Қазақстан Республикасы - зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде. Елімізді қазір дүние жүзінің 120 мемлекеті таныды, олдар-ың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 29 елшілік ашылып, Алматыда 40 елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардын 16 өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен езара тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда.
Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, өткен тақырыпта айтылғандай, қыруар қазба байлықтарымыз. Тұтас алғанда жыл сайын Қазақстанда 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Республикамыз астық өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етіп қана қоймай, біраз бөлегін әлемдік нарыққа экспортқа шығаруға мүмкіншілігі бар. ТМД елдерінің қой шаруашылығының 25%-і қазақ даласында өсіріледі. Мұның бәрі шетелдерді қызықтырмай қоймайды. Оған қоса республикамыздың демократияландыруға, экономиканы нарықтық жолмен реформалауға алған бағыты да себеп болуда. Сонымен қатар бұрынғы Кеңес империясының ыдырауының нәтижесінде мүлдем жаңа географиялық саяси жағдай пайда болды. Қазіргі Қазақстан жері Еуропаны Азия-Тынық мұхит аймағымен байланыстыратын сыртқы саяси жән стратегиялық тиімді кеңістікті алып жатыр. Бұл байланыстырушы буын мүмкіндігі де Республикамызға септігін тигізуге тиіс.
Біздің географиялық жағдайымыздың тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы, қатынас жолдарынан қашықта орналасуымыз. Мұның бәрі халықаралық экономикалық байланыстарға қатынасуымызды қиындата түседі және сыртқы саясатты құруға да әсерін тигізуде. Сондықтан көршілес мемлекеттермен, оның ішінде ең алдымен Ресеймен өзара қатынастардың болуының мәні зор. Бұл ел, біріншіден, Батыспен қатынас жолының қақпасы болып тұр. Екіншіден, республикамызда тұратын орыстардың саны көп. Үшіншіден, Ресейде де бірталай қазақтар тұрады. Төртіншіден, Петр Біріншіден бастап Ресей Қазақстанға Азия елдерінің кілті мен қақпасы ретінде қараған. Екі елдің арақатынасы дұрыс болса, ел де тыныш болады. Сондықтан 1992 жылғы 25 мамырда Н. Ә. Назарбаев пен Б. Н. Ельцин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды. Онда мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, даулы мәселелерді бейбіт жолмен реттеу және күш қолданбау, ішкі істерге араласпау және т.б. карастырылды. "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың реті туралы" келісімге қол қойды. Ресей Федерациясы "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасына жылына 115 мың АҚШ доллары көлемінде жалға алу ақысын төлеп отырады. Ол 20 жылға жалға берілді, екі жақ өзара келіскенде жалға алу мерзімі содан кейінгі 10 жылға ұзартылады. Екі ел арасында әскери-саяси, мәдени-гуманитарлық салаларда шарттарға қол қойылды. 1998 жылдың 12 қазанында Ресей Федерациясымен Қазақстан және Ресей арасындағы шекараны делимитациялау туралы хаттамаға қол қойылды. Мұның бәрі екі ел арасындағы қарым-қатынас-тың ербіп келе жатқанын керсетеді.
Қазакстанның Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықта, шекара бойындағы аудандарда еркін сауда аймақтарын ашу мәселелері жөнінде айтарлықтай жылжу бар. Қытай Қазақстанға қарсы ядролық қаруды қолданбауға, күш жұмсамауға немесе күшпен қорқытпауға, егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтеуге міндеттенді. Өз кезегінде, Қазақстан ҚХР-дың аумақтық тұтастығына қатысты осындай міндеттемелерді мойнына алды. 1994 жылғы сәуір айында Алматыда Қазақстан мен ҚХР арасындағы мемлекеттік шекараның өтуі туралы Шартқа қол қойылды. Бұл құжаттың маңызы ете зор екендігі айтпаса да түсінікті. 1997 ж. батыс Қазақстаннан батыс Қытайғы және Иранға мұнай құбырын тарту туралы келісімге қол қойылды. 2010 ж. қарай Қытай бізден жыл сайын 200-210 млн. тонна мұнай сатып алмақ.
Өмір бойы көршілес болып, шаруашылығымыз, мәдениетіміз тығыз байланысып, араласқан Орта Азия елдерімен біздің ортақ мүдделеріміз көп. Әлбетте, олармен ізгі қатынастарға алдыңғы қатарлы орын берілді. Тегі бір, тарихы тамырлас, рухани бауырлас Түркиямен екі арада өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, мәдени байлықтармен алмасуға деген екі жақты ұмтылыс бар. Сол сияқты Иран елімен де достық, ынтымақтастық қатынастар дамып, бекіп келеді. Екі ел Каспий теңізін Қазақстанды Солтүстік Иранмен және Парсы шығанағымен байланыстыратын көлік артериясына айналдыру туралы уағдаласты.
Біз Азия құрлығында өмір сүріп отырмыз. Мұндағы еддердің экономикалық қоғамдык құрылымы сан алуан. Сондықтан бұл аймақ үшін өзара тиімді іс-қимыл және сенім мен қауіпсіздікті сақтаудың маңызы зор. Аймақ мемлекеттерінің экономикалық, экологиялық және т.б. бірлесе отыра шешетін ортақ мәселелері бар. Соның бәрін ескере отырып, республикамыздың Президенті Н. Ә. Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес сияқты Азия аймағында да қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың құрылымдарын құру идеясын БҰҰ Ассамблеясының 47-сессиясында, Брюссельде НАТО елшілерімен кездесу кезінде және т.б. жоғары мәжілістерде ұсынды.
Таяу Шығыс аймағындағы негізгі мемлекеттер Египет, Сирия, Сауд Арабиясы, Оман және Израильмен саяси және іскер байланыстар орнатылуда. Сондай-ақ Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың белді, жетекші елдерімен де жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту көзделіп отыр.
Қазіргі жағдайда қай ел болмасын нарықтық жүйенің орталығы болып отырған, дүниежүзілік саяси істерде ролдері орасан зор Америка Құрама Штаттары, Батыс Еуропа және Жапониямен байланыстарды бекітіп, іс-қимылдарды үйлестірудің орны ерекше екендігі айтпаса датүсінікті. Дегенмен, бұл карым-қатынастар біздің түпкідікті мүдделерімізге нұқсан келтірмегені жөн.
Бұрынғы Кеңестер Одағының ыдырауына, Ресейдің ортақ ақша, экономика аумағынан ығыстыруына байланысты Орта Азия елдері өздерімен тамырлас Орта және Таяу Шығыс мұсылман елдерімен қарым-қатынастарын кеңейтуде. Ал мұны кейбіреулер пантюркизм, панисламизм қайтадан бас көтеріп келе жатыр деп байбалам салмақ. Бұл дұрыстыққа жатпайды. Себебі, бұрынғы коммунистік идеяның устемдік етіп тұрған кезінде Шығыс мәдениеті шеттетіліп, олармен жөнді байланыс болмады. Енді ол құрсаудан құтылған соң ислам мәдениетінің рухани негіздеріне деген халықтардың табиғи ұмтылыстарын түсінуге болады. Оның үстіне, ислам дүниесі зор ресурстардың иесі екендігін, оның халықаралық саясатта өзіндік орны бар екендігін де ескеру керек. Қазақстан болса бұл бауырлас елдермен қатынасын халықаралық құқықтық жалпыға бірдей ережелердің негізіңде өзара тиімді, еліміздің экономикасы мен бүкіл халқының әл-ауқатын көтеру тұрғысында құрады.
Республиканың сыртқы саясатына экономикалық байланыстарды нығайтып, дамыту да кіреді. Бүгінде республикада 200-ге жуық шетел фирмаларының, банкілерінің, өзге ұйымдарының өкілдері бар. Қазақстан қазір әлемнің 80-нен астам еліне өнімдер шығарады. Тауар айналымының Қытайға 22%, Германияға— 13,6%, Ұлыбританияға — 11,6%, Швейцарияға— 11%, Нидер-ландыға — 4,7%, Австрияға — 2,5% келеді. Елімізде 2000-нан астам бірлескен кәсіпорындар тіркелген. Біздің серіктестеріміздін ішінде дүние жүзіне белгілі "Шеврон", "Эльф Акитан", "Бритши Гэз", "Мобил", "Токсако", "Амоко", "Аджип" мұнай, газ өндіретін компаниялары және басқалары бар. Мұндай байланыстар алдағы уақытта да арта түспек.
Сыртқы саясат экология мен айналадағы ортаны қорғау мәселелерімен де астасып жатыр. Бұл орайда, алдыңғы қатарда Қазақстанның екі қасіреті тұр. Біріншісі - тартылып бара жатқан Арал теңізі. Оның бассейнінің шөлге айналуы аймақтағы экологияның күрт нашарлауына әкеліп соғып отыр. 150 млн. тонна тұзды шаң-тозаң аспанға көтерілуде. Ол айналасында тұратын 3 миллионнан астам адамның денсаулығы мен экономикасына теріс зардаптарын тигізуде. Бұл қасірет қазір сол адамдарға ғана зардаптарын тигізсе, ертен ол талай-талай миллиондаған адамдарға қайғы болып шығуы мүмкін. Сондықтан бұл өңірді дүниежүзілік көлемдегі экологиялык апат аймағы деп түсініп, оған шұғыл әрі көлемді халықаралық көмек көрсетпесе болмайды.
Екінші экологиялық касіретіміз Семейдегі ядролық полигон. Мұнда 1949-1963 жылдары атом және сутегі бомбаларының жарылыстары жер беті мен атмосферада еткізілген. 1963-1983 жылдары жер астында жүргізілген. Онда өткізілген 752 жарылыстын 26-сы атмосферада, 78-і жер бетінде, қалғаны жер астында жүргізілді. Ал олардың қуаты Хиросима мен Нагасакидегі қасіреттің көзі болған қондырғылардың қуатынан жүздеген есе көп. Жарылыс зардаптарынан жарты миллионнан астам адам жапа шекті.
Сыртқы саясатпен тікелей байланысты әскери саясат. Бұл саладағы негізгі мақсат - Қазақстан жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғай алатын, соған сай жарақталған, шағын да икемді армияны ұстау. Республика стратегиялық шабуыл қаруын қысқартуды жақтайды, жаппай қырып-жоятын қарудың басқа түрлеріне тыйым салуға бағытталған бастамаларды дұрыс деп табады.
Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:
мемлекеттік мүддені қорғау;
елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;
әлемдегі барлық елдермен теңқұқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;
ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу;
халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты терендету.
Сайып келгенде, Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болып еніп отыр. Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен, көршілермен тең дәрежелі достық қатынас орнатпақ. Сонымен қатар республикамыздың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейтесті мәселелері - қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құқықтары, айналадағы ортаны қорғау, дамыту және т.б. Республикамыз дәйекті сыртқы саясат жүргізіп, ішкі әл-ахуалымызды жақсартып, болашақта өркениетті, құқықтық қоғам орнатуына сеніміміз мол.