Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Саяси конфликтілердің алдын алу, реттеу және шешу



бет93/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   114
2.Саяси конфликтілердің алдын алу, реттеу және шешу.
Саяси конфликт құрылымы. Саяси конфликтілердің жіктелуі мен қызметтері.
Шиеленістің өзінің теориялық негізін XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтану ғылымында алды. Бұл кезеңдегі әлеуметтану ғылымы биология ықпалында болды, сондықтан шиеленісті дарвиннің теориясы негізінде түсіндірді. Кейінен әлеуметтануда психологиялық бағыт қалыптасты, сейтіп шиеленіске әлеуметтік- психологиялык көзқарас таратылды. Одан кейін әлеуметтануға функционализм күшті ықпал етті, ол шиеленісті жағымсыз рөл атқарады деп, оны зерттеуді соңғы орынға шығарды.
Сөйтіп шиеленісті зерттеудің мынадай төрт концепциясы қалыптасты:

  1. «Шиеленістің жағымды-функционалды» концепциясы/Л.Козер/;

  2. «Қоғамның шиеленістік моделі» концепциясы /Р.Дарендорф/;

  3. «Шиеленістің жалпы теориясы» концепциясы /К.Боулдинг/;

  4. «Шиеленістің маркстік теориясы» /К.Маркс,Ф.Энгельс/.



Л.Козер шиленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, каржы-қаражат үшін күрестерді жатқызды. Л.Козер концепциясының мәні- қоғамға әлеуметтік теңсіздік, мәңгілік психологиялық қанағаттанбаушылық тән, сондыктан индивид пен топтар арасында қайшылық, сезімдік - көңіл күйінің тұрақсыздығы пайда болады, олардың қарым-қатынасы бұзылады. Сондықтан Л.Козер әлеуметтік шиеленіске белгілі әлеуметтік пен индивид сезімдерінің қайшылығын жатқызады.
Неміс әлеуметтанушысы Р.Дарендорф «коғамның шиеленістік моделі» атты теорияны қалыптастырды. Ол «Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер» деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады, олар шиеленіске әкеліп, коғамның кұрылымын өзгертеді деп санады. Бүл өзгерістерді шиеленістер еөдері-ақ жүзеге асырады, сондықтан К.Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол бермеу керек деп есептеді. Сонымен бірге жаншылған шиеленістер коғам организміндегі қатерлі ісікке айналады деп жазады.
Қоғам өмірінің ішкі және халықаралық жағдайына да қолдануға қолайлысы К.Боулдингтің «шиеленістің жалпы теориясы» концепциясы болып табылады. Бұл теория оның «Шиеленіс және қорғау. Жалпы теория» деген кітабында қалыптасқан. Оның пікірі бойынша шиеленіс қоғамдық өмірден ажыратылмайды. Әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыпты реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылыктарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның нәтижесінде қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске түседі деп санаған. Сонымен бірге, К.Боулдинг шиеленістің алдын-алу керек немесе шектеп отыру керек деп есептеген.
Саяси шиеленістерге ерекше көп көңіл бөлген марксизм. К.Маркс пен Ф.Энгельс «Коммунистік партияның манифесі» атты еңбектерінде тап күресі таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы деп жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет