006ж.
3.Икенов А.И. Әлеуметтану негіздері. Алматы. Экономика. 2004ж.
4.Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.
5.Ғабдуллина Қ. Құқық әлеуметтануы. Алматы. 2005ж.
6.Рахметов К.Ж., Болатова А.Н. Социология. Алматы. 2005ж.
7.Оданова Р.К. Жалпы әлеуметтану. Лекциялар курсы. Шымкент. 2004ж.
8.Айбеков Б.Ө., Абенов К.К. Әлеуметтану. Оқу құралы. Шымкент. 2003ж.
9.Смелзер Н. Социология. М., 1994. Гл. 9.